Геологиялық Карта — жер қыртысының геологиялық құрылысын белгілі бір масштабта графикалық бейнелеу. Геологиялық Карта геологиялық түсіру, геологиялық зерттеулер нәтижесінде жиылған материалдарды қорыту арқылы жасалады. Жер қыртысының құрылысы мен дамуы, ондағы кен байлықтарының таралу заңдылықтары туралы тұжырым жасауға, іздеу мен барлау, құрылыс, сумен қамтамасыз ету, мелиорация жұмыстарын жобалауға мүмкіндік береді. Геологиялық Картада тау жыныстарының құрамы мен жаралу тегі, олардың орналасу жағдайы, бір-бірімен жапсарласу сипаты, белгілі түстер, арнаулы ұсақ сызықшалар, әріптер, цифрлар арқылы көрсетіледі. Түрлі түстер жыныстардың геологиялық жасын, ал сызықшалар литологиялық құрамын көрсетеді. Барлық шартты белгілер мен олардың түсінігі картаның жиегінде белгілі бір тәртіппен жазылады.
Бiр карта көлемi негiзiнде ауданның геологиялық құрылысының бар ерекшелiктерiн, яғни төрттiк жыныстар құрамы мен қалыңдығын, тектоникалық өзгешелiгiн, пайдалы қазындыларын, гидрогеологиясын, геоморфологиясын, таужыныстардың физикалық қасиеттерiн жəне т.б. көрсетуге болады. Практика жүзiнде мұндай жан-жақты карта жасалмайды, себебi шартты белгiлермен тым шексiз көп бейнеленгендiктен оны оқу қиынға соғады. Сондықтан да кəдiмгi геологиялық картадан өзге, оның басқа түрлерi жасалынады. Оларға төрттiк шөгiндiлер, литолого-геологиялық, тектоникалық, геоморфологиялық, гидрогеологиялық, инженерлiкгеологиялық, пайдалы қазындылар, пайдалы қазбаларды болжау жəне т.б. геологиялық карта түрлерi жатады. Төрттiк шөгiндiлеркартасында төрттiк жыныстар түпкiлiктi жыныстардан бөлек бейнеленедi. Мұнда олар жасы, тегi жəне құрамына бай- ланысты көрсетiледi. Кейде неогендiк континенттік жыныстарда осылай мазмұнды болып төрттік шөгінділер картасында көрсетіледі. Литолого-геологиялықкартада жасына қарай боялған, өзiндiк жасты жыныстар көлемiнде, штрихпен олардың құрамы да көрсетiледi. Егер карта масштабы 1:1 000 дан iрi болса əрбiр жыныстардың таралу шекарасы нақтылы көрсетiледi, ал одан ұсақтарында басым таралған жыныстар ғана бейнеленедi. Жыныстардың литологиялық құрамы 1:50 000 жəне одан iрi масштабты карталарда да көрсетiледi. Аталған картаның бiр түрi- петрографиялық карта. Тектоникалық картадақұрылымдық пiшiндердiң əр түрлi категориялары мен жастары шартты белгiлер арқылы көрсетiледi. Олар жалпы жəне аймақтық болып бөлiнедi. Алғашқысында жер қыртысының - негiзгi құрылымдық элементтерi пайда болу жағдайлары мен уақыттарына байланысты бөлiнедi. Аймақтық тектоникалық картада өзіндік ерекшеліктері бар белгілі бір ауданның құрылымдары қойылады. Бір ауданда пайдаланылған шартты белгі басқасында пайдаланылмайды . Геоморфологиялық картадашартты белгiлер мен жер бедерiнiң негiзгi түрлерi мен жеке элементтерi, жасы жəне тектерi есепке алына бейнеленедi. Бұл картаның негiзi ретiнде топографиялық карта мен төрттiк шөгiндiлер картасы пайдаланылады. Гидрогеологиялық карта - сулы қабаттардың жасы, тегiне, құрылысына қарай жеке топтарға бөлiнiп түрлi түстi бояумен бейнеленедi. Инженерлiк-геологиялық картадажасы мен құрамы бейнеленген жыныстардың физикалық қасиеттерi түрлi түстi бояулар мен штрихтар көмегiмен көрсетiледi. Пайдалы қазындылар картасыгеологиялық картаға əртүрлi форма жəне түстi шартты белгiлермен немесе табиғи контур төрiнде осы ауданда таралған пайдалы қазынды кен орындары, минерализация көздерi, учаскiлерi көрсетiледi. Бейнеленетiн картада пайдалы қазындылар топтарға (жанғыш, металдық, металдық емес), ал олар жеке түрлерге бөлiнедi. Пайдалы қазбаларды болжау картасы - геологиялық немесе тектоникалық карталар негiзiнде, жеке минералдық шикiзаттар немесе олардың комплекстерi үшiн жасалынады. Мұнда олардың таралуы мен болашағы көрсетiледi. Геологиялық карталар мiндетi (1:50 000 (1:25 000) пайдалы қазындылар жəне арнайы карталар (геофизикалық, геохимиялық, гидрогеологиялық, төрттiк шөгiндiлер, үгiлу қабаттары) болып бөлiнедi.
Геологиялық карталар масштабына байланысты ұсақ масштабты, орта масштабты, iрi масштабты жəне дəлдiктi болып төрт типке бөлiнедi. Ұсақ масштабты карталар(1:500 000 жəне одан да ұсақ) iрi аймақтардың, жеке мемлекеттердің, тұтас материктiң немесе дүниежүзiнiң геологиялық құрылысы жайлы жалпы мағлұматтар бередi. Мұнда масштаб көлемiнде негiзгi топографиялық элементтер (iрi өзендер, елдi мекендер мен теңiздер нобайы) ғана көрсетiледi. Мысалы Қазақстан аумағының 1: 1500 000 жəне 1:1000 000 масштабты карталары (В. Ф. Беспалов (1965)), (Н. А Афоничев (1981). Орта масштабты карталар(1:200 000-1:100 000) топографиялық планшеттiң жеке беттерiне сəйкестендiрiле құрастырылады. Ол сол аймақтың геологиялық құрылысының негiзгi ерекшелiктерi мен пайдалы қазындыларының болашағы жайлы мағлұматтар бередi. Бұл картаның топографиялық негiзiнде горизонталдар сиретiледi, негiзгi емес қатынас жолдары, елдi мекендер, жəне т.б. алынып тасталынады. Iрi масштабты карталар(1:50 000-1:25 000) жоғарыда аталған сияқты жеке беттер түрiнде, нақтылы топографиялық негiзде орындалады. Бұл карта ауданның толық геологиялық құрылысын, пайдалы қазындыларының барлық түрiн, болашағын айқындап көрсетедi. Ол жер бетiнiң геологиялық құрылысы ғана емес, оның терең қабаттарының құрылысы туралы да мəлiметтер бере алады. Бұл картаны ауылшаруашылық, құрылыс, өндiрiс қажеттерiне де пайдалануға əбден болады. Дəлдiктi масштабты геологиялық карталар(1:10 000 жəне iрiлерi) арнайы топографиялық негiздi пайдаланып құрастырылады. Мұнда кен орны орналасқан ауданның геологиялық құрылысы толық көрсетiлiп, пайдалы қазындының таралу заңдылығы, қоры мен игеру жағдайын анықтауға мүмкiндiк туады. Таужыныстарының жасы, құрамы жəне тегi геологиялық карталарда шартты белгiлер көмегiмен көрсетiледi. Шартты белгiлер үш түрлi болады. Түрлi түстi бояулар– шөгiндi, вулканогендi жəне метаморфты жыныстардың жасын, ал интрузивтiлердiң құрамын бейнелеу үшiн қолданылады. Картада олар əр түстілігімен, индекстерімен, штрихтарымен ажыратылады. Əр түрлі жасты таужынысының өзіндік түсі болады. Олар стратиграфиялық шкалаға сай болуы керек. Бөлімдер мен жікқабаттарды да белгілеу үшін шкаланы пайдаланады. Мұнда жүйенің төмен бөлімшелеріне қоюлау түстер қолданылады. Мысалы: Алғашқы девон - қою қоңыр, орта девон - қоңыр, жоғарғы девон - ашық қоңыр. Ал жергілікті (комплекстер, сериялар, свиталар, подсвиталар) жəне аймақтық (горизонт, лона) бөлімдер стратиграфиялық шкаламен сəйкес келеді. Бір ерекшелігі–олардың түс айырмашылығы болуы керек. Əріпті-цифрлі белгілер– таужыныстар жасы мен тегін, ал интрузивті, кейбір вулканогенділер үшін құрамын көрсетеді. Бөлімдерді индекстеу стратиграфиялық шкалада берілген. Шөгiндi, вулканогендi жəне метаморфты жыныстарды картада белгiлейтiн индекстер кiшi жəне үлкен латын грек əліпбиінің əрiптерiнен жəне цифрлардан тұрады. Алдымен үлкен немесе үлкен мен кiшi латын əрiптерiмен жүйе жазылады. Жүйенiң бөлiмi оның төменгi оң жағында араб цифрiмен көрсетiледi. Жікқабаттың қысқартылған атының индексi бiр немесе екi латынның кiшi əрiпiнен құрастырылады, ал оның бөлiмдерi араб цифрiмен белгiленедi. Жалпыға қабылданған стратиграфиялық бөлiмдемелерден өзге көптеген жағдайларда қосымша жергiлiктi бөлiмдемелер енгiзу қажет болады, оларға серия, подсвита, горизонттар, топтама (пачка) жəне қат-қабат (толща)жатады. Стратиграфиялық атаулардың аты бір әріппен және қалған әріптері бірдей болса, онда үш әріп қолданылады. Мысалы: P3br– берік, P3br – борисфей свиталары (олигоцен). Стратиграфиялық атауларға қосымша (подсвиталар, подгоризонттар)1,2,3 және 1,2 сандары қосылуы арқылы белгіле- неді.Мысалы: C1 v1 kz – төменгі карбонның төменгі визе жікқабатшасының қызыл свитасының төменгі подсвитасы. Пачкалар араб сандарымен белгіленеді. Мысалы: C1 kz23 төменгі карбонның қызыл свитасының ортаңғы подсвитасының үшінші пачкасы.
Масштабы 1:200000 және 1:50000 карталарда жыныс жасының индексін ғана емес эффузивтер құрылымының индекстерін де көрсету керек.
Риолиттер λ (лямбда) Базальттар β (бета) Андезиттер α(альфа) Фонолиттер φ(фи) Дациттер ξ (дзета) Пикриттер,кимберлиттер Трахиттер τ (тау) ι (иота)
Өзгертілген эффузивтер әріппен белгіленеді және оң жағының жоғарысында «прим» белгісі салынады. Мысалы: α N1– плиоцендік андезит, α ´P3 – олигоцендік андезит порфирит. Егер екі кезеңді, бөлімді, жікқабатты және т.б. көрсету керек болып жатса, онда (+) және (-) қолданылады. Егер екі бөлім бір-бірімен қосылып жатса, онда (+) белгісі қолданылады. Мысалы: D 1+2 – төменгі және ортаңғы девонның қосылуы, ал екі бөлім бір-бірінің үстіне шығып жатса, онда (-) белгісі қолданылады. Мысалы: €3-O1 – (шектес қатқабаттар) жоғарғы кембрий және төменгі ордовик. Стратиграфиялық бірліктер біреуден көп болып кетсе, онда индексте атаулар арасына тире қойылады. Мысалы: K1b-g – төменгі бордың берриас, аланжин және готерив жікқабаттары. Егер индексте әр түрлі бөлімдер болса, онда индексте бөлімдер көрсетіледі. Мысалы: Kal+s – бор жүйесінің төменгі бөлімінің альб жікқабаты және жоғарғы бөлімінің сеноман жікқабаты. Егер картада жас онша анықталмаған болса, онда оның жанына сұрақ белгісін қоюға болады. Масштабы 1:50 000 (1:25 000) карталарда төрттік жүйенің гентикалық типі, оның сол жағына символдардың қосылуымен қарастырылады. e – элювилік; p – пролювилік; d – делювилік; l – көлдік; ed – элювий делювилік; m – теңіздік; c – коллювилік; g – мұздық; s – солифлюкциалдық; lg – көлдік-мұздық; v – эолдық; f – флювиогляциалдық;a – аллювилік.
Индекстер картада қара тушпен анық болып жазылуы тиіс. Штрихты белгiлер– таужыныстар құрамын, ал бiртүстi геологиялық карталар үшiн қосымша жасы мен құрамын да көрсетедi. Интрузивті және страфицияланбаған вулканогенді құрылымдардың белгіленуі. Интрузивті және страфицияланбаған (экструзивті-субвулкандық фация) вулканогенді құрылымдардың белгіленуі картада түстер мен индекстер арқылы, кейде краптар арқылы көрсетіледі. Бояулары магмалық жыныстардың құрамын айқындайды. Әр петрографиялық топқа өзінің түсі беріледі.