Физикалық есеп



бет1/3
Дата19.05.2022
өлшемі25,11 Kb.
#35108
  1   2   3

  1. Физикалық есеп - физикалық құбылыстар бойынша құрылған,шешуді қажет ететін күрделі әртүрлі проблемалық сұрақтар.

Физикалық заңдар мен әдістердің негізіне сүйене отырып, математикалық амалдардың, тәжірибелер мен эксперименттердің, логикалық ой қорытындылаудың көмегімен шешілетін мәселені физикалық есеп деп атайды.

  1. Есептің физиканы оқытудағы маңызы - оның көмегімен тек физикадан білім беріп қана қоймай оқушыларға патриоттық, экологиялық, әлеуметтік, экономикалық тәрбие беруге болатындығында. Физикадан есеп шығарту арқылы оқушылардың алған білімінің деңгейі мен оны практикада қолдану дағдысы мен ебдейлігін тексеруге болады.

Физикалық есептерді шығарудың мынадай маңызы бар:
-оқушылардың логикалық және физикалық ойлауын дамытады, математикалық амалдар мен түрлендірулерді орындауға жаттықтырады, физикалық заңдар мен эксперименттің сандық және сапалық мағыналарын ашады,
-физикалық құбылыстар мен заңдылықтардың практикалық маңызына және өмірмен байланыстылығына көз жеткізеді;
-мектеп оқушыларын тапқырлыққа, өз бетінше жұмыс істеуге, еңбексүйгіштікке, қиындықты жеңе білу төзімділігіне үйретеді, олардың ерік-жігерін қайрайды;
-сабақта проблемалық жағдай туызып, оны шешуге мүмкіндік береді;
-физикалық құбылыстар мен заңдарды және теорияларды талдауға, қорытындылауға және олардың арасындағы өзара байланыстарды тағайындауға мүмкіндік береді;
-оқушылардың білімдерін, ебдейліктері мен дағдыларын жүйеге келтіріп, оларды дамытуға септігін тигізеді;
-пән аралық байланысты дамытады;
-оқушылардың физикаға қызығушылығын арттырады және т.б.;



  1. Физика есептері мазмұны мен дидактикалық мақсаттарына сай алуан түрлі. Оларды түрлі мазмұндағы көптеген есептер үшін неғұрлым типтік қасиеттерін бейнелейтін әртүрлі белгілеріне қарай классификациялауға болады.

Физикада есептерді көптеген белгілері бойынша классификациялайды :

  • мазмұнына, қойылуына,

  • сұрақты зеттеу тереңдігіне,

  • шығару тәсіліне,

  • қиындық дәрежесіне байланысты және т.б.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет