Ботаника (гр. botn — шөп, өсімдік) — өсімдіктер туралы ғылымдар жиынтығы, биологияның бір саласы; өсімдіктер туралы ғылым. Ботаника жеке өсімдіктер мен олардың бірлестігінің өзара және қоршаған ортамен байланысын, жер бетіне таралуын, шығу тегі мен эволюциясын, салалану заңдылығын (жіктелімін) зерттейді.[1]
макроқұрылысын және сыртқы пішінін зерттейді);
өсімдіктер физиологиясы (өсімдіктің өмір сүру процесін зерттейді);
Ботаника ғылымы б.з.б. 4-ғасырдан бері белгілі. Оның негізін салушы грек жаратылыстанушысы және философы Теофраст (б.з.б. 372 — 287 ж.). Ол 500-ге жуық өсімдік түрлерін сипаттап, олардың құрылысы мен көбеюі, дара жарнақтылар мен қос жарнақтылардың айырмашылықтары туралы Ботаникаға ғыл. мәліметтер мен терминдер енгізді.
18 ғасырдың орта кезінде швед ғалымы К. Линней “Табиғат жүйесі” атты еңбегінде ғылымға өсімдіктердің қос номенклатуралық жіктелімін енгізді (қ. Бинарлық номенклатура).
19 ғасырдың ортасында неміс ботаниктері М. Шлейден, Т.Шванн клеткалық теорияның, ал А. Гумбольт ботаникалық-географикалық зерттеулердің негізін салды.
Қазақстан территориясында ғылымның дамуы
Қазақстан жерінде ботаникалық зерттеулер 18 ғасырда басталды. 1777 ж. П.С. Паллас қазіргі Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарында болып, өсімдік түрлерін жинап, олардан коллекциялар жасаған. Республикада Ботаника саласындағы жүйелі зерттеулер 19 ғасырдың 30-жылдарынан басталды. Қазір Ботаника мәселелерімен АлматыдағыБотаника және фитоинтродукция институты, Ботаникалық бақтары, жоғары оқу орындарының арнаулы кафедралары, орман тәжірибе ст-лары шұғылданады. Зерттеулердің нәтижесінде флоратану, өсімдік ресурстары туралы көптеген еңбектер жарық көрді. Қазақстанжәне Орта Азия өсімдік жамылғысына, Тянь-Шань шыршалы ормандарына, олардың құрылымына, даму тарихына, басым (доминант) түрлеріне ботан. сипаттама берілді (Б.А. Быков, т.б.). Қазақстанда өсетін саңырауқұлақтар зерттелді (Бердіқұл Қалымбетов, С.Р. Шварцман, С.Әбиев). Өсімдіктер интродукциясы саласындағы зерттеулер, олардың нәтижелері жүйеге келтірілді (В.Г.Рубаник, А.М. Мушегян, т.б.). Ботаникалық зерттеулер, олардың нәтижелері туралы көп томдық монографиялар, анықтамалықтар жарық көрді. Қазақстан флорасының құрамы зерттелді: мұнда жоғары сатыдағы өсімдіктердің 6000-нан астам түрі бар екені, оның 13%-і эндемиктер (тек Қаратауда бұлардың 100-ден артық түрі бар) екені анықталды. Бірқатар физиол.-биохим. зерттеулер жасалды. Оңтүстік Қазақстанның өсімдік қорына (Н.В. Павлов), Балқаш маңындағы кейбір ағаш түрлерінің тұзға төзімділігіне (Е.А. Жемчужников), шөл далада өсетін құм өсімдіктеріне (Л.П. Гвоздева, Г.Мақұлбекова, С.Есенова, т.б.), Батыс және Шығыс Қазақстандағы өзен-көл аңғарларының шалғындарына (О.Демин, Б.Махмудов, т.б.), су өсімдіктеріне (К.В. Доброхотова), дәрілік, тех. өсімдіктерге, жеміс-жидектерге сипаттама берілді. Дермене (Г.Балтабаева, т.б), мия (В.П. Михайлова, Э.Кұдайбергенова, т.б.), адыраспан (Л.Сафина), қырықбуын, қылша (Г.С. Синицын, т.б.), Түркістан сабыншөбі (С. Беспаева), т.б. өсімдіктердің экологиясы мен Ботаникасы зерттелді. Каучукты өсімдіктер физиологиясы зерттеліп (Л.Г. Добрунов, т.б.), бұлар мәдени өсімдікке айналдырылды және Оңтүстік Қазақстанда өсіріле бастады. Республика аумағының өсімдіктері, олардың мәдени түрлері биохим. тұрғыдан сипатталып, зерттеулер нәтижелері қорытылды (Т. Дарханбаев). Өсімдіктерді интродукциялау (М.В. Бесчетнова, М.А. Проскуряков, т.б.), флористика және геоботаника (М. Бәйтенов, С. Арыстанғалиев, М.П. Васягина, т.б.), өсімдік ресурстары (М. Көкенов, С. Беспаев), адамның өсімдік жамылғысына тигізетін әсері (Л.Я. Курочкина, Р.Н. Писак), сирек кездесетін өсімдіктерді қорғауға алу (Б.А. Винтерголлер), палеоботаника (В.С. Корнилова), генетика (Ғ. Бияшев, А. Сейсебаев), цитология (Ф. Камалетдинова), жалпы экология және өнеркәсіптік ботаника (И. Байтулин), өсімдік өсуін реттеу (І. Рахымбаев), өсімдіктер төзімділігі (Ф.Полымбетова), өсімдіктердің минералдық қорегі (Б. Сәрсенбаев), фотосинтез (В.П. Беденко) мәселелері одан әрі зерттелуде.[2]