Г. Алмонд пен С. Верба усынган саяси модениет турлері



Дата05.12.2023
өлшемі1,43 Mb.
#134515

Саяси идеологияны зерттеудегі әртүрлі бағыттар мен әдістер
Г.Альмонд пен С.Верба ұсынған саяси медениет түрлері :
1)"патриархалдык" мәдениет, мұнда жалпыұлттык саясаттың мақсаттары мен кұндылықтары туралы біліктер, сезімдер мен нормативті пайымдаулар жоқтын қасы. Қатысу мәдениетінің осы типіне негізделген жүріс-тұрыс үлгісі бүкіл ұлтқа қатысты саяси процеске деген немқұрайлылықпен, бұл саладағы еш үміттердін болмауымен және жергілікті немесе этникалық ынтымақтастыққа негізделген бірегей топталумен сипатталады;
2)"Бағыну, тауелділік пен табыну" мәдениеті саяси басшылық қадағалауға тиісті нормалар мен бағынуға тиісті өкімдерді "өндіруші мен сыйлаушы" ретінде қабылданатын жүріс-түрыс үлгісін анықтайды. Бұл үлгідегі негізгі психологиялық мотивтер игіліктерді күтушілік пен жазадан қорқу болып табылады;
3)"Қатысу" мәдениеті жүріс-тұрыстың біршама куүделі үлгісіне ие. Оны әлеуметтік серіктестік ретінде сипаттауға болады, мұнда мемлекеттік биліктің саналы сипаты мен тиімділігіне қарай бағынуды қажет ететін нормалар мен өкімдерді "өндіруші" ретінде де, саяси шешімдерді қабылдауға төменнен келетін қатысушы ретінде де қабылдана алады.
Ибраимов Қайрат БТЖ-11
Жапондық ұлттық идея - халықтық ішкі және сыртқы
мұқтаждығын қамтамасыз ету үшін Жапонияның биліктегі зиялыларымен
жасалған ерекше идеологиялық құрылым. Модернистік теорияға сүйенетін
болсақ дәл мемлекет модернизация үрдісіне түскенде билік зиялылары
халықты ұлттық идеология астында біріктіреді, бұл халықтың жаңа
халықаралық қатынастар ішінде сырттан келетін мәселелерге жауап қайта
алу үшін жасалады.
Басқа сөзбен айтқанда жапондық ұлттық идея соғыстан кейінгі әлемдік
саясатта тірі қалу үшін халық пен билікке қажет болған мемлекеттік
идеология. Егер Жапония осы идеологияын енгізбегенде немесе ол әлсіз
жүргенде, ол өзінің экономикалық және саяси билігін әлемдік саясатта
жоғалтып алар еді.
Қазіргі кездегі жапондық ұлттық идея – басты орын халық және халық
мұқтаждығы болып табылатын жапондық билікпен жасалған идеологиялық
көзқарастар комплексі болып табылады.
Ибраимов Қайрат БТЖ-11
Әлемдегі саяси идеология мәселелері
Алғаш рет «идеология» деген терминді француз философы және
экономист Де Гресси (1754-1836) қолданды. Ол «Идеологияның
элементтері» деген төрт томдық еңбек жазған. Оның пікірінше, идеология
идеялар туралы ғылым, ол барлық табиғат және қоғам туралы ғылымдардың,
саясат, этика және тағы басқа әлеуметтік құбылыстардың негізіне жатуға
тиіс. Бірақ «идеология» деген сөздің кең тарауына себепкер болған адам –
Наполеон Бонапарт. Ол либерал журналистерді,
саясатшыларды «идеологтар» деп атап, оларды жаратылыстанумен
айналысатын ғалымдарға және шынайы әрекет иесі белсенді адамдарға қарсы
қойды.
Идеологияның мәнін пайдаланудың екінші кезеңі
К. Маркстің «Капиталды» жазуымен (1857) байланысты. Бұл кезде
идеология тілек, мақсат (топтық, таптық және тағы басқа) тұрғысынан
шындықты бейнелейтін сана ретінде түсіндірілді. Осылайша идеология
дегеніміз жеке тілек, мақсатты ғылым, көркемөнер, мораль, саясат, құқық
тілінде көтермелеп өткізу, жұртшылықтың санасына арбап құю. Осы
мақсатта ғылым тілінде, ғылыми терминологияға көп жүгінеді.
Ибраимов Қайрат БТЖ-11
Саяси идеологияны түбегейлі зерттеудегі тұжырымдамалар мен олардың саяси тәжірбиемен байланысы

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет