"Негізгі алмасу - ағза жүйелерінің жұмысына қажетті энергия"
Энергия алмасу – ағза тіршілігінің негізі.
Энергия алмасуы әр кезде жылу алмасумен бірге жүреді. Қоректік заттардан потенциальдық энергия бөлінеді, атап айтқанда, жылу, яғни ағзаның барлык жүйелерінің қызмет еткен белгісі, ағза үшін энергия көзі тағам. Диссимиляция процессі энергия бөлумен жүреді, яғни химиялық энергия кинетикалық энергияға айналады. ... Алмасудың қарқыны, жалпы энергия шығынымен анықталатын, көптеген жағдайларға байланысты өзгеруі мүмкін ең алдымен атқаратын жұмысына байланысты. Зат алмасумен энергия алмасуға әсер ететін бірден-бір фактор бұл тағамның арнайы динамикалық әсері. Организм тағамдық заттарды қабылдағанда ,жылу беру қабылданған тағамда болатын калориядан басым болады. Энергия алмасуы әр кезде жылу алмасумен бірге жүреді. Қоректік заттардан потенциальдық энергия бөлінеді, атап айтқанда, жылу, яғни ағзаның барлык жүйелерінің қызмет еткен белгісі, ағза үшін энергия көзі тағам. Диссимиляция процессі энергия бөлумен жүреді, яғни химиялық энергия кинетикалық энергияға айналады.
Алмасудың қарқыны, жалпы энергия шығынымен анықталатын, көптеген жағдайларға байланысты өзгеруі мүмкін ең алдымен атқаратын жұмысына байланысты. Зат алмасумен энергия алмасуға әсер ететін бірден-бір фактор бұл тағамның арнайы динамикалық әсері. Организм тағамдық заттарды қабылдағанда ,жылу беру қабылданған тағамда болатын калориядан басым болады. Балалық шақта және жасөспірім кезде энергия шығыны көп болады.
Зат және энергия алмасуы — тірі жүйелердегі заттар мен энергияның басқа түрге айналуы, олардың азаюы немесе көбеюіне бағышталған ереже. Ол жүйелі түрде және белгілі бір тәртіппен жүретін қүбылыс. Зат алмасу және энергия алмасу — бір-бірімен тығыз байланысқан және диалектикалық бірлік болып, есептеледі.
И. М. Сеченов, К. А. Тимирязев сияқты ғылымның физиологиялық негізін қалаушы-ғалымдар тірі организмнің қасиеті оның үнемі, организмдегі қүрай-тын заттармен және оны қоршаған ортадан өзі үнемі қабылдап отыратын, бойына сіңіріп және оны басқа түрге айналдырып, қайтадан, ыдырау қүбылысы арқылы бөліп шығаратын заттардың арасындағы алмасуында екендігін дәлел-деген. Павлов И. Н. зат алмасуды организмнің негізгі физиологиялық әрекеті деп атаған. А. И. Опарин жер бетінде даму, пайда болу барысындағы зат алмасу эволюциясының негізгі заңдылықтарын зерттеген. Зат алмасу арқасында организм өзінің тіршілік етуі үшін қуат (қуат алмасу) және клеткалардың қүры-лысы және жаңарып отыруы үшін (пластикалық қүбылыс) материалдар алады.
01.
02.
Ассимиляция, яғни тамақ арқылы организмге түсетін заттарды сіңіру және жинақтау (неғүрлым жәй заттардан күрделі химиялық қосылыстардың түзелуі).
Диссимиляция — организм қүрамына кіретін заттардың ажырап, ыдырауы.
Зат алмасу барысында екі процесс жүреді:
Заттардың ажырауы нәтижесінде қуат бөлінеді, осы қүбылыстардың ара-сында тепе-теңдік сақталған жағдайда ғана организм жетіліп, дамып, өзінен-өзі жаңарып отырады.
Балалардың даму және өсу кезеңінде анаболикалық процесс катаболикалык процестен басым келеді. Бүл басымдылық, бір уақыт мөлшерінде салмағынын өзгеруін көрсететін, даму жылдамдығына сай келеді.
Зат алмасу процесі адам организміндегі жекелеген қүрылымдармен байланыс-ты. Митохондрияларда зат алмасу процестерінің негізгі бөлігі, арнайы тотығу және энергетикалық процесс (Кребс циклі және т.б.) жүреді. Рибосомада белок синтезделеді, ол қажетті энергияны митохондриялардан алады. Протоплаз-маның негізгі заты гиалоплазманың гликолиз және басқа ферменттік реакция-ларда маңызы үлкен.
Клетканың қүрылысының, оның функциясымен тығыз байланысты екенін атап өту керек. Клетканың қүрылысы түрақты болмайды. Олар өне-бойына жаңа-дан пайда болып және ыдырап отырады. Бүл қүбылыста зат алмасу процессіне байланысты. Мысалы, эритроциттер 80 - 120 күн, нейтрофилдер 1 - 3 күн, тром-боциттер 8-10 күн өмір сүреді. Қан плазмасының барлық бөлігінің жартысы 2 -4 күнде жаңарып отырады. Тіптен тіс эмалының өзі де үдайы жаңарып түрады.
Зат алмасу процестері оның рет-ретімен жүруіне байланысты 4 үлкен топқа бөлінеді:
1. Ас қорыту — ас қорыту жолында жүретін қүбылыс, тамақтағы заттардың сіңірілуін дайындайды. Бүган бактерия флоролары арқылы жүретін ыды-рау, бөліну жатады.
2. Резорбция — ішектің кілегей қабаты арқылы заттардың сіңірілуі.
3. Аралық зат алмасу — клеткаларды жүретін жинақталу және ыдырау қүбылыстары, олар ферменттердің қатысуымен және нейрогуморальды реттеу арқылы жүреді.
4. Зат алмасу барысындағы ең соңғы заттардың бөлінуі.
Белок, май, көмірсулар қүрылысының жинақталуы мен диссимиляциясы-ның өздеріне тән ерекшеліктері және арнайы түрлері болғанымен, бүл әртүрлі заттардың басқа түрге айналуы негізгі ортақ сатылар мен заңдылықтарда түрады. Балалардың зат алмасуының бүзылуын шартты түрде 3 үлкен топқа бөлуге болады.
І-топ — түқым қуалайтын, генетикалық аурулар, оның себебі зат алма-суға қатысты, бір заттың жетіспеушілігі (фермент, ферменттер). Мысалы, амин қышқылдар метиболизіміне қатысты аминоацидопатия.
Қазіргі кезде 400-ге жуық генетикалық зат алмасу ауруларының түрлері белгілі.
Н-топ — зат алмасуының транзиторлы (өткінші) бүзылуы. Ол бала дене-сінің өсуі кезінде белгілі бір фермент жүйесінің жетілуінің тоқтап қалуына байланысты. Мысалы, транзиторлы фенилаланинемия. Ол бала дүниеге келген алғашқы күндері мен айларда байқалады. Өсе келе жойылып кетеді.
Ш-топ. Әртүрлі аурулар кезінде пайда болатын немесе аурудан соң біраз уақыт сақталатын зат алмасудың бүзылу синдромдары. Мысалы, іш ауруынан кейін байқалатын синдромдар.
Энергия алмасу — бүл организмді тіршілік етуі үшін энергиямен қамта-масыз ететін бейспецификалық универсальды зат алмасудың бір түрі. Бала-ның зат алмасуы үлкен адамдармен салыстырғанда жедел жүреді, яғни:
1. Ассимиляция қүбылысы диссимиляция қүбылысынан басым болады, яғни заттар мен энергия қорының пайда болуына мүмкіншілік туады.
2. Негізгі зат алмасу күштірек болады, себебі негізгі зат алмасу немесе тыныштық зат алмасуы жаңа тканьдердің қүралуы арқылы күшті болады.
3. Баланың жасы кіші болған сайын бүл жаңа тканьдердің қүрылуына, негізгі зат алмасуға жүмсалатын энергияның жүмсалуы да көп болады.
4. Үлкендерге қарағанда балалардың организмі белок, май, көмірсуларды көп қажет етеді.
Жаңа туған баланың зат алмасуына дененің 1 кг салмағына 40 калория, 1-3 жаста — 55 ккал/кг., 4-5 жаста — 42, 7-9 жаста — 33, 10 - 15 жаста — 34, ал үлкен адамдарда — 20 ккал/кг қажет болып келеді.
Энергия жұмсалуы. 1 кг салмаққа жаңа туған балада —100 ккал., 1-3 жаста — 100 - 90 ккал., 4-5 жаста 80— 90, 7 - 9 жаста 80—70, 10-15 жаста — 70 - 50, үлкен адамдарда — 45 ккал болып келеді.
Негізгі зат алмасу — организмнің тыныштық кезіндегі қалыпты әрекеттерді қамтамасыз етуге жүмсалатын энергия көлемі. Үлкендермен салыстырғанда жаңа туған балада ол 2 есе жоғары. Ол бала дүниеге келгеннен кейінгі 2 - 3-ші тәуліктен бастап көбейе бастайды да, жоғары шегіне 1-ші жылдың аяғында жетеді. Осы қалыпта бала 2 жасқа толғанға дейін түрады, содан соң тағы да 1,5 есе көбейеді.
Баланың энергия алмасу ерекшелігі — оның тез өсуі мен биосинтетикалық жүмысының жоғары деңгейі болуына және біраз реттеуші жүйелердің қызмет-терінің жетілмейтіндігіне байланысты болады. Өсіп келе жатқан организмнің қуатты өтуін фосфорланудың және тотығушы процестердің жоғарғы деңгейі қамтамасыз етеді. Баланың алғашқы 1 -ші жылында, оның үрыққа тән зат алмасуы көп өзгереді. Жаңа туған баланың организмінде жоғары деңгейде жүретін глико-литтік процесс (гипоксияға қарсы күшін қамтамасыз етуші) біртіндеп азаяды.
6 айға дейінгі баланың 1 кг салмағына жүмсайтын энергиясы үлкендерден 3 есе көп болады. Баланың денесінің сызықты мөлшерлерімен салмақ бірлі-гіне энергия жүмсау арасындағы болатын кері байланыс анықталған. Жасқа дейінгі баланың ең жоғары энергаясы 1 минутқа 1 кг салмаққа қажет ету мөлшері өттегіні сіңіруден және көмір қышқыл газын бөлуден 2 есе жоғары болады. Газ алмасу жылдамдығы өкпедегі оттегінің айналып жүруінің тездігіне байланысты және жүректің жиырылу ырғағының жиілеуі мен қан жүруінің күшеюіне және т.б. байланысты организм өсіп дамыған сайын, оттегінің тиім-ділігі мен үнемделуінің тәртібі қалыптасады.
Зат алмасу негізінде энергияның бөлінуінің 3 негізгі сатысы бар.
1-сатыда ас қорыту жолында үлкен молекулалар кіші молекулаларға бөлінеді. Көмірсулардан 3 гексоза (қант, галактоза, фруктоза), белоктан 20 амин қыш-қылы, майдан — глицерин және май қышқылдары, сиректеу қанттар пайда болады. І-ші сатыдағы химиялық реакцияларда тамақтарды энергияның бөлініп шығуына дайындайды.
2-ші сатыда бұл заттар одан әрі ыдырайды. Бұнда 30 %-ға жуык энергия бөлінеді. Ол қоректі заттарда сақталады.
3-ші сатыда Кребстің үш карбонды қышқыл циклында 2-сатысының 3 соңғы қоректі заттардың су және көмір қышқылына дейін ыдырауы. Осы арқылы қорек-ті заттардан 60 - 70 пайыз энергия бөлінеді. Кребс циклы көмірсулардың, белок-тың және майдың ыдырауының жолының соңғысы болып есептелінеді. Бүл зат алмасудағы «түйісу» жері болып табылады. Бұл жерде әртүрлі қүбылыстардың өзгерісі түйіседі және бір-бірімен жинақталу реакциялары жүруі мүмкін.
Энергияның сақталуы қоректі заттардың арнайы химиялық қоспаға ыды-рауы кезінде пайда болатын энергияға байланысты. Ол химиялық қоспаны макроэргтер деп атайды. Олар әртүрлі фосфорлы қосылыстарда болады. Не-гізгі зат алмасуының күшеюі қалқанша"-5езінің қызметі арытқанда, қызба ауру-ларда, тыныс және жүрек жарамсыздығында, лейкозда, Кушинг ауруында кез-деседі. Ал, төмендеуі — гипотериозда, анемияда, гипофиздің алдыңғы бөлігі-нің әрекеті төмендегенде, бүйрек безінің созылмалы жарамсыздығында, ашық-қанда кездеседі.
haзарларыңызға рахмет!