Фиолетовый и Зеленый Анимированный Абстрактный Узор Групповой Проект Презентация на Тему Образования



Дата12.02.2023
өлшемі1,86 Mb.
#67333
түріПрограмма
Байланысты:
әлеумет


Дің. Қоғам. Мәдениет
Орындаған: Зеннат А.Г.
Мешіттер, шіркеулер, деноминациялар және культтар өз өмірінің мәнін діннен көретін адамдарды өздеріне жұмылдырады. Неге және қалай болатынын анықтау әлеуметтанушылар үшін өте өзекті. Бұл адамдар үшін дін дегеніміз не? Әлеуметтік деңгейде оның мәні неде? Функционалистер, діннің қандай әлеуметтік мақсаттарға қызмет ететінін анықтауға тырысса, ал қайшылық теориясын жақтаушылар, қандай жағдайда дін таптық жүйені нығайтады немесе оны түбірімен жояды, болмаса алғашқысы мен соңғысының қалыптасуына мүмкіндік береді деген сұрақтың шешімін көрсеткісі келді.
Программа маркетинга на 2020 год
Агентство недвижимости «Сады»
Дін дегеніміз-сенушілерінің харекеті мен ойлауын, моралы мен сенімін белгілеуді және шектеуді көздейтін, табиғаттан тысқары, яғни тылсым, трансцендентті құдіретке, рухани нышан-түсініктерге нанатын және сиынатын, бақи, періште, шайтан секілді тылсым құбылыстарды шын деп есептейтін мистикалық түсінік жүйесі, әлеуметтік-мәдени құбылыс болып, оның көбінесе тауап ететін қасиетті заты, не орыны, киелі кітабы, пайғамбары, діни наным жүйесі, сиыну ережелері мен культтары, саяси-мәдени ұйымдары болуы мүмкін.Дегенмен діннің тұтастай дәл неден құралатыны туралы ғылыми келісім жоқ, әр діннің өз ерекшелігі бар, бәрін бір түсінікпен түсіну мүмкін емес.
Дін индивидтердің кейбір психологиялық қажеттіліктерін қанағаттандыру барысында маңызды әлеуметтік қызметті атқарады. 
Мәдениеттің әдебиеттерде 300-ден астам анықтамасы бар есептеледі. Қазіргі заманғы сөздіктерде мәдениетке берілген төмендегідей үш түсініктемені атай кетейік:
а) мәдениет - халықтың мәдени саласындағы табыстары мен шығармашылығының сапалы жиынтығы;
ә) мәдениет - адамзат қауымының белгілі бір тарихи кеңістіктегі сапалы қызметі мен өзіндік ерекшеліктері;
б) мәдениет - адамдық әрекеттің белгілі бір саласының жетілу деңгейі (сөйлеу мәдениеті, еңбек мәдениеті, құқық мәдениеті және т.б.). Бұл анықтамалардан ерекше көзге түсетіні «сапа» деген ұғым. Адамзат тірлігінің қандай саласы болмасын мәдениет үшін сапа басты көрсеткіш. Осы сапа мәдениеттің деңгейін айқындаумен бірге, кейде оған синонимдік қызмет атқарады. Сонымен мәдениет дегеніміз белгілі бір әлеуметтік қауымдастықтың (этностың, ұлттың және халықтың) санасы мен іс-әрекеттінің материалдық және рухани жетістіктерінің жиынтығы.
«Мәдениет» деген сөз қазақ тіліне арабтың «маданият» ‑ қала, қалалық деген сөзінен енген. Бұл ‑ орта ғасырдағы мұсылман мәдениетінің өркендеу кезенінде қалыптасқан түсінік. Бізге үйреншікті болып кеткен «мәдениет» ұғымы - тәрбие және білімге тікелей қатысты, бірінен бірін бөлуге болмайды, соның нәтижесі ретінде барлық халықтардың рухани қайнар бұлағы. Оның терең тамыры сонау көне заманда жатыр.
Программа маркетинга на 2020 год
Әлеуметтік институт ретінде мәдениеттің құрамы күрделі, ол туралы әр түрлі көзқарастар мен пікірлер бар. Соның бірі – мәдениет негізгі төрт элементтен тұрады деген пікір.
Біреуі - адамдардың қоршаған ортада бағдарға алатын түсініктері мен ұғымдары.
Екіншісі – адамдардың қарым‑қатынас деңгейі, яғни кеңістік мен уақыттағы өзара байланыс деңгейі.
Үшінші – құндылықтарға қатынас, яғни адам нені және қалай игеру қажет.
Төртінші – белгілі бір мәдениеттің құндылықтарына сәйкес адамдардың мінез‑құлқын реттейтін нормалар мен ережелер.
Мәдениет – тарихи құбылыс. Оның дәрежесі мен сипаты қоғамдық өмірдің жағдайларына байланысты өзгеріп отырады. Тарихи дәуірлердің алмасуы мәдениеттің мазмұны мен формаларына сөзсіз терең өзгерістер енгізеді.
Мәдениетті тұлғалық сипатта қарастырғанда, бірнеше елеулі түсініктерге тоқтала кету қажет, олардың ішіндегі маңыздылары:
•мәдени әрекет
•мәдени орта
•мәдени игіліктер мен қажеттіліктер
Қоғам (лат. societas - қоғам)
философияның, тарихтың және әлеуметтанудың негізгі категорияларының бірі. Кең мағынада әлеуметтік институттар, ұйымдар, қауымдастықтар мен топтар, жеке индивидтердің жұмыс істеуі және дамуында көрінетін адамдардың тарихи өзгерістегі тіршілік әрекетінің формасын білдіретін табиғаттан бөлініп шыққан жүйелік құрылым ретінде анықталады. Тар мағынада қоғам деп әлеуметтік жүйенің тарихи нақты типі (мысалы, феодалдық қоғам) немесе жеке әлеуметтік организм (мысалы, қытай қоғамы) жиі түсініледі.
Қоғам - адамдардың өмірі мен қызметін ұйымдастыру формаларының жиынтығы, олардың жан-жақты және көп деңгейлі өзара тәуелділікте болатын өмір тіршілігі.
Әлеуметтік философия тарихында қоғамды қарастырудың әртүрлі тәсілдерін, үлгілерін байқауға болады:
- «әлеуметтік инстинктерді» қанағаттандыру үшін біріккен индивидтер жиынтығы (Аристотель);
-қоғамды организммен теңдестіріп және әлеуметтік өмірді биологиялық заңдылықтармен түсіндірген әлеуметтанудағы органикалық мектептің ойшылдарының көзқарастары (Г. Спенсер, т. б.);
- қоғам адамдардың ерікті келісімінің нәтижесі ретіндегі концепция («қоғамдық шарт» - Гоббс, Локк, Дюркгейм, Вебер, Руссо, т. б.);
- қоғам мен адамды табиғаттың бөліктері ретінде қарастыру (Спиноза, Дидро, Гольбах, т.б.);
- жалпы қоғам және қоғамдық-экономикалық формациялар оның дамуының сапалы анықталған тарихи дәрежелері ретінде (Маркс, марксизм);
-индустриалдыққа дейінгі қоғам, индустриалдық және постиндустриалдық қоғам түрлеріне бөлу (Арон, Ростоу, Белл, Гэлбрейт, Кан, Тоффлер);
- қоғамды өркениеттер жиынтығы деп қарастыру (Данилевский, Тойнби, Шпенглер);
- әлеуметтік іс-әрекет теориясы («түсінуші әлеуметтану» - М. Вебер, Ф. Знанецкий, т.б.);
- қоғамды функционализм түрғысынан қарастыру («әлеуметтік рольдерді атқару теориясы» - Парсонс, Мертон жэне басқалар).
Қазіргі кезеңде қоғамды зерттеуде әртүрлі тәсілдер қатар пайдаланылады.
Давайте проложим путь!
Давайте работать, чтобы достичь больших высот в 2021 году
Программа маркетинга на 2020 год
Агентство недвижимости «Сады»

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет