Физикадағы білім беруде модельдеу жүйесі. Физикадағы көрнекі құралдардың кітапханасы



Дата29.11.2022
өлшемі0,82 Mb.
#53361

Физикадағы білім беруде модельдеу жүйесі. Физикадағы көрнекі құралдардың кітапханасы.

Орындаған: Асыланова Д.З.

Тексерген: Аймаганбетова З.К.,доцент,PhD докторы


Қазіргі таңда математикалық модельдеу табиғат туралы жаңа ақпаратты аз уақыт ішінде алуға мүмкіндік береді. Математикалық модельдеуді ғылымның әртүрлі саласында өзекті мәселелерді шешу және зертханалық талдаулардысәтті жасау үшін қолданады. Физика ғылым саласында, физиканы үйрету әдістерінде «модель және модельдеу» бір мағынада қолданылады. «Модель» ұғымының өзі уақыт өте келе қолдану аясы кеңеюде. Бастапқыда зерттелетін нысанның моделі немесе белгілі бір үлгідегі нысанға қатысты, ғимарат моделі, әлем моделі ретінде ғана қолданылды. Уақыт өте келе «модель» ұғымының қолдану аясы кеңейіп, нақты нысандардың моделі ретінде ғана емес, физикалық процестердің, идеалды абстрактілі құрылымдардың да моделі ретінде қарастырыла бастады. Модель туралы мұндай түсінікке заманауи математикалық модельдеу себеп болып отыр. Математикалық модель деп кейбір математикалық нысанның оның нақты нысанына сәйкестігін анықтау процесі және қарастырып отырған нысанның толық сипаттамасын алуға мүмкіндік беретін зерттеуді айтады. Берілген мақалада математикалық модельдеудің маңызы, білім алушыларды модельдеуге, ойлау құралы ретінде ойша эксперимент жасауға үйрету мәселесі қарастырылады.
Физика курсын оқығанда есептер шешуге көп мән беріледі. Физикалық есептерді шешу және талдау жасау арқылы, физиканың заңдары мен формулаларын есте сақтауға болады. Егер физикадан есептер шешпесек, табиғатта болып жатқан құбылыстар мен өзгерістерді толықтай түсіндіріп бере алмаймыз. Сонымен қатар, есептерді шешу барысында мұғалімнің көмегінсіз білім алушының алдында көптеген қиындықтар кездеседі. Тақырыпты толық меңгермей есеп шығара алмайды, есеп шығармаса тақырыпты меңгере алмайды. Физикалық есептердің қиындығы - есепті шешу үшін қажетті ойша талдау жасау. Есепті шешу барысында есепке талдау жасау, салыстыру тек қана білімді ғана емес, баланың ойлау қабілетін де қажет етеді. Физика есептерін шешу білім алушыларды тек қана танымның ғылыми әдістемесіне үйретіп қана қоймай, олардың шығармашылық қабілетін, ойлау дағдысын, жан - жақтылығын дамытады.
Физикалық есептерді шешуде әртүрлі әдістерді, соның ішінде, есептерді математикалық моделдеуді дамыту, білім саласындағы өзекті мәселелердің бірі. Физиканы оқытуда математикалық модельдеу зерттеу әдістерінің маңызды бөлігі болып саналады. Табиғат құбылыстарын зерттеуде кең тараған дәстүрлі үш ғылыми әдісті атап өтуге болады. Олар: бақылау, эксперимент және теориялық талдау әдістері. Бақылаулар негізінен ғылыми деректер жинақтау үшін қолданылады. Ғылыми деректерді өзара салыстырып, теориялық талдаулар жасалады. Теориялық талдауларды жүйеге түсіру арқылы заңдылықтар ашылады. Бақылау деректерін жинақтау үшін де, теориялық қорытындыларды тексеру үшін де экперимент қолданылады.

Физикалық есепті ғылыми зерттеу барысында математикалық моделдеуді қолдану мынадай сатылардан тұрады:


1. Нақты тапсырмадағы жағдайды оның пәндік үлгісімен ауыстыру;
2. Алынған пәндік модель үшін, есептің түпнұсқалық тұжырымын қоса алғанда математикалық моделін алу;
3. Тиісті математикалық есептеулер жүргізу;
4. Табылған шешімді пәндік модельмен түсіндіру;

Қарастырылған модель мен нысан арасындағы сәйкестік әртүрлі деңгейде болуы мүмкін:

  • а) моделдік құрылымның жекелеген элементтерінің сәйкестігі деңгейінде;
  • ә) кейбір маңызды сипаттамаларының сәйкестігі деңгейінде;
  • б) модель элементтері мен қарастырып жатқан нысанның элементтері арасындағы қатынастардың ұқсастығы деңгейінде;

Физикалық есептерді математикалық моделдеу.

  • Барлық модельдер материалдық (пәндік немесе нақты) және идеалды (ойша) болып бөлінеді. Ал, физикалық есептерді математикалық модельдеу кезеңдері: есептің мазмұндық қойылуы, есептің тұжырымдамалық қойылуы және есептің математикалық қойылуынан тұрады.


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет