Психокоррекция дегеніміз - адамның мінез-құлқы мен психологиялық қасиеттерін өзгерту мақсатымен оған арнайы әсер етіп, оның шытырман жағдайдағы өзін-өзі ұстау стилінің ыңғайсыздығын көрсетіп, бұл жағдайдан шығу жолын іздеп табу. Психологиялық коррекцияны ұйымдастыруға және психотерапия жүргізуге пайдаланылатын әдіс-тәсілдер өте көп. Қазіргі кезде жеке тұлғалық қасиеттерді коррекциялау тренинг топтарында жүргізіледі. Тренингке қатысушылардың алдында тұрған, шешуін талап етіп отырған психологиялық проблемаларына байланысты психокоррекциялық топтар әртүрде болады. Оларды іріктеп алу және пайдалану клиенттің алдында тұрған проблемаларға және психологтың қай ғылыми ағымды қолдайтынына байланысты. Ол ағымдарды қысқаша келесі топтарға сыныптастыруға болады.Психолог Курт Левин және оның әріптестері бірінші психокоррекциялық тренинг топтарының (Т-топтары) жұмысын 1946 жылы ұйымдастырды.
Психотерапия- психологиялық әсер ету жолымен емдейді, ал психокоррекция қалыптасқан кемшіліктерді түзетеді. Психотерапевтің көмегін қажет ететін адамды – пациент, ал психокорректордың көмегін қажет ететін адамды- клиент деп атайды.
Клиент- бұл психикалық жағынан және дене дамуы жағынан қалыпты, денсаулығы дұрыс адам. Тек өмір барысында мәселе туындауынан және оны өздігінен шешуге қабілетсіз адам. Психокоррециялық әсер етудің негізгі түрлері:
сендіру;
иландыру;
еліктеу;
нығайту.
Сендіру- бұл адамның психикасындағы және мінез-құлқындағы кемшіліктерді жете түсініп, ұғынып және еркімен түзетуге көзделген психокоррекциялық әсер етудің жолы. Сендіру адамға өзінде пайда болған қиыншылықтың себебін түсінуге көмектеседі, осы кемшіліктерден құтылуға деген тілегін нығайтады.Иландыру— бұл клиенттің тарапынан болып жатқан кемшіліктерді жете түсінуді қажет етпейтін клиентке әсер етудің жолы. Клиент өзіне психикалық әсер ету болған жағдайдан күңгірт түсіне алады, бірақ соңына дейін не болып жатқанын түсіне алмайды. Иландыру кезінде адам саналы, санасыз күйде болуы мүмкін.
Еліктеу- психолог клиентке еш нәрсе түсіндірмейді, иландырмайды, оған қажетті мінез-құлық үлгісін көрсетіп, оны қайталауды ұсынады.
Нығайту- бұл әлеуметтік оқыту теорияларының негізінде құрылған бихевиористік хабары бар психотерапия жасап шығаратын тәсіл. Бұл жағдайда қажетті псикоррекциялық нәтижеге қол жеткізу үшін әрекетті ынталандырулар іске асырылады. Жазалау және мадақтау, олардың көмегімен мінез-құлықтың қажетті жақтары нығайтылады, қажетсізі алынып тасталады.
Психокоррекция практикада екі формада іске асырылады:
Жекелей психокоррекцияда- психолог клиентін бөтен адамның қатысуынсыз, тек бір адаммен жұмыс істейді.
Топтық психокоррекцияда- психолог топ адаммен жұмыс істейді.
Психокоррекция жүргізу мақсатымен зерттелінген адамдардың жеке даралық психологиялық ерекшеліктері туралы жинақталған мәліметтерге байланысты бұл жұмыс екі бағытта жүзеге асырылады:
1. Нормативтерді құру коррекциясы.
2. Адамның даралық мүмкіндіктерін дамыту коррекциясы.
Нормативтерді құру коррекциясы. Адамның ішкі жан-дүниесінің жеке даралық сипаттамасын әлеуметтік ортада қабылданған нормативтерге сай келтіру коррекциясы топпен жүргізіледі. Олар көбінесе қарым-қатынас мәдиниетін қалыптастыру, мазасыздану және агрессия көріністерін төмендету, жеткіншектердің жас ерекшеліктеріне байланысты орын алатын акцентуация мәселелерін шешуге бағытталған. Коррекциялық әдістердің нәтижелі болуы ауытқудың синдромына және бұзылудың көрініс беру симптомдарының түрлеріне тәуелді.
Педагог-дефектологтар және тәрбиешілер психокоррекциялық әдістердің мүмкіндіктерін дұрыс түсінуі қажет, оларды қолдану салаларын білуі қажет, балаларды тәрбиелеу мен оқыту тәжірибесінде коррекциялық тәсілдер мен әдістерді дұрыс қолдана білуі тиіс.