Қойған және қабылдаған шешімдері талқыланбайды



Дата08.01.2023
өлшемі15,64 Kb.
#60631

1. Басшылық стильдері
Басқару стильдеріне келсек, бірінші Авторитарлы стиль. Бұл стильде маңызды шешімдерді тек басшы
қабылдайды және бұл стильдегі басшы өте қатал болады. Қызметкерлер бағыныштылар, олар шешім қабылдамады.Команданың қандай шешім қабылдауы тек қана басшыға тікелей қатысты болып келеді. Қызметкерлер тікелей басшыға бағынышы болады.Басшы өзінің жеке ережелерін қояды және оның
қойған және қабылдаған шешімдері талқыланбайды.
Келесі Демократиялық стиль. Бұл стильде басшы командамен бірге.Барлық жиналыстарда ұжыммен бірге және олармен жақсы қарым қатынаста.Қызметкерлер көп жағдайда еркін.Бұл стиль Авторитарлы стильге қарағанда өзгеше. Біріншіден басшылық командамен тығыз қарым қатынаста және команда
мүшелері еркін.Сонымен қатар командалық шешім қабылдау барысында барлық команда мүшелерінің ойы толықтай ескеріліледі.Егер біреуге бұл шешім ұнамаса шешімге өзгерістер енгізіледі. Бұл басқару стилі өте кең таралған.
Келесі Либералды стиль бұл стильде басшы командамен тығыз байланыста болмайды бірақ, жақсы нәтиже болған жағдайда барлығына алғыс айтады.Бұл басқарудағы басшы көбінесе қызметкерлермен санасады.

2.Менеджердің бес негізгі еңбек операцияларын көрсетіңіз.


1.Менеджер команда үшін мақсат-міндеттер қояды. Ол команданың алға қойған мақсаттарын анықтап,
оған жету жолдарын табуы керек.
2.Менеджер қойылған мақсаттарға жету үшін әрекеттер ұйымдастырады. Бұл кезеңде менеджер іс әркеттерді қызметкерлерге теңдей бөліп береді және жұмысты құрылымдайды, барлығын бақылауда ұстайды.
3.Менеджер команданы ақпаратпен қамтамасыз етеді және командаға мотивация беруі керек.Бұл
кезеңде менеджер өз әдістері арқылы команда мүшелерімен жақсы катынас орнатып,оларды шабыттандыруы керек.
4.Менеджер барлығын тексеріп, барлығын өз бақылауында ұстауы керек.Менеджер жұмыс
өнімділігін өткен жылмен салыстырыта отырып,көрсеткіштер жасайды.Сол көрсеткіштерді қызметкерлерге жеткізіп, барлығын өз бақылауында ұстауы керек.
5.Менеджер әрдайым өзін дамытып отыруы керек.Бұл дегеніміз менеджер өз біліктілігін, өз жеке қасиеттерін әрдайым дамытып отыруы керек.

3.Білім беру көшбасшысының миссиясын анықтаңыз


1.Оқушыны ең алдымен дұрыс айту, дұрыс жазу, дұрыс ойлауға үйрету
2.Белгілі бір пәнді жоғары деңгейде меңгерту және оның болашақта білім алушыға пайдасы тиюін қамтамасыз ету.
3.Білім алушы бойында жалпы адамзаттық құндылықтарды қалыптастыру
4.Оқушы бойында тұлға қалыптастыру.
5.Білім алушы бойында көшбасшылық қасиеттер қалыптастыру
6.Балаға психологиялық білім беріп, мықты тұлға қалыптастыру
7.Оқушының дара ерекшеліктерін дамыту.
8.Оқушыға жоғары деңгейде білім беру.
9.Балаға рухани білім беріп, оның рухани байлығын байыту
10.Бала бойында жеке көзқарас қалыптастыру.
11.Бала болашағыны бағыт бағдар беру
12.Оқушыны интелектуалды дамыту
13.Білім алушы бойында ғылыми дүниетаным қалыптастыру.
14. Болашақта еңбек етуге қабілетті білімді тұлға қалыптастыру.
15.Білім алушыға оқитын пәндер мәнісін түсіндіру.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет