Емтихан сұрақтарының жауаптары
50. Өсімдіктердің суыққа төзімділігі. Аязға төзімді өсімдіктермен қатар,
тек қана +3° +5°С суыққа төзімді өсімдіктер де бар. Мұндай температура
байқалатын көктемгі үсік кезінде қиярдың, қызанақтың, қауын мен
қарбыздың және басқа да жылу сүйгіш өсімдіктердің жас өскіндері
зақымданады. Өсімдіктердің суықтың әсерінен зақымдануы оның әсер ету
дәрежесі мен ұзақтығына байланысты. Қысқа әсер ететін, неғұрлым төменгі
температура ұзақ уақыт әсер ететін төменгі температураға қарағанда қауіпт емес. Көктемгі және күзгі үсіктің қауінтілігі мынада: олар суыққа
бейімделмеген, суықтың әсеріне шынықтырылмаған өсімдіктерге зақым
келтіреді. Салқын температурада ұстаудан екі-үш күн өткен соң қиярдың
зақымданатыны байқалады, Алдымен оның тұқым жарнақтары мен ең алғаш
шықкап жапырақтары, одан соң жас жапырақтары солып қалады. 3-6 тәулік
бойы салқын температурада ұстау олардың тіршілігіне қауіпті болып
табылады. пен асқабақ суыққа едәуір төзімді, соя бұдан да гөрі
суыққа төзімді келеді. Суыққа төзімділік дәрежесі өсімдіктердің түрі мен
сорттарының географиялық шығу тегіне, даму фазаларына байланысты. Ұзақ
уақыт бойы суық температурамен әсер еткенде өсімдіктердегі ыдырау
үрдістері синтез үрдістерінен басым болып, өсу мен фотосинтез
тоқталатынын, жапырақтардың сумен қамтамасыз етілуі кемитіні
дәлелденген.
Достарыңызбен бөлісу: |