Жобаны дайындау алгоритмі ( математика, әдебиеттік оқу, дүниетану, жаратылыстану пәндерінен жоба ұсыну)



Дата03.11.2022
өлшемі8,36 Kb.
#47279

Жобаны дайындау алгоритмі ( математика, әдебиеттік оқу, дүниетану, жаратылыстану пәндерінен жоба ұсыну)

Зерттеудің өзектілігі: Математика және табиғат туралы зерделеп, оның қыр-сырларын ашып, математика мен табиғаттың тығыз байланыстылығына көз жеткізу ғылыми жұмыстың өзектілігі болып табылады.


Зерттеудің мақсаты: Табиғаттың математикамен тығыз байланыстылығын анықтай біліп, көре біліп, қолдану аясын кеңейтіп, математикалық іс – әрекетке тән ойлау сапасын
қалыптастыруға болады. Зерттеудің міндеттері:
· Математика пәніне деген қызығушылықты ояту;
· Математиканы оқып-үйренуге құмарлықты арттыру;
· Айналамыздағы табиғат пен құбылысарды тани білу дағдыларды қалыптастыру;
· Математикадан алған білімді тәжірибеде қолдана білу;
· Логикалық ой қорытындысы жасал,идеялар,гипотезаларды ұсынуға қабілетті қалыптастыру;
Зерттеудің әдістері: Сипаттау, сұрыптау, анықтау, дәлелдеу әдістері қолданылды.
Зерттеудің әдістанымдық негізі: Алдамұратова Т. А. «Математика» Алматы «Атамұра» 2001ж.
Зерттеудің материалдары мен дереккөздері: «Ұлттық дүниетаным, Жасыл әлем сырлары, Математика және физика» журналдары, «Қазақстан» Ұлттық Энциклопедия «6 том».
Болжам: Математика мен табиғат байланысының тылсым дүниелерінің қыр-сырларын зерделесек, нәтижеге бағдарланған математикалық білім танымына жол ашылады.
Республикамыздың алғашқы президенті Н.Назарбаев өзінің жолдауында әлемдегі ең озық 30 елдің қатарына кіру стратегиясын айқындаған болатын. Оның басты міндеттерінің бірі – ғылым мен білім, жаңа технологиялар бәсекелестіктің шешуші факторы екендігін атап көрсетті.
Осы ғылым мен білімді меңгеру үшін ең бірінші адамның табандылығы, еңбекқорлығы, ынтасы болуы керек. Осы қасиеттер болғанда ғана адамда бәсекелестік туады. Ғылыми зерттеу жұмысы да осы сияқты табандылықты, шыдамдылықты, көп ойлануды, сондай-ақ еңбекқорлықты талап етеді. Осындай қасиеттердің арқасында мектептегі математика сүйіп оқитын пәндерімнің біріне айналды. Математикаға қызығушылығымнан туындаған «Математика және табиғат» тақырыбын зерделеу, оның қыр-сырларын ашып, математика мен табиғаттың тығыз байланыстылығына көз жеткізу менің алдыма қойған мақсатым. «Талаптыға нұр жауар» демекші, қажымас қайрат, таусылмас талап болса, зерттеуімнің көптеген сырларын аша аламын деп ойлаймын. Бәрінен де тиімдісі – өз көзіңмен көріп бақылау қажет.
Көңіл шіркін кірлесе егер қарайып, Орман кезіп,бойымызды жазайық. Сұлулықпен жаулап алған жанарды Беу,табиғат тылсымың бар ғажайып. Тұратұғын бізге жұмбақ сандардан,
Құзыретіңе ғалымдар да таңғалған. Табиғаттың шеберлігі шексіз-ау Жер,су,ауа-бір-біріне жалғанған. Еккен гүлің сумен ғана өседі, Табиғатсыз өмір де жоқ деседі. Математик мынау жердің байлығын Өлшеп, екшеп, саралаумен шешеді-деп ақын жырлапты.
Аспан, ай, күн, жұлдыз, тау, тас, өзен, көл, өсімдік (ағаш, бұта, шөп), аң, құс, адам - осылардың барлығы табиғатты құрайды.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет