«Сабақты зерттеу: Қазақстан мектептерінің тәжірибесі» облыстық ғылыми-практикалық конференциясын дайындау және өткізу бойынша АҚПАРАТТЫҚ ХАТ
Конференцияның ұйымдастырушысы: «Педагогикалық шеберлік орталығы» ЖМ Тараз қ. филиалы;
Конференцияны өткізудің өзектілігі: «Сабақты зерттеу: Қазақстан мектептерінің тәжірибесі» облыстық ғылыми-практикалық конференциясын өткізу педагог кадрлардың тәжірибесіндегі зерттеудің тиімді үлгілерін таратып насихаттауды және Сабақты зерттеуді жүзеге асыру бойынша өзекті мәселелерді талқылауды болжап отыр. Облыстық ғылыми-практикалық конференциясының шеңберінде педагогтердің барлық санатын біріктіру келешекте облыс мектептерінің мұғалімдерінің зерттеу тәжірибесін жүзеге асыру үдерісінің біртұтастығын қамтамасыз етеді.
Конференцияның мақсаты:
Қазақстандағы Сабақты зерттеуді енгізу жобасы аясында жалпы білім беретін мектептердің мұғалімдерінің зерттеу нәтижелерін көрсету және тарату;
Өңірдегі сабақты зерттеу тәсілінің тұрақтылығын қалыптастыру және oнлайн форматтағы зерттеу қадамдарын қарастыру;
ЖОО орындары мен колледжде сабақты зерттеу тәсілін жүзеге асыру нәтижелері бойынша тәжірибе алмасу.
Конференцияның күтілетін нәтижелері:
Сабақты зерттеу тақырыбы аясында облыс педагогтерінің тәжірибе алмасуы;
Білім беру ұйымдарындағы Сабақты зерттеу тәсілін жүзеге асыру үдерісі бойынша жариялымдарды Жетекші мектептердің сайтына орналастыру.
Конференцияның өтетін уақыты мен орны: «Сабақты зерттеу: Қазақстан мектептерінің тәжірибесі» облыстық ғылыми-практикалық конференциясы 2021 жылдың қазан айының 22-ші жұлдызында онлайн форматта өтеді. Конференция ақылы негізде өткізіледі. Тіркелу жарнасы 3 000 теңгені құрайды.