Физика және астрономия пәніне арналған Білім беру коды және бейіні: Мамандығы


Автотербелiс. Өшпейтiн тербелiстiң транзисторлық генераторы



бет75/120
Дата06.01.2022
өлшемі1,39 Mb.
#13772
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   120

Автотербелiс. Өшпейтiн тербелiстiң транзисторлық генераторы





2.2 – сурет
Нақтылы жүйелердегi тербелiстер белгiлi бiр уақыт өткеннен соң өшедi. Тербелiстердiң бұлай өшуi жүйенiң толық энергиясының бiрте-бiрте қайтымсыз түрде жоғалуымен байланысты. Бұл энергия, механикалық жүйелерде тербелiс болып жатқан ортаның кедергiсiнiң, ал электромагниттiк жүйелерде электр тiзбегiнiң кедергiсiнiң салдарынан шығындалады. Тербелiс өшпеу үшiн осы шығындалған энергияның орнын дер кезiнде толтырып отыру қажет.

Өшпейтiн тербелiстердi алудың бiр жолы осы жүйеге сырттан периодты түрде өзгерiп отыратын күшпен әсер ету. Бұлай болғанда бiз ерiксiз, әрi өшпейтiн тербелiстер аламыз. Сонымен қатар, өшпейтiн тербелiстердi алудың тағы бiр мүмкiндiгi бар. Ол сырттан берiлетiн әсер периодты болмағанымен, жүйенiң iшкi құрылымында осы берiлген тұрақты әсердi жүйеге реттеп, периодты түрде iркiп берiп отыратын тетiктiң болуымен байланысты. Мұндай тетiгi бар жүйелердi автотербелмелi жүйелер деп атайды да, осындай жүйелерде туындылайтын тербелiстердi автотербелiстер деп атайды. Автотербелмелi жүйенiң қарапайым бiр мысалы өзiмiзге жақсы таныс механикалық сағаттар ( 2.2 – сурет ).






2.3 – сурет
Кез-келген автотербелмелi жүйе мынадай негiзгi үш бөлiктен тұрады : тербелетiн жүйе, сыртқы тұрақты энергия көзi, керi байланыс тетiгi ( 2.3 – сурет ).

Электромагниттiк автотербелiс жасайтын жүйе де осы құрылымға негiзделген. Мұнда тербелмелi жүйе ретiнде әдеттегi тербелмелi контур, энергия көзi ретiнде - батарея, ал керi байланыс тетiгi ретiнде - транзистор пайдаланылған ( 2.4 – сурет ). Бұл құрылымның жұмыс принципi мынадай : зарядталған конденсатор разрядтала бастаған кезде 






2.4 - сурет
тербелмелi контур тiзбегiнде ток жүредi де индуктивтi Lк катушкасында магнит өрiсi туындылайды. Бұл пайда болған магнит өрiсiнiң ағыны өз кезегiнде Lкб керi байланыс катушкасын да тесiп өткендiктен электромагниттiк индукция құбылысына сәйкес бұл тiзбекте де ток пайда болады. Керi байланыс катушкасының бiр ұшы транзистордың эмиттерiне, ал екiншi ұшы базасына жалғанған. Коллектор тiзбегiндегi ток артқан кезде базадағы потенциал тразисторды ашатындай мәнге ие болады да, тiзбектегi ток кемiген кезде базадағы потенциал транзисторды жабатындай мән қабылдайды. Транзистор ашылған кезде ток көзi жалғанған тiзбек конденсатормен қосылады да жоғалған энергияның орны толығады. Мұндай жүйенi өшпейтiн электромагниттiк тербелiстердiң транзисторлық генераторы деп атайды. Осы принципке негiзделiп жасалған генераторлар қазiргi заман техникасының көптеген салаларында (радиотехника, компьютерлiк техника т.с.с. ) табыспен қолданылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   120




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет