Философия біздің өмірлік тәжірибеміздің бір бөлігі болып табылады



бет1/2
Дата02.07.2023
өлшемі120,81 Kb.
#103948
  1   2

ҚожаАхметЯсауиатындағыХалықаралыққазақ-
түрікуниверситеті
Факультеті:
Қожа Ахмет Ясауи атындағы
Халықаралық қазақ-түрік университеті
Факультет: Теология



БӨЖ

  • Тақырыбы: Буддизм философиясы

Қабылдаған:Шадинова Г.
Орындаған:Абдикасим Д.

Жоспар

I. Кіріспе
1 Шығыс философиясы
II. Негізгі бөлімі
1 Буддизм философиясы
2 Буддизмнің негізгі бағыттары
III. Қорытынды

Кіріспе
Философия біздің өмірлік тәжірибеміздің бір бөлігі болып табылады. Біз мұны мойындасақ та, теріске шығарсақ та философиялық ой-толғаулар біздің күнделікті өмірімізді толықтырып, адамзат дамуының бүкіл ұзақ жолына ілесіп келеді.


Философия б.з.д. VI—V ғасырларда қалыптасты, осы кезден бастап адамзат әлем туралы, ондағы өзінің орны мен тағдыры туралы рационалды көзқарас қалыптастыра бастады. Философиялық рефлексияның пайда болуы күрделі үдеріс болып табылады. Адамзат ойының дамуы архаикалық, фантастикалық, иллюзиялық көзқарастан оның рационалдық-танымдық формаларына дейін ұзақ жолдан өтті. Әлемнің рационалды түсіндірілуіне ең алғаш қадам жасағандар дүние құрылымы туралы ерекше ілімдерді тудырған мысырлық, вавилондық, үнді және қытай ойшылдары болды. Мысалы, ертедегі вавилондық математиктер мен астрономдар әлемнің гелиоцентристік картинасын қалыптастырып, алгебра, геометрияның негізін қалады, квадраттық және кубтық түбірден шығару тәсілдерін меңгерді.
Ежелгі үнді астрономдары Жердің шар тәрізді екендігі, оның өз осінен айналуы туралы ойларды айтты, математиктері санаудың он мәнді жүйесін, цифрларды белгілеуді ойлап тауып, тригонометрия негіздерін қалыптастырды.
Азиялық мәдениеттің көптеген ертедегі ескерткіштерінде әлемдегі адамның орны туралы, оның тағдыры, өлім мен мәңгі өмір сияқты дүниетанымдық мәселелер көтеріледі. Мысалы, «Гильгамеш туралы эпоста» батыр мәңгілікті іздеп, өмірдің мәні туралы сұрақ қояды. Утнапишти оған былай деп жауап береді:
«Сұм өлімнен құтыла алмассың қашсаң да!
Соғылған үй мәңгілік пе?
Қойылған таңба мәңгілік пе?
Әлде қаны бір туыс мұрасын мәңгілікке бөле ме ?
Көбелек те қуыршагын қалдырар.
Кунге қарап үнемі, ол да мәңгі өмір сүрмейді!
Үйқы менен жансызға тән нәрселер сол өлімнің елесіндей емес пе?»
Келтірілген бұл үзіндіде қойылған сұраққа жауап іздеу ғана емес, өмірдің мәні, өлім мәселелері туралы ой толғау басым. Гильгамеш бұл өмірдің өткінші және шектеулі екендігін, оның өліммен аяқталатынын түсінеді. Сондықтан ең жоғарғы құндылық бұл дүниедегі өмір болып табылады. Бұл өмірді бағалап қана қоймай, өзгелердің де өмірін қорғау арқылы ғана мәңгілікке жетуге болады. Мәңгілік — бұл өмір мен жақсылық үшін бұрын-соңды жасалған ерлік істер туралы адамдар мен халықтардың жады, тарихи есі. Өмір, өлім мен мәңгілік туралы осындай ойлар, құдайлардың өмір сүруі туралы күмәнді ойлар азиялық мәдениеттің көптеген ескерткіштерінде кездеседі: «Құлдың қожайынымен әңгімесі», «Ригведа».

ІІ. Негізгі бөлім




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет