Пәннің негізгі мақсаты әр түрлі мақсаттағы байланыс жүйелері мен желілерінің функционалдау негізі мен құру қағидаларын оқып үйрену.
XX ғасырдың басында телефон қызметін ұсыну үшін байланыс желісі пайда болды және кейінгі уақытта, сыйымдылығы, тарату жылдамдығы, қолданылатын технологиялар мен коммутация тораптарының функциялары өзгерістерге ұшырады. Қазіргі кезде жалпы мақсатқа қолданылатын телефон желісінің дамуын негізгі үш этапқа бөліп қабылдауға болады.
Бірінші ұрпақ желілері - бұл дәстүрлі телефон желісі, немесе POTS (Plain Old Telephone Service), интегралдық қызметі бар цифрлық желі (Integrated Service Digital Network – ISDN) концепциясы пайда болғанға дейін қолданылатын технологиялық және желілік-құрылымдық шешімдер жиынтығын қосады. POTS желісіне аналогты тарату жүйелері және ондық- қадамды, координатты, жартылай электронды және цифрлық коммутация жүйесінің алғашқы нұсқалары жатады. 1980-ші жылдардың ордасында цифрлық тарату жүйелерінің пайда болуымен ISDN-нің желілік концепциясы дами бастады. Дегенмен де, негізгі ұсынатын қызмет телефония болып қалды.
90-шы жылдардың аяғында Ғаламтордың пайда болуымен оның негізгі тұтынушылары, желі сыйымдылығының артуына әсер етті Нәтижесінде, жалпы мақсаттағы телефон желісі мен желілік құрылымдардың артуына қажеттілік туындады. Бірақ-та екі параллелді желі құрылымын қолдану экономикалық және эксплуатациялық көрсеткіштері бойынша тиімсіз. Әр түрлі ақпараттар түрлерін бір желілік құрылымға біріктіруді қамтамасыз ететін, үшінші ұрпақ желісі - NGN (Next Generation Network) желісінің дүниеге келуіне әкеп соқты.
Байланыс желілерін басқару жүйесін құрудың жалпы принциптері Байланыс желісін басқару жүйесінің моделі Бұрынғы уақытта дыбыс пен жарық адамдарға ақпаратпен алмасу құралы болып келді. Дыбыс - біздің қатынасымыздың негізі. Бұл кезде қосымша құрылғылар қолданылды (от, факелдер, барабандар, ракеталар және т.б.). Бұрынғы жылдары хабаршылар хабарды жеткізіп және таратып отырған.
Ғасырлар бойы тәжірибе көрсеткендей, ақпаратты тиімді тасушы ретінде жарық табылады, оның көмегімен қысқа хабарларды алыс қашыққа жеткізуге болады.
Электрдің пайда болуы жаңа тарату құрылғыларын табуға көмектесті, хабарды жекткізу алдымен физикалық (сымдар) көмегімен, одан кейін сымсыз байланыс линиялары арқылы жеткізуді қамтамасыз ету. XIX ғасырдағы электрлік пен магнетизім теориясының дамуы алдымен сымды (телефондық және телеграфтық), одан кейін сымсыз байланыстың дүниеге келуі, барлық ақпараттық құрылғылар үшін -радиотарату, телевидение, ғаламтор, ұялы байланыстардың XX ғасырда күнделікті өмірде қолданылатын технологиялық базасы құрылды.
Алғашқы алыс қашықтықтағы ауалы байланыс линиялары 1854 ж. Петербург пен Варшава арасында тұрғызылды. Өткен ғасырдың 70-ші жылдарының басында Петербургтан Владивостокқа дейін 10 мың км ұзындықтағы ауалы телеграфтық линия құрылды. 1939 жылы әлемдегі ең ұзын жоғары жиілікті телефондық магистраль Москва-Хабаровск арасында 8300 км ұзындықта іске қосылды. 1876 жылы американдық өнертапқыш А.Г. Белл сымдар арқылы дауысты жіберу құрылғысы – телефонды патенттеді. Байланыстың сапасын жақсарту үшін 1898 жылы профессор П.Д. Войнаровский құрған арнайы екі сымды телефон желілерінің құрылысы керек болып табылды. Телефонды жетілдіруге өз үлесін орыс физигі П.М. Голубицкий қосты. Ол 1886 жылы ТА микрофондары телефон станциясында орналасқан бір (орталық) батареядан қуаттанатын телефон байланысының жаңа сызбасын әзірледі. Бұл жүйе бүкіл әлемде ОБ жүйесі атауымен енгізілді [1].Электромагнитті толқындарды қабылдауға арналған А.С. Попов құрылғысын алғаш рет көрсету 1895 жылы 7 мамырда өтті. Ал 1896 жылы наурызда А.С. Попов екі сөзден тұратын мәтінді сымсыз электр сигналдары көмегімен 250 метр қашықтыққа жіберді. 1922 жылы Мәскеу қаласында әлемде бірінші рет қуаты 12 кВт радиотаратқыш станция құрылды. 1935 жылы ұзындығы 150 км ультра қысқа толқынды радио желісі қатарға қосылды. Осы ара қашықтықты жабу үшін 50 және 100 км сайын әлсіреген радио толқындарды қабылдап, оларды жаңасына «ауыстырып», ары қарай жіберетін екі аралық «релелік» станциялар тұрғызылды. 1947 жылы «Белл» фирмасы әзірлеген ИКМ жүйесі туралы сөз шықты. 1962 жылы ИКМ-24 енгізудің бірінші коммерциялық жүйесі қолданысқа енді. 1960 жылы Америкада әлемде бірінші рет лазер жасалды. Бұл Нобель сыйлығын алған кеңес ғалымдары В.А. Фабрикант, Н.Г. Басов және А.М. Прохоров және американдық ғалым Ч. Таунс жұмыстары пайда болғаннан кейін мүмкін болды. 1970 жылы американдық «Corning Glass Company» фирмасында өте таза шыны алынды. Бұл байланыстың оптикалық кабельдерін жасау және бірге енгізуге мүмкіндік берді.