Саясат адамзат қатынастары арасындағы өте күрделі сала. Оны көпшілік ғылым деп атап көрсетіп жатса, өнер деп есептейтіндер де кездесіп жатады. Саясаттың ең маңызды міндеттерінің бірі



Pdf көрінісі
бет1/4
Дата13.09.2023
өлшемі103,54 Kb.
#106999
  1   2   3   4
Байланысты:
Документ



Саясат адамзат қатынастары арасындағы өте күрделі сала. Оны көпшілік ғылым деп атап көрсетіп 
жатса, өнер деп есептейтіндер де кездесіп жатады. Саясаттың ең маңызды міндеттерінің бірі –
 
түрлі әлеуметтік топтар мүдделерін ескере отырып қоғамды басқару. Саясат түсінігі ежелгі грек 
философы Аристотельдің
 
ұғыммен аттас еңбегі арқылы ғылымға кеңінен тарала бастады. Ғұлама 
ғалым саясатты отбасылар мен тайпалардың бақытты, ізгілікті өмір сүру түрлерінің ізденісі 
ретінде қарастырды. Оның пікірінше, адам саяси жануар
 
және ол саяси қатынастарға түрлі 
деңгейде қатысады: мемлекет азаматы, әлеуметтік топ мүшесі, саяси қайраткер.
 
Демокрит
 
және өз заманының ойшылдары саясатты өнерден де жоғары түсінік ретінде 
айқындайды. Ойшылдардың пайымдауынша, саясат аса дарынды, данышпан, әділетті және 
шыншылдардың ісі. Парасатты саясат –
 
мемлекеттің гүлдену, қоғам мен тұлғалар дәулеттілігінің 
кепілі. Неміс саясаттанушысы М. Вебер
 
саясатты билік жүрзізуге ұмтылыс немесе оның үйлестіру 
қызметіне 
ықпал 
жасау 
ретінде 
қарастырады.
 
Саясат –
 
бұл ресурстарды таратуды басқару. Бұл билікті алу, сақтап қалу және пайдаланумен 
байланысты қоғамдық өмір
-
салттың саласы.
 
Адам баласы саяси өмірді күнделікті өмірдегі түсінікпен қатар, теориялық және ғылыми 
деңгейде 
ұғынуы 
керек.
 
Саясат адамзат баласы мәдениетінің ажырамас бөлігі. Ол қоғамдық өзара байланыстар мен 
құрылымдарда көрініс табады, адамның қоғамдық және жеке өмірін қалыптастырады. 


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет