*Функционалды стиль түрлерінің ауызша және жазбаша түрлеріне ғылыми концепцияларын анықтау



Дата22.04.2022
өлшемі14,39 Kb.
#31970
Байланысты:
Документ (3)


 

    *Функционалды стиль түрлерінің ауызша және жазбаша түрлеріне ғылыми концепцияларын анықтау .*

М.Серғалиев: «Стиль – тілдің қоғамдық-әлеуметтік қызметіне байланысты жіктелетін әдеби тілдің функционалдық түрі» деген анықтама береді. Таза лингвистикалық мағынадағы стиль дегеніміз – белгілі мақсатқа сай, жағдайға орай, ойдың мазмұнына байланысты келетін, тарихи жағынан қалыптасқан тілдік құралдардың жиынтығы.

«Функционалды стиль», «функционалды стилистика» терминдері – орыс тіл білімі зерттеушілерінің танымынан туындап, қалыптасып орныққан атаулар. Функционалды стильдің әр түрлі қызметімен байлнысты болады. Тіл білімінде функционалды стиль мәселесімен айналысқан ғалымдар легінде В.Виноградов, Л.Щерба, Б.Ларин, Р.Будгов, М.Кожина, қазақ тіл білімінде М.Балақаев, М.Томанов, Б.Манасбаев, С.Исаев, Р.Сыздықова, М.Серғалиев, Б.Шалабай, т.б. ғалымдарды атауға болады.

Белгілі ғалым Р.Сыздықова «Функционалды стиль» терминіне қазақша атау ұсынып, өзіндік пайымдауларын тілдік деректер келтіре отырып дәләлдейді. Оны «мақсаттық», не «қызметтік стиль» деп атағанды жөн көреді (Р.Сыздықова. Сөз құдіреті А.1997).

Сөйтіп, функционалды стилистика қоғамның түрлі саласында жұмсалатын тілдік құралдардың қызмет ету ерекшеліктерін қарастырады. Қазақ тілінің ғалымдары тілдің қоғамдық қызметін қоғамдық санамен байланыстырады. Ал қоғамдық сананың түрлеріне ғылым, дін, өнер, саясат, құқықтық қатынастар, бұқаралық ақпарат құралдары, әдебиет т.б. жатады. Қоғамдық сана дегеніміз – объективті дүниені танып білудің формалары. Сөйлеуші қоғамдық сананың қай саласында тілдік амал-тәсілдердің қай түрін қолдану керектігін біледі. Яғни қарым-қатынастың құқықтық саласы, ғылым мен эстетикалық саласы, бұқаралық ақпарат саласы, тұрмыстық салаларына қарай функционалды-стильдік белгісі бар амал-тәсілдерді таңдап қолданады. Тілдік құралдардың стильдік-функционалдық белгісіне, реңктеріне қарап адресат (тыңдаушы) сөздің қай стиль түріне жататынын ажыратады.

Әдеби тілдегі стильдер жүйесі сөз етілген еңбектерде функционалды стильдерді топтастыру әр түрлі принциптер негізінде болып келгенмен, оларда көбіне жанрлық прицип, тілдің жанрлық ерекшеліктері негізге алынады. Сондықтан бұл еңбектерде стильдердің саны бірдей емес, бірақ ұқсас. Мысалы А.Н.Гвозьдев алдымен кітаби (жазба) және сөйлеу стильдері деп бөліп, кітаби стильдің өзін: ресми стиль, көркем әдебиет стилі, публицистикалық стиль, ғылыми-көпшілік әдебиет стилі (Очерки по стилистике русского языка М. 1985. с.18-25) деп бөледі.

А.И.Ефимов мынадай стильдерді бөліп көрсетеді: көркем әдебиет, қоғамдық-публицистикалық, ғылыми, профессионалды-техникалық, ресми іс қағаздар және эпистолярлық (История русского литературного языка. М. 1984. С.21-27).

Ал Р.А.Будагов стильді бұл жағынан екіге бөледі: көркем стиль және ғылыми баяндау стилі (Литературные языки и языковые стили. М. 1988 с.131-165).

ХХ ғасырдың басында публицистика жанрының өркендеуі, ғылыми әдебиеттердің, ресми іс қағаздарының жазылуы т.б. қазақ тілінің әр түрлі стиль түрлерінің қалыптасып, орнығуына әсер етті. Бірақ қанша жанр болса, сонша стильдердің болуы шарт емес. Міне, осы жағынан келгенде, кейінгі зерттеулерінде белгілі ғалым С.Исаев қазақ әдеби тілінде қалыптасқан, өзіндік белгілері бар негізгі үш түрлі стильді көрсетіп берді: көркем әдебиет стилі, ресми стиль және бейтарап (нейтралды) стиль

Стильдерді топтастыруда әлі де бірізділік жоқ, әр түрлі көзқарастар бар екендігі байқалады. Дегенмен қазақ тіл білімінде көптеген зерттеушілердің көрсетуінше 5 түрлі функционалды стильдің айқындалғаны белгілі. Олар: ауызекі сөйлеу стилі, ресми іс қағаздар стилі, ғылыми стиль, публицистикалық стиль және көркем әдебиет стилі.

Функционалды стильдің әрқайсысы өзіндік тілдік құралдарының ерекше жүйесімен сипатталады. Функционалды стильдерге байланысты мынадай қағидалар туындайды:                                   

1)      функционалды   стильдер — тілдік   құралдардың   бейтарап   және

стилистикалық бояуға ие түрлерінен құралатын жүйелер;                                         

2)      стильдер өзара  байланыста,   қатынаста  болып, бірінен-біріне өте береді;

3)      стильдер тілден тысқары (қатынас саласы, сөйлеу жағдайының сипаты, сөйлеу актісіне қатысушылардың саны т.б.) және лингвистикалық факторлардың әсерінен пайда болады;



4)      белгілі бір стильдің ерекшеліктерін зерттеу тілден тысқары жағдайларды ескерумен бірге әр деңгейдің (фонетикалық, лексикалық, грамматикалық) тілдік құралдарын қарастыруды қажет етеді;

5)      функционалды  стильдер  одан  әрі  ұсақ  стильдік  (стилішілік) тармақтарға бөлінеді.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет