Ғылыми жоба



Дата20.12.2022
өлшемі41,29 Kb.
#58432

Қазақ халқының ұлт азаттық көтерелістерінің тарихи маңызы.
Ұлт азаттық көтеріліс – ел шежіресіндегі елеулі өзгерістерді тудырған қозғалыстардың бірі. Мұндағы басты мақсат - ұлттың мүддесі, азаттығы мен дербестігі үшін күрес. Отаршылдық санадан алшақтап, Ресей дәуірін қай жағынан болмасын дүр сілкінтті. Ірі тарихи тұлғаларымыздың жетекшілік етуімен сипатталатын қозғалыстың екпіні де бәсең болмаған.
Тарихымыздағы 1916 жылғы қозғалыс, Ресей Федерациясының отаршылдығына қарсы жүргізілді. Көтеріліс, дүниежүзілік соғыстың қайнап тұрған шағына тұспа-тұс келіп, Ресей империясының дағдарысымен көрініс тапты. Қазақ халқы саяси сана-сезімінің жоғарылай түскенін осы тұста дәлелдеп шықты. Дүркіреген патша үкіметі моральдық тұрғыда ойсырай құлдырады. Ұлт азаттық көтеріліске Кенесары Қасымов басшылық етіп, Қазақстан аумағының әр бөлігіндегі саяси сауатты тұлғалар халықты бір мақсатқа жинады. Соның салдарынан талай азаматтардың үстінен қылмыстық істер қозғалып, жазықсыз жан тапсырды.
Қозғалыстың ең ауқымды аймақтарына Торғай мен Жетісу аймақтарын жатқызды. Одан бөлек Түркістан өлкесінде де әскери күштер жұмылдырылып, Торғай аумағындағы көтерілістер патша үкіметңн құлдыратқаннан кейін ғана бәсеңдеді. Көтерілген халықтың рухы, империалистік және отаршылдық саясатқа наразылық негізінде туындады. Тыл жұмыстарына жастарды жегу, жерлерді күшпен тартып алу, орыстандыру сынды лас саяси революциялар, ел наразылығын ушықтыра түсті. Шілде айының бастапқы кезеңінде-ақ, елімізде қарулы көтеріліс лап ете түскен оттай болды.
Қорыта келгенде, дербес ел болу жолында халқымыз талай бұралаң жолдарды жүріп өтті. Сан түрлі революцияларды тойтарып, қозғалыстардан қаймыққан емес. Нәтижесінде, тегеуріні темірдей төзімді, ұлттық ой-санасы саяси тұрғыда ілгері мемлекетке айналдық. Келешегі кемел жастары үшін, оларды тыл жұмыстарына бермеу жолында оққа ұшқан ерен ерлердің ерліктеріне басымызды қалай имеспіз?! Бүгінгі бейбіт күннің, алаңсыз өмірдің қан мен термен келгені шүбәсіз. Ендеше сол жолда жанын салып, бастарын бәйгеге тіккен батыр бабаларымызға мың тағзым!

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет