Функционалдау


Электрбайланыстың қазіргі даму тенденциясы



бет2/18
Дата10.05.2023
өлшемі424,93 Kb.
#91690
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18
Электрбайланыстың қазіргі даму тенденциясы.
Цифрлық тарату жүйелерінің қарқынды дамуы аналогты тарату жүйелерімен салыстырғанда бұл жүйелердің артықшылықтарымен: бөгеулікке тұрақтылығының жоғарлығымен, байланыс линиясының ұзындығына тарату сапасының тәуелсіздігімен, байланыс арналарының электрлік параметрлерінің тұрақтылығымен, дискреттік хабарларды тарату кезінде өткізу қабілетін тиімді пайдалануымен және т,б., түсіндіріледі. Қазіргі замандағы байланыс желілерінің даму негізі интеграция процесінде. Интеграциялық процестердің даму бағыты келесіде:
- электрондау, яғни, барлық техника мен электрбайланыс
технологиялары электрондық базаға көшуі;
- компьютерлеу –техника мен электрбайланыс технологияларының
компьютермен қамтылуы, әр түрлі деңгейде желілік өзара әрекеттесу интеграциясын жүзеге асырады;
- цифрландыру, өзінің артықшылықтарымен электрбайланысының барлық құрылымдық компоненттеріне: арналар, тарату және қабылдау құрылғыларына, коммутация және басқару жабдықтарына енді;
- интеллектуалдау, интеграциялық процестердің пайда болуы, электрбайланысының жаңа қызмет түрлерінің пайда болуы мен дамуына ықпал етеді;
- глобализация, глобалды ақпараттық инфрқұрылымды құру идеясының пайда болуы (тұтынушыға ақпаратты жеткізетін транспорттық байланыс желісі және таратылған қатынас желілері құрайды);
- стандарттау, негізгі құжат стандарт болып табылады. Себебі, электрбайланыс жүйесі әлемдікпен үйлесімділік тауып бірігуі, сонымен қазақстандық байланыс аумағындағы стандарттар мейлінше әлемдікке жақын болуы тиіс.
Телекоммуникациялық технологиялардың ары қарай дамуы ақпаратты тарату жылдамдығын арттыру бағытында болады, желіні интеллектуалдау және тұтынушылардың мобилдігін қамтамасыз ету. Жоғары жылдамдықтар -бейнені тарату үшін қажет, соның ішінде телевизиялық, әр түрлі ақпараттарды мультимедиялық қосымшаларда интеграциялау, жергілікті, қалалық және аумақтық байланыс желілерін ұйымдастыру. Интеллектуалдық - желінің иілгіштігі мен сенімділігін арттырып, глобалды желілерді басқаруды жеңілдетеді. Электрондық құрылғыларды кішірейту жетістігі, олардың бағасының төмендеуіне мобилді құрылғылардың дүниеге келуіне септігін тигізеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет