«философия» кафедрасы



бет1/3
Дата01.02.2023
өлшемі47 Kb.
#64363
  1   2   3

ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
ФИЛОСОФИЯ ЖӘНЕ САЯСАТТАНУ ФАКУЛЬТЕТІ
«ФИЛОСОФИЯ» КАФЕДРАСЫ

«ҒЫЛЫМ ТАРИХЫ МЕН ФИЛОСОФИЯСЫ»


пәні бойынша




Магистранттың оқытушымен өзіндік жұмысы (МОӨЖ),
өзіндік жұмысы (МӨЖ) бойынша тапсырмалар және
оларды дайындауға арналған әдістемелік ұсыныстар

Дәріскер Рамазанова А.Х.
Алматы, 2022

«ҒЫЛЫМ ТАРИХЫ МЕН ФИЛОСОФИЯСЫ» ПӘНІ БОЙЫНША МАГИСТРАНТТАРДЫҢ ӨЗІНДІК ЖӘНЕ ОҚЫТУШЫМЕН БІРГЕ ӨЗІНДІК ЖҰМЫСЫН (МОӨЖ) ДАЙЫНДАУ БОЙЫНША ӘДІСТЕМЕЛІК ҰСЫНЫСТАР


Магистрантің өзіндік және оқытушымен бірге өзіндік жұмысын ұйымдастырудың мақсаты – оқытушының көмегімен магистранттың бойында өз бетімен жұмыс жасай алу, ғылыми, шығармашылықтық, еркін, философиялық пайымдау, қорытынды-түйін жасау, қарастырылып отырған тақырыптың мәніне тереңірек үңілу, логикалық ойлау дағдыларын қалыптастыруға ықпал ету. МОӨЖ түрі ретінде философияны оқытудың инновациялық жолдарын зерделеу, ал МӨЖ ретінде оқытушы берген сұрақтар бойынша өз пікірін баяндап, эссе, реферат т.б. формадағы жазба жұмысын өткізу ұсынылады.


МОӨЖ

Магистрант ұсынылып отырған еңбектерді (түпнұсқаларды) өз қалауы бойынша таңдап, оқытушының кеңес-консультациясына сүйене отырып, шығармашылық түрде зерттейді және олардың мазмұны, негізгі мәселелері бойынша жазба жұмысын дайындап, силлабуста көзделген мерзімде қорғауы тиіс.




МОӨЖ бағалау тәртібі:

Ұсынылған түпнұсқаны кеңінен зерттеп, оның мазмұнын өз бетінше қорытып, аша білу, еңбек және оның авторының ілімі мен көзқарасы туралы белгілі бір білімге ие болу, қазіргі заманмен байланыстыра білу жоғары – 25 балл. Түпнұсқаны зерттелген, бірақ онда қойылған мәселелерді түсінуде кемшіліктер болса – 24 > 15 балл. Түпнұсқа үстіртін зерттелген, өзіндік түсінік нашар – 14 > 7 балл. Плагиат – 0 балл. Белгіленген уақыттан кеш тапсырылған жұмыстар қабылданбайды немесе бағасы шегеріледі. МОӨЖ белгіленген уақытта тапсырылып, қорғалады.






Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет