Байланысты: Саба ты та ырыбы Ішкі энергия ж не энтальпия
Сабақтың тақырыбы:Ішкі энергия және энтальпия. Мақсаты :
10.3.1.1 ішкі энергия және энтальпия өзгерістер жылу эффектісі болып табылатындығын түсіну;
10.3.1.2 химиялық реакциялар - байланыстардың үзілуі мен жаңа байланыстардың түзілу процесін қамтитындығын түсіну;
Қысқаша тезисті конспект:
Ішкі энергияға (U) молекулалық құрылым мен молекулалық белсенділіктің энергиясы кіреді. Бұл жүйе энергиясының барлық микроскопиялық формаларының қосындысы. Молекулалар қозғалатындықтан, оларда трансляциялық энергия бар және т.б., сіз ішкі энергияны анықтаған кезде, молекулалық энергияның әр түрлі құрамдас бөліктерін есепке алмайсыз. Термодинамикалық талдауды жеңілдетеді.
Энтальпия (гр.enthalpo – жылытамын, қыздырамын), жылулық функция, жылу мөлшері – термодинамикалық жүйе күйінің функциясы болып келетін жылуға қатысты шама. Бұл терминді алғаш Х.Камерлинг-Онненс енгізген. Энтальпия (H) жүйенің ішкі энергиясының (U) және жүйенің қысымы (p) мен көлемі көбейтіндісінің қосындысына тең: H=U+pV. Изобаралықпроцестегі (p=const) Энтальпияныңөсімшесібөлшектер саны тұрақтыболатынгомогендіжүйегеберілгенжылумөлшерінетең. Мұндайжағдайда Энтальпия жылуфункциясы депаталады. Энтальпияныңөзгеруі қысым тұрақтыболғанжағдайдажүйегеберілетіннемесеоданалынатынжылумөлшерінетеңболады. Сондықтанэнтальпияныңөзгерісіқысымтұрақтыболғандажүретінфазалықауысулар (балқу, қайнау, т.б.) мен әртүрлі химиялықпроцестердегі жылуларды (түзілужылуы, жанужылуы, еру жылуы, атомданужылуы, т.б) сипаттайды. Энтальпия БірліктердіңХалықаралықжүйесінде (СИ) джоульмен (Дж.) өрнектеледі.
Оқулық беттеріне, Интернет-ресурстарға сілтеме : видео
https://youtu.be/VDkV4aniBUs
Оқушыларға арналған тапсырмалар : оқулықтағы 4 тапсырма 116 бет
Кері байланыс: орындалған тапсырманы оқушы электронды пошта немесе WhatsApp» мобильді қосымшасы арқылы жібереді.
Ескерту: Сабақтың ұзақтығы – 10-15 минуттан аспауы тиіс.