Филологическая серия


Precedent and translation



жүктеу 3.54 Mb.
Pdf просмотр
бет6/28
Дата12.02.2017
өлшемі3.54 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   28

Precedent and translation 
E. A. Buketov Karaganda State university, Karaganda.
Material received on 30.10.14. 
Мақалада белгілі қазақ жазушысы О. Бөкейдің шығармашылығы 
негізінде аударма мәтіндегі прецедентіліктің берілу мәселесі мен 
оның лингвомәдени сипатында танылуы қарастырылады. 
The  article  deals  with  the  precedent  as  a  linguistic  and  cultural 
phenomenon and transmission problems in the translation of precedent 
on the example of the well-known Kazakh writer O. Bokey.
ӘОЖ 811.512.122’373.49
М. Н. Баратова
1
, Қ. С. Сіләмбекова
2
1
профессор,  қазақ  филологиясы  кафедрасы,  С.  Торайғыров  атындағы 
Павлодар мемлекеттік университеті, Павлодар қ., 
2
магистрант, қазақ тілі мен 
әдебиет пәнінің мұғалімі, №3 гимназия, Павлодар қ. 
МӘШҺҮР-ЖҮСІП ӨЛЕҢДЕРІНДЕГІ ДІН СӨЗДЕРІНІҢ 
ҚОЛДАНЫС ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Мақалада Мәшһүр-Жүсіп өлеңдеріндегі дін сөздерінің қолданыс 
ерекшеліктері талданады.
Кілтті сөздер: дін сөздері, өлең, ерекшеліктер, тілдік сипат, 
қоғам, таным, қоғамдық-әлеуметтік
Мәшһүр-Жүсіп шығармаларының тілі өз стилімен, өз бояу, өрнегімен 
ерекшеленеді. Ақын шығармаларының ішінде өзгеге ұқсамайтын қолданысқа 
ие  сөздер  тобына  –  дін  сөздері  жатады.  Ақынның  шығармаларындағы 
тілдік қабаттардың қолданысының қоғаммен, әлеуметтік, саяси ортамен 
байланыстылығын да аша түсетін тұсы осы – дін сөздері.  
Мәшһүр-Жүсіптің қазақ қоғамына шығармашылықпен қызмет еткен 
кезеңі ұлт тарихындағы күрделі кезең болатын. «Өз шығармаларын былай 
қойып, басы ашық ескі үлгілерді жазып алып, біздің дәуірімізге жеткізген 
еңбек Мәшһүрде мол екенін және де естен шығармау керек», – дейді М. Әуезов. 
Мәшһүр-Жүсіптің ескі сөздерді жинап, ұлт тарихының естен өше бастаған 
шақтарын қайта қалыпқа келтіретін жазбаларымен бірге кейінгі кезеңдерді 
қамтитын туындыларының арасында тығыз сабақтастық бар. Ұлы ғұлама 
елдің өткеніні де қағаз бетіне түсіре отырып, ұлт құндылықтарын сақтап 
қалды. Сонымен бірге өз заманындағы халыққа керек рухани қажеттіктерді 
өз шығармаларында берді. Сондықтан да халықтың өткенімен кейінгісін 
бір-бірінен үзбей, жалғастырған ақын кейінгі кезең қажеттіліктерін беруде 
шығарма тіліне баса назар салады. Діни сауатты, халықтық танымды жетік 
білетін ақын, кейінгі өз ғасыры үшін ұлтқа қажет құндылық – адамгершілікті 
негіз  еткен  мұсылман  діні  екендігін  өзгеше  көтерді.  Мәшһүрдің  діни 
сауатының тереңдігі осы тақырыптағы дастандары мен өлеңдерінен анық 
байқалады. Ақын өмір сүрген кезеңде қазақ әдебиетінде мұсылман дінін 
насихаттаған, сол дін арқылы ұлтқа білім мен сана, адамгершілік қасиеттерді 
қалыптастыру, өзгелермен тең ету идеясын көтерген қаламгерлер біршама 
болғаны  белгілі.  Осы  ақындардың  шығармаларындағы  араб  сөздерінің 
қолданысында ортақтық болды. Ол ортақтық төмендегі қалыпты сақтады.
1. Қазақ әдеби тіліне, ауызекі сөйлеу тіліне ертеден еніп қалыптасып 
кеткен сөздер. 
2.  Сирек  қолданылатын  болғанымен,  әдеби  тілден бұрыннан  таныс 
діни сөздер. 
3. XIX ғасырдың екінші жартысы мен XX ғасыр басындағы ақындар 
шығармалары тіліндегі, өзіндік жеке сөз  қолданысындағы  сөздер болып 
келеді.
Ақынның діни тақырыптағы шығармаларының бірнеше ерекшеліктері 
бар. Солардың ішінде өзгеге ұқсамас қалыптары да байқалады. 
1. Ақын шығармаларында дін сөздерін араб тіліндегі дыбысталуы мен 
қазақ тілінде айтылуын қатар қолданатын тұстары бар.
2.  Оқиғалы,  аңызға  құрылған,  нақты  тарихи  деректерге  қатысты 
шығармаларда тек араб тіліндегі нұсқасымен береді.
3.  Қазақ  танымына  жақын,  ұлттық  қалыпқа  көше  бастаған  тілдік 
элементтерді қалыптасқан үлгіде қолданады.
4. Аңыз мен тарихи деректерге негізделген шығармаларда ақынның 
тіл қолданысындағы ерекшеліктің бірі деп, қазақ тілінің қатар келген қатаң 
дауыссыздарын жұмсартып, ұяңдатып, үнді дыбысқа айналдырып қолдану 
да кездеседі. Бұл жалпы өлеңнің бір әуезділігін, бір қалыпта айтылуына, 
әуенге ыңғайлауға жақындылықтан туса керек.

52
53
серия
 ФИЛОЛОГИЧЕСКАЯ. 2014. №4
ISSN 1811-1823. Вестник ПГУ
5. Ақын қазақ танымына лайықтап, діни түсініктерді ұлттық мағынамен 
беруде мақал-мәтел қалпында қолданады. «Тарының қауызына сыйдыру», 
«Бақ құсу қону», «Алдаушы дүние» (алдамшы дүние – жалған) т.б. Сонымен 
бірге ақынның араб тілінің сөздерін қазақы танымға салып, өз жеке ақындық 
стилін танытатын үлгілер жасайтыны да мол. Соның ішінде қазақ тілінде 
«нәпсіні тию», «нәпсіні жеңу» деген фразеологизмді ақын «Нәпсіңді атқа 
мінгізбе» өлеңінде: 
Жаяу қыл, нәпсіңді атқа мінгізбей бақ,
Міне қалса, жортқызып, желгізбей бақ.
Өзін-өзі бағуға көп әл керек,
Көз соңынан көңілді жүргізбей бақ, 
– деп, жаңа тіркес жасайды. Әрі ол тіркестің бояуы да нақты, айқындылығымен 
өзгеше. 
«Абыраһа мен Мұтылаб» деген өлеңінде ақын қазақ тілінің төл сөздерін 
жұмсартып қолданады. Өлең жауыздық пен мейірім туралы болғандықтан 
да  шығар,  ақын  қатарластыра  алу  арқылы  жақсылықтың  жеңеріне  сөз 
қолданысымен де барады. 
Мұтылаб бір һәм болды мұны көріп,
Шақырады құрайышларға әуез беріп. 
Баршасын дүниенің жинап алды, 
Меккелік арабтардың бәрі келіп.
Аз ақытта насыралардың өліктері, 
Ыстықтан сасып кетті соның бәрі. 
Меккенің адамдары ғамкүн болды, 
Лаж жоқ, тазартпасқа болмады, әні!
Мұтылаб дұға қылды Хаққа және: 
– Біздерден кетсінлер, – деп – үшбу пәле. 
Сол заман жаңбыр жауып, бір сел келіп, 
Өліктің бәрін алып кетті бәрін һанма. 
Ақын өлеңдерінде қосымшалардың қатаңданбай, ұяң, үнді дыбыстармен 
ауысуы көбіне араб сөздеріне қатысты болып келеді де, ұйқас жасайтын 
негізгі сөз болғандықтан ғана емес, негізгі ойды беретін тірек сөз ретінде 
екпінге ие. «Жаппардың әңгімесі» деп аталатын өлеңде:
Көрсеткен көп халыққа мылжызатты
Хақ расул барша жағынан шарапатлы
Патша бол Хақ расул тұрғанында
Бар екен бір сахаба Жаппар атлы
Белгілі жомарт, мағлұм сахаба еді
Бай еді өзі жомарт, инабатлы.
Мәшһүр-Жүсіп  өлеңдеріндегі  дін  сөздерінің  қолданысы  сол  кездегі 
қазақтың  дін  оқуын  оқыған,  ислам  тарихын,  танымын  жетік  білетін 
тұлғаларының тіліне жақын келеді. Бірақ бұлардан ақын тілінің өзгешелігі – 
шығармаларында халыққа бейтаныс ұғымдарды да көп қолданатындығы. Бұл 
сөздер жай қолданылып қоймайды, өлеңнің өн бойында оған түсінік беріледі, 
анықтама жасалады. Бұндай тәсілді жасаудың жолы да әр түрлі. Бірде ақын 
аңызды пайдаланса, бірде шындық оқиғаны, бірде ислам уағыздары т.б. 
қолданады. Сол арқылы сөздің семантикалық қолданыс аясын кеңейте түседі. 
Өлеңдегі араб сөздері функционалды-семантика заңдарына бағынады. Жаңа 
сөздер көбіне мағына кеңеюі байқалады. 
Өлеңде араб тілінің сөздері молынан ұшырасады. Соның ішінде қазақы 
қалыпқа түсіп кеткен, ұлттық тіл ерекшеліктерін бойына әбден сіңірген 
сөздер қазақ тіліндегі айтылу ерекшеліктерін сақтаса, діни түсінігі әлі де 
бейтаныс сөздер араб тіліндегі қалыппен қолданылады. 
XIX  ғасырдың  екінші  жартысындағы  әдебиет  саяси,  қоғамдық-
әлеуметтік, рухани, мәдени оқиғалармен байланыста дамыды. Әдебиеттің 
бағытын анықтауына төмендегідей тарихи оқиғалардың әсері болды. 1860 
жылдардан бастап Ресей патшасының қазақ жерін, елін отарлауы толығымен 
аяқталды. Қазақ жері Ресей мемлекетінің меншігі болып саналды. Қазақ 
халқы жерді пайдаланушы ғана болды. Атақоныс жерінен айрылған қазақ 
елінің  әлеуметтік  жағдайы  төмендеді.  Бұл  халықтың  рухани  жүдеуіне, 
танымының бұзылуына әкелді. Билікке жақсам деген жаңа би-болыстар 
шықты. Абай айтқан «Болыс болдым мінеки» өлеңіндегі өзгеге жағымпаз, 
жалтаң мінезді билеушілер көбейді. 1861 жылы Ресейде крепостнойлық 
(басыбайлылық) тәртіп жойылды. Бостандық алған орыс шаруалары қазақ 
даласына  қоныстандырылды.  Ресей  жерінен  ағылған  орыс  шаруалары 
өзімен  бірге  басқа  мәдениетті  әкелді.  Салық  төлеудің  жаңа  тәртіптері 
бекітілді. Салықтың негізгі бөлігін қазақтарға салды. Қазақ ұлтын патша 
әскері қатарына алмады. Саудагерлер қатары көбейді. Салт-дәстүрін өзге 
арнаға бұрған бөлек танымды шығарды. Патшаның қорғаныс күші – казак-
орыстар көп билікке ие бола бастады. Өзен, көлдер маңайы секілді жайлы 
жерлер казак-орыстарға берілді. Тіршілікке қолайсыз өлкелерге қазақтар 
еріксіз қоныстанды. Қазақ халқы кедейшілікке, жоқшылыққа ұрынды. Қазақ 
елін билеудің патша мүддесіне бағындырылған ережесі («Жаңа низам») 
шықты. Билік басына патша үкіметі қалаған адамдар ғана қойылды. Орыс 
шаруаларының қоныс аударуына байланысты қазақтар да отырықшылыққа 
көше бастады. Капиталистік қатынастар, қалалар, өндіріс орындары пайда 
болды. Өндіріс орындары қазақ шаруаларының өндірген затын (ет, тері, жүн, 
сүт, т.б.) арзан бағамен алды. Орыс тіліндегі мектептер ашылды (Орынбор, 
Орал, Троицк, Торғай, т.б.). Қазақ халқы жаңа тұрпатты мектептерде білім 
ала  бастады.  XIX  ғасырдың  екінші  жартысында  әдебиетте  жаңа  бағыт 
өкілдері шықты. Олар халықты білім алуға шақырды. Мәдениет пен өнерді 
үйренуге насихаттады. 

54
55
серия
 ФИЛОЛОГИЧЕСКАЯ. 2014. №4
ISSN 1811-1823. Вестник ПГУ
Ақын  халықтың  ұлттық  танымы  мен  иманды  түсінік,  санасынан 
алыстамауын қалады. Сондықтан да болар, шығармаларында қазақ халқының 
танымына  ыңғайлы,  елдік  сипатына,  ұғымына  қолайлы  мұсылмандық 
қалыпты  шығармаларында  насихат  етті.  Мұсылман  дінінің  ұстанатын  – 
адамшылық, тазалық қағидалары қазақ халқын сақтайтын таным екендігін 
негіздеді.  Осы  тұста  ақын  шығармаларында  қолданатын  дін  сөздерінің 
сипаты қазақ тілінде түрлі үлгіде көрініс бергендігін атаған орынды.
Ақынның замандастары, мұсылманша оқығандардың қай-қайсысы да 
араб тілін кеңінен пайдаланған. Араб тілінің көптеген сөздері сол кезеңнің 
өзінде қазақ ішіне сіңісіп, қазақтың төл сөзіне айналып кетті. Кейбірі негізгі 
сөздік қорымыздан орын теуіп, күні бүгінге дейін төл сөздерінің барлық 
белгілерін қабылдаған. Мәшһүр-Жүсіп шығармаларында араб сөздерін мол 
қолданып, айтар ойына эмоционалды, экспрессивті рең беру мақсатында да 
алады. Көбіне арабша сөздер ойды дәл жеткізу, суреттеу құралы етеді.
Мысалы:  Әшһәрәт  апат  деп  айтқан  Хәдис;  Ғаламға  абрахмет 
нұрын шашар; Пайдасын милләтінің түгел ойлап; Ғибадап қанша қылған 
құлшылықтан; Айтады әмір мәғруф насихатын; Әлхари мақтап болмай 
болсын ақпап; Әл-сафар бip қатпа боп шәйна лашқар; Ғафурым нәхтли әр 
кез бермедікер; Ширабап Тәсһурадай көрінетін; Ғаріплік бұл жалғанда біздің 
баста; Хумаюн жаләл жұпты өткен екен; Ғелаз шәдадінің уысында; Азажад 
әл-қаста ғуми әлджар; Фарағат рақат жазған жоқ ты бізге, Лағынға 
жол үстіне ұшыратып кез; Бас-басына 6ip мәсуәк омырауында; Тамиғтың 
тырнауышы болсын деп сол; Парахзат патша болып орнын алды. т.б..
Ақын – діни сауатты, дін тарихын, ислам заң-қағидаларын терең білген 
адам. Оған дәлел – діни дастандары мен басқа да шығармалары. Осы тұста 
Мәшһүр  Жүсіптің  қазақ  даласына  мұсылман,  адамзат,  әлем  мұраларын 
жайған  тұлға  болумен  де  орны  өзгеше.  Құранды  қазақ  ұғымына,  ұлт 
танымына лайықтап, жұрт жайына қарай түсіндірген. 
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
1  Мәшһүр-Жүсіп  Көпейұлы  Шығармалары.  1-том,  Павлодар,  2010.  
– 310 б. – ISBN 9965-842-64-7
Сағындықұлы, Б. Қазіргі қазақ тілі. Лексикология. І-бөлім – Алматы : 
Қазақ университеті, 2003. – 101 б. ISBN 9965- 456-23 
Қалиев, Ғ., Болғанбаев, Ә. Қазіргі қазақ тілінің лексикологиясы мен 
фразеологиясы [Текст] : оқулық – Алматы : «Сөздiк-Словарь» баспасы, 2006. 
– 264 б. – ISBN 9965-822-00-Х
4 Арабша-қазақша түсіндірме сөздік [Мәтін] : қазақ тіліндегі араб сөздері: 
2 т. / Н.Д. Оңдасынов; жалпы ред. бас. акад. Ә. Т. Қайдаров. – Алматы : Мектеп, 
1989. – 284 б. ISBN-10(13): 81.2 
Материал 30.10.14 баспаға түсті.
М. Н. Баратова
1
, К. С. Слямбекова
2
Особенности слов религии в стихотворениях Машхур-Жусипа
1
Павлодарский государственный университет 
имени С. Торайгырова;
2
гимназия №3, г. Павлодар.
Материал поступил в редакцию 30.10.14.
M. N. Baratova
1
, K. S. Sliambekova
2
Оf words of religion in the songs of Mashur-Zhusip
1
S. Toraighyrov Pavlodar State University;
2
Gymnasia №3, Pavlodar. 
Material received on 30.10.14.
В  статье  анализируются  особенности  слов  религии  в 
стихотворениях Машхур-Жусипа.
The article analyzes the features of religious words in the poems of 
Mashkhur-Zhusip.

56
57
серия
 ФИЛОЛОГИЧЕСКАЯ. 2014. №4
ISSN 1811-1823. Вестник ПГУ
ӘОЖ 821.512.122
С. Б. Ержанова
1
, Г. Ә. Сағынаева
2
 
1
ф.ғ.д.,  профессор,  Қазақ  әдебиеті  кафедрасының  меңгерушісі, 
2
PhD 
докторант,  Қазақ  мемлекеттік  қыздар  педагогикалық  Университеті,  
Алматы қ.
ҚАЗІРГІ ҚАЗАҚ ЛИРИКАСЫНДАҒЫ ТҮРЛІК 
ІЗДЕНІСТЕР
Мақалада қазіргі қазақ лирикасындағы түрлік ізденістер мен 
жаңашылдықтар жайы сөз етілген.
Кілтті  сөздер:  поэзия,  лирика,  түр,  шумақ,  тармақ,  ұйқас, 
интонация.
Жаңа түрдің дүниеге келуі, тууы – әдебиетте соны құбылыс болуымен 
қатар,  негізінен,  өте  ұзақ  әдеби-шығармашылық  үдеріс  екені  де  мәлім. 
Әдебиетші-ғалым М. Базарбаевтың: «Поэзияда жаңалық бірден келмейді 
және оңай келмейді» деуі де осыған байланысты айтылса керек. Сондықтан 
форманың  түрленіп,  жаңа  формаға  айналып  келе  жатқанын,  яғни  жаңа 
түрдің туу процесі жүріп жатқанын бірден байқау әдетте оңай нәрсе емес. 
Көбінесе жаңашылдықтың, жаңа түрдің алғашқы нышан-белгілерін дәстүрлі 
форманың түрленуі деп есептейміз. Бұл – дұрыс та. Академик З. Қабдолов 
айтқандай, «Жаңалық – дәстүрді жалғастыра алса ғана жаңалық. Бұл ретте 
бәрінен бұрын жаңалық деген ұғымның өзін мықтап байыптап алған жөн» 
[2, 260].
Осы  тұрғыдан  келгенде  қазіргі  қазақ  поэзиясының  формалық 
ізденістерінің аясының кеңдігіне, қазіргі өлең өрнегінде жаңалықтың аз емес 
екеніне көз жеткізу қиын емес. Қазіргі қазақ поэзиясындағы түрлік ізденістің 
бір  тарабы  шумаққа  да  байланысты.  Өлең  тармақтарының  бір-бірімен 
синтаксистік қарым-қатынасқа түсіп, бірігулерін, яғни синтаксистік біртұтас 
дүние құрап, топтасуларын сөз еткенде, ең алдымен өлеңнің шумақтарға 
бөлінетін-бөлінбейтінін есепке алу керек. Өйткені мұның өлең құрап тұрған 
жолдардың бір-бірімен топтасып-ажырасатын межесін айқындауда айрықша 
мәні бар. Б. И. Томашевский өлең тармақтарының строфикалық (шумақты) 
және астрофикалық (шумақсыз) екі түрлі жолмен топтасуын сөз етсе [6, 58], 
Н. С. Поспелов субстрофикалық (шумақ элементі бар) құрылымды да қосу 
керектігін айтады [7, 38]. 
Шумақ және оның үлгілері жайында А. Байтұрсынұлы өлеңнің кестесі 
– айшық болатынын, айшықтың әрбір тақтасы – шумақ болатынын және 
бунаққа, кезекке, тармаққа, ағынға тоқталып, әрқайсысына мысал келтіреді. 
Өлең шумағы бір өлеңде біреу болуға да, бірнеше болуға да ықтимал. Бір 
өлеңнің шумағы көбінесе бірдей болады. Бір шумақтағы тармақтың азы 
екеу, көбі онға шейін барады. Өлеңдердің арасындағы қос сызықтың арасы 
бунақ болады. Бунақ ішінде бірнеше буын болады. Мұнда да бунақтың азы 
екеу, көбі төртеу. Осылардың бәрін дұрыстап орнына келтіріп, оның үстіне 
және де тармақтардың аяғын ұйқастырса, сөйлемдер өлең болып шығады. 
Түрлері: 1. Тең шумақты; 2. Тұтас шумақты; 3. Ала шумақты өлеңдер
Шумақтардың  мағыналық,  интонациялық,  синтаксистік,  ырғақтық 
құрылысын  Б.  М.  Эйхенбаум:  «Стихотворный  синтаксис  строится  в 
неразрывной связи с ритмом, со строкой, со строфой. Строка и строфа есть 
одновременно членение и ритмическое, и синтаксическое, и мелодическое» 
[8, 340], – дейді. 
Өлеңде  шумақ  болу  үшін  тармақтардың  белгілі  мөлшерде  топтасу 
тәртібі  сақталып,  үнемі  қайталанып  отыруы  қажет.  Шумақты  құрайтын 
тармақтардың  ұйқасы  шумақтың  өрнегін  белгілейді.  Өлең  құрылысын 
зерттеушілер өлең жолдарының (тармақтарының) әртүрлі ретпен топтасуын, 
ұйқастарының  кезектесіп  келуін,  алмасу  тәртібін  осылай  қарастырып, 
шумақтың сан түрлі өрнек-үлгілерін ажыратып береді.
З. Ахметов шумақтың ой, мағына жағынан бөлектеніп, оқшауланып 
тұруын «Әр шумақ біткенде айтылатын бір түйін ой не аяқталып, не белгілі 
дәрежеде тиянақталып отырады. Шумақтың тармақтары белгілі бір ретпен 
топтасып келетіндіктен, интонациялық сипаты да күрделі болады. Өлеңнің 
ырғағы  интонацияға,  дауыс  толқынына  тіке  әсер  етсе,  екінші  жағынан 
сөйлемдердің синтаксистік құрылысына ықпал жасау арқылы әсер етеді» 
[1, 123], – дейді.
Белгілі  орыс  өлеңінің  техникасын  зерттеуші  ғалым  Г.  Шенгели 
шумақтың тармақ сандарына байланысты мынадай пікір айтады: «Шумақ 
деген топ болса, оның ең шағыны – екі тармақты құрылым. Ал ең көбі ше? 
Өлең тәжірибесінде он бестен жоғарғысы көрінген емес» [9, 273]. 
Дегенмен,  қазіргі  қазақ  өлеңінің  дамуы  зерттеушінің  тұжырымына 
енбеген жаңа құрылымдарды ұсынып отыр. 
Дәстүрлі өлеңдерде бір тармақты шумақтар болмайтын-ды. Өйткені 
оның  бойында  шумаққа  тән  белгілердің  бір  де  бірі  жоқ.  Е.  Раушанов,  
Ұ. Есдәулет сияқты ақындардың лирикаларында бір тармақты шумақтардың 
мағыналық  және  эмоционалдық  салмағы  күшті  сезіледі.  Олардың 
шығармаларында бір тармақты шумақтар өлеңнің басында, ортасында және 
соңында тұра береді. Е. Раушановтың «Ерте кетіп барасың...» атты өлеңінің 
алғашқы шумағы бір тармақты. 
Ерте кетіп барасың сары күз...
Қала тұрсаңшы әлі де, еркем,
Барайық тағы шыңға ана.

58
59
серия
 ФИЛОЛОГИЧЕСКАЯ. 2014. №4
ISSN 1811-1823. Вестник ПГУ
Бәрі де жақсы, бәрі де көркем,
Жетпей тұрғаны мұң ғана [5, 171].
Бір  тармақты  шумақта  ой  түйіні  беріліп,  өлеңдегі  мазмұндық 
ыңғайластықтағы өзге тармақтар сол ойдан таратылып шығады. Өлеңнің 
өзге  шумақтарындағы  ой  бір  бағытта  дамиды.  Ақынның  мұңмен  оңаша 
қалғандағы көңіл-күйі туралы ойлары ырғақтық-интонациялық жүйесі мен 
ұйқас негіздері түрленіп басқа шумақтарға түзіледі.
Ұ. Есдәулеттің «Қақпа» өлеңінде бір тармақты шумақ ой қорытындысы 
ретінде өлең соңында дербес беріледі. Ал ақынның «Күршім. Жаралы барақ 
батыр» өлеңіндегі соңғы бір тармақты шумақтың атқарып тұрған жүгі өте 
күрделі.
Кеудеме менің күйдіріп киіз басыңдар,
бұл жара сонда асқынбас,
туырлықты түріп, түндікті түре ашыңдар,
тамағыма да тас тұрмас [3, 22], 
– деп басталатын өлең:
Жүрегіме күйдіріп киіз басыңдар, 
– деп аяқталады. Осы соңғы бір тармақты шумақ Барақ батырдың зары, 
кешегінің емес, қазақтың бүгінгі жаралы рухының символдық көрінісіндей 
әсер қалдырады.
Е.Раушановтың «Жаз не деп еді?» өлеңінде дара тармақ шумақтардың 
ортасында орналасады. Мұнда ол өзінен бұрынғы шумақтағы ойды қорытып, 
келесі шумақтағы ойдың бастауына айналады. 
Екі  тармақты  шумақтың  барлығы  егіз  ұйқасқа  құрылатын  дәстүрлі 
жүйесін сақтап қалды. Екі тармақты шумақтар Е. Раушанов пен Ұ. Есдәулетте 
молырақ кездеседі. Қос тармақты, егіз ұйқасқа құрылған бұл өлең түрінде 
айтылар  ой  барынша  тұжырымды  болып  келетіні  белгілі.  Ақындарда 
осы  ерекшелік  сақталғанын  байқаймыз.  Е.  Раушановтың  «Молдабай 
бизнесменге», «Аты табылмаған өлең», «Қара бауыр қасқалдақ» атты екі 
тармақты шумақтарға құрылған өлеңдерінде бүгінгі заманның көкейкесті 
мәселелелері тұжырымдалып беріледі. 
Қазақтың  дәстүрлі  поэзиясында  бес  тармақты  шумақ  айқындалып, 
шумақ ретінде бекінбеген еді.Ал қазіргі қазақ өлеңі бес тармақты шумақтарға 
өте  бай.  Әсіресе  Ұ.  Есдәулетте  бес  тармақты  шумақтардың  алуан  түрлі 
үгілері өте мол. 
Біріншіден, бес тармақты шумақ ішінде кең, әрі қарапайым үлгісі төрт 
тармақты дербес шумақтарға бір тармақтың қосылуы арқылы пайда болған 
шумақтар. Мысалы:
Қыстан да бетер қатыгез бе едің, мүсінші,
Қалқамның мынау қамырық халін түсінші.
Құдіретіңе құл болып мәңгі кетейін,
Қаршадай қызды (үйіне барсын) түсірші,
Қар басып қапты қаршадай қыздың мүсінін... [4, 226]. 
Екіншіден, соңғы бесінші тармақ алдыңғы төрт тармақты қорытындылап 
тұратын шумақтар. Мысалы:
Аспанмен астаспаймын,
Жермен де достаспаймын,
Жел беріп жел мінезге,
Тізгінді бос тастаймын
Ешқашан ешкіммен де қоштаспаймын! [3, 188].
Үшіншіден,  ақынның  «Салқындық»  атты  өлеңіндегі  бес  тармақты 
шумақтың алғашқы екі тармағы бір мағыналық тұтастықты құраса, кейінгі 
үш тармағы жеке мағыналық тұтастықты құрайды. Мысалы:
Суық ызғар табасың көктемнен де,
Көлеңкелер тоңады бөктерлерде.
Суық жүзді танисың қарттан-дағы,
Салқындықтың өңінде сақталғаны – 
Өткен күнін алдыңда ақтарғаны [4, 12].
Мұнда алғашқы екі тармақ өз алдына бөлектеніп, ал кейінгі үш тармақ 
жеке ұйқасып келіп қапталдасып келеді, бір-бірімен параллель түзеді.
Төртіншіден, «Өткінші» өлеңінде бірінші тармақтағы ой екінші, үшінші, 
төртінші тармақтарда өрбіп келіп, бесіншісінде қорытындыланады:
Мен тұрдым кетсем-ау деп жайға айналып,
Таңданса жарқылыма ел таңдай қағып.
Көкше бұлт көшкен шақта Күн еліне,
Жасын қып сақтауменен жүрегінде,
Мені де кетсе, шіркін, шалғайға алып... [4, 111].
Лирикалық  қаһарманның  жайға  айналғысы  келуінің  себебі  соңғы 
тармақта ашылады.
Ұ.  Есдәулеттің  «Қоштасу»  өлеңі  жеке  талдауға  тұрарлық  өлең.  Бес 
шумақтан  тұратын  өлеңнің  үшінші  шумағы  алты  тармақ  та,  өзгелері 
бес  тармақты  болып  келеді.  Шумақ  іші  композициялық-синтаксистік 
құрылымының ерекшелігімен қатар, онда қосымша тармақтар да орын алады. 
Қосымша тармақ дегеніміз – өлеңдегі ұйқас, интонация, логикалық паузаларды 
тануға көп септігін тигізетін, шумақ ішінде өз алдына дербес толымды ойды 
білдіретін қосымша жол. Мысалы:
Ауылың қала берді,
Гүл бұлғап таныс бағы,
Домбырам іңкәр күйін тауыспады.
Көкжиек жұтып қойған желкендейін
Келбетің көз алдымнан алыстады [4, 82]. 

60
61
серия
 ФИЛОЛОГИЧЕСКАЯ. 2014. №4
ISSN 1811-1823. Вестник ПГУ
Мұндағы үшінші тармақ – қосымша тармақ, алып тастаса да өлеңнің сыны 
кетпейтді. Сол сияқты соңғы шумақтағы бірінші тармақты алып тастаса да, 
өлеңге еш нұқсан келмейді:
Келбетің алыстады,
Келмеген сенен жырақ ғұмыр кешкім,
Ұқпас-ау сен ұқпаған сырымды ешкім.
Хош, енді, бөгде өзенге құйған бұлақ,
Мен қайта тұнығыңнан сімірмеспін [4, 82].
Бес тармақты шумақтар Е. Раушановта мүлдем дерлік кездеспейді.
Алты  тармақты  шумақтардың  қазіргі  ақындар  шығармашылығында 
құрылымдық үлесі үлкен. Бұл – қазақ поэзиясына Абайдан бері берік орныққан 
құрылым. Абайдың алты аяғы мен Шәкәрім өлеңдерінің алты тармақты 
құрылымы қазіргі поэзияда мүмкіндігін кеңейтіп, орнықты құрылымдық 
негізге  айналуы  шығарманың  ішкі  тақырыптық-идеялық,  көркемдік-
бейнелілік жүйесінің қажеттілігінен туындаған. Оның алуан түрлі үлгілері 
ақын Ұ. Есдәулет поэзиясында кездеседі. Оның «Қазақстан» деген өлеңінің 
шумақтарында алты тармақтар бір ғана дыбыстық үндестікке негізделеді. 
Ақын Ұ. Есдәулеттің өлеңдерінде жеті тармақты шумақты құрылымның 
алуан түрлі ұйқасу реті көрінеді. Бұл шумақтардың ырғақтық-интонациялық 
жүйесі ширақ та, шымыр мәнер тудырып, ескі жыр үлгісінің мелодикасын 
(жорғағын) еске салады. «Уық», «Қазақстан, сен өлсең...» деген өлеңдері 
жеті тармақты болып келеді. 
Тоғыз тармақты шумақтар барлық көлемді шумақтар секілді мазмұндық 
өрістің қажеттілігінен туындайды. Ол өлеңдегі ойды, оның мелодикасын 
сан түрлі түрлендіріп, өлеңнің тақырыптық-идеялық, көркемдік-бейнелілік 
жүйесін шынайы жеткізуге қолайлы шумақ. Сондықтан мұндай ұйқас ретін 
еркін ауыстыруға мол мүмкіндік беретін, синтаксистік, семантикалық жүйесі 
де ой оралымына сай құрыла беретін күрделі де ыңғайлы шумақтар қазіргі 
қазақ поэзиясында болуы, оның алуан түрлі сипатта көрінуі заңды. 
Қазіргі шумақтардағы жаңашылдық олардың ұйқас өрнегіне қатысты. 
Шумақ құрамындағы тармақтарды байланыстырушы ұйқас ретінде қара 
өлең ұйқасы мен егіз ұйқастың маңызы артқан. Бұл ұйқастар Е. Раушанов, 
Ұ. Есдәулеттерге дейін жеке дербес шумақ құрылымдарының бір белгісі 
ретінде, оларды байланыстырушы қызметін атқарса, қазіргі поэзияда олар 
шумақсыз құрылымдардың ырғақтық-интонациялық композициясының бір 
бөлшегі ретінде шумақ құрылымын тақырыптық, ырғақтық-интонациялық 
түрлендіруші ретінде көрініп жүр. Қазіргі қазақ өлеңіндегі астрофикалық 
құрылымдарды  түрлендіру  үшін  бір  құрылымда  бірнеше  дыбыстық 
үндестіктер көрінеді. Шумақсыз құрылымдардың құрамындағы тармақтарды 
тек ұйқастар ғана емес, субьект ортақтығы, мазмұндық дамудағы жүйелілік 
пен тармақтардың өзара синтаксистік байланысы да жинақтайды. 
Қазіргі  қазақ  өлеңінің  ырғақ  жүйесінің  даму  үдерісінде  аса  айқын 
көрінген үрдіс – қазақ өлеңінің құрылымдық негізінің кеңеюі және артуы. 
Бұрынғы  қазақ  өлеңдерінде  он  бір  буыннан  артатын  өлшемдер  дәстүр 
аясына сыймайтын. Ал қазіргі поэзияда он үш, он бес, он алты буынды 
өлшемдер  қалыпты  құбылысқа  айналып,  еніп  кеткені  сондай,  ақындар 
шығармашылығына дәстүрлі өлшемдердей сіңісіп кетті. Сол сияқты дәстүрлі 
қазақ өлеңінің төрт тармақты шумақтарымен қатар белсенді қолданыстағы 
бес, алты, жеті тармақтары шумақтар да қазіргі өлеңнің қалыпты құбылысына 
айналған. Тармақтарды құрайтын бунақтағы буын сандары дәстүрлі төрт 
буынды шеңбері аясынан шығып, бес, алты буынға дейін артқан. Ал шумақ 
құрылымына келсек, қазіргі поэзияда шумақсыз өлеңдердің қолданыстағы 
деңгейі шумақты өлеңдермен теңесіп қалғандығы байқалады. Себебі қазіргі 
қазақ өлеңінің «интонациялық әуені, экспрессивтік-эмоционалдық бояуы 
мейлінше кемелденіп толысуда». 
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
1 Ахметов, З. Өлең сөздің теориясы. – Алматы : Мектеп, 1973. – 212 б. 
Қабдолов, З. Сөз өнері. – Алматы : Қазақ университеті, 1992. – 352 б.
Есдәулет, Ұ. Екі томдық таңдамалы шығармалар, ІІ том: Киіз кітап. 
Ел мен жер жырлары. – Алматы : Жазушы, 2006. – 264 б. – ISBN 9965764409
Есдәулет, Ұ. Екі томдық таңдамалы шығармалар, І том: Алтын тамыр. 
Ел мен жер жырлары. – Алматы : Жазушы, 2006. – 392 б. – ISBN 996576445
5  Раушанов,  Е.  Бозаңға  бітке  боз  жусан:  Өлеңдер  мен  поэмалар.  
– Алматы : Раритет, 2006. – 384 б. – ISBN 9965770174
Томашевский, Б. В. Строфика Пушкина // Пушкин. Исследования и 
материалы. Т. ІІ. – Москва-Ленинград, 1958. – 258 с.
Поспелов, Г. Н. Синтаксический строй стихотворных произведений. 
– Москва, 1960. - 2 38 с.
8  Эйхенбаум,  Б.  М.  Мелодика  русского  лирического  стиха  //  
Эйхенбаум Б. М. О поэзии. – Ленинград : Советский писатель, 1969. – 511 с.
Шенгели, Г. Техника стиха. – Москва : Художественная литература, 
1960. – 312 с.
Материал 22.10.14 баспаға түсті.
С. Б. Ержанова, Г. А. Сагнаева


Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   28


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет