Географияның басқа ғылымдардан ерекшелігі: географиялық орта элементтерінің кеңістіктегі орны мен олардың арақатынасы туралы ғылым, табиғат пен қоғам туралы ғылымдар тоғысында дамитын ғылым, табиғат пен қоғамдағы құбылыстар мен үдерістердің өзара байланыстары, әрекеттесуі, шарттастығы, кеңістігі туралы ғылым, көптеген ғылым салаларымен байланысады, алуан түрлі ақпаратты пайдалана алады;
Физикалық география: жалпы физикалық география, геоморфология, климатология, гидрология, топырақ географиясы, биогеография
Қоғамдық-география: экономикалық, әлеуметтік, халықтар географиясы, саяси география
Табиғи-қоғамдық: геоэкология, тарихи география, рекреациялық, табиғат ресурстары географиясы, медициналық, геоглобалистика
Картография: картография
География ғылымының зерттеу бағыттары: табиғатты пайдалану және қорғау мәселелері, қоғамның өндіргіш күштерінің аумақтық ұйымдасуы, тұрақты дамудың кеңістіктік әлеуетін қамтамасыз ету, қолданбалы картографиялық зерттеулер, урбандалу мен демографиялық өзгерістер
Зерттеудің әдістері: далалық, картографиялық, теориялық
Далалық эксперимент: зерттеу ауданында жүргізілетін тәжірибе, эксперимент
Далалық әдістердің түрлері: экспедициялық, стационарлық
Картографиялық әдістің талдау түрлері: картометриялық, графикалық, статистикалық, математикалық, визуалды
Теориялық әдістер түрлері: анализ бен синтез, салыстырмалы географиялық, жалпылау мен жүйелеу, модельдеу
Экспедиция кезінде қолданылатын тәсілдер: маршруттық байқаулар, өлшеулер жүргізу, су, топырақ, ауа сынамаларын алу, тау жыныстары, топырақ үлгілерін жинау, өсімдіктер мен жәндіктердің коллекциялыраны жинақтау, далалық эксперимент, фото-бейне түсірілімдер жасау, сауалнамалар жүргізу
Салыстырмалы географиялық әдісті ең алғаш негізін қалады: Гумбольт
Деректерді өңдеу мен талдаудың мақсаттары: бастапқы материалды реттеу және деректерді біртұтас жүйеге келтіру, деректердегі қателіктерді, жетіспеушілікті табу және қою, байқалмайтын тенденция, заңдылықтар мен байланыстарды анықтау, зерттеу барысында күтпеген, байқалмаған жаңа фактілерді табу, жинақталған деректердің дәлдігін анықтап, қорытындылар жасау
Сандық деректерді топтастыру үшін қолданылатын әдіс: ранг әдісі
Модель: нақты нысанның, құбылыс немесе үдерістің жеңілдетілген үлгісі
Географиядағы алғашқы модельді жасады: 1826ж Иоганн Генрих фон Тюнен
Блок-сызба: алгоритмдер мен үдерістерді сызықтар арқылы байланысқан әртүрлі пішіндегі блоктар түрінде бейнелеу
Диаграмма: бірнеше шамалардың арақатынасын көрсететін деректердің графикалық көрсетілімі
Модельдеу: модельді құрастыру кезеңдерін түгел қамтитын үдеріс
Заттық модельдеуде: нысан, құбылыс, үдерістің зат түріндегі нақты пішіні беріледі (глобус)
Ақпараттық модель түрлері: вербальды, графикалық, кестелік, математикалық
Вербальды модель: нысан, құбылыс, үдеріс туралы жазбаша немесе ауызша түрде сипаттама беру (жер сілкінісі сипаттамасы)
Графикалық: диаграмма, график, блок-сызба, карталар
Кестелік модель: Қазақстан өңірінің демографиялық көрсеткіштері кестесі
Математикалық модель: нысан, құбылыстың сандық сипаттамалары формулалар арқылы жасалады
Зерттеу нәтижелерін ұсыну түрлері: мәтіндік, көрнекілік
Мәтіндік жұмыстар: баяндама, мақала, реферат (ғылыми тілмен жазылады)
Көрнекілік жұмыстар: модельдер, электрондық және қағаз түріндегі таныстырылым, қабырғалық баяндама
Баяндама: зерттеу нәтижесін белгілі бір ғылыми іс-шара кезінде ауызша айтып беру
Реферат: зерттеу нәтижелерін қысқаша түрде баяндау, әдебиеттерге шолу жасау
Достарыңызбен бөлісу: |