Дәріс №8 Қарым-қатынас әлеуметтік-психологиялық құбылыс ретінде. Қарым-қатынастың коммуникативті жағы. Вербальды емес қарым-қатынас



Дата18.10.2023
өлшемі1,05 Mb.
#118756

Дәріс №8

Қарым-қатынас әлеуметтік-психологиялық құбылыс ретінде. Қарым-қатынастың коммуникативті жағы. Вербальды емес қарым-қатынас

Психологиядағы өзара қарым- қатынас - екі немесе бірнеше өзара әрекет ету нәтижесіндегі пайда болған субъективті байланыстар.

Психологиядағы өзара қарым- қатынас - екі немесе бірнеше өзара әрекет ету нәтижесіндегі пайда болған субъективті байланыстар.

Тұлғаралық қарым-қатынас - қатынас және бірлескен іс-әрекет процессінде бір біріне өзара әсер ету құрылдарында және сипатында көрінетін қарым-қатынастың негізін құрайтын, қандайда топта адамдардың өзара әрекет етуінде тұратын әлеуметтік-психологиялық құбылыс. Тұлғаралық қарым-қатынас объективті қоғамдық қатынастармен шартталған.

Қарым-қатынас формалары , мазмұны және құрылымы

Қарым-қатынас формалары , мазмұны және құрылымы

Қарым-қатынас құрылымы - бұл өзіне теңдесетін және біртұтастықты қамтамасыз ететін көптеген элементтердің тұрақты байланысының жиынтығы ретінде түсіндіріледі.

Мұндай түсініктеме бойынша қарым-қатынас құрылымы келесі аспектілерді өзіне енгізеді: динамикалық, функционалды, пәндік-мазмұнды және операционалды .

Қарым –қатынас құрылымын қарым-қатынас ситуациясын құрайтын элементтерге талдау жасау есебімен қарастыруға болады. Сонымен қатар, қарым-қатынас құрылымын уақыт, орын, орта, қарым-қатынас контексті, қарым-қатынасты реттеуші нормалар құрайды. Қарым-қатынас объектісі- қарым-қатынас инициаторы болып табылатын адам, сонымен қатар инициативаға бағытталған адам.

Қарым-қатынас динамикасы:

Қарым-қатынас динамикасы:

  • Қарым-қатынастағы қажеттіліктің тууы;
  • Коммуникациялық ситуацияға субъектінің енуі;
  • Қарым-қатынас ситуациясына және қарым-қатынасқа түсетін тұлғаға бағдарлану;
  • Қарым-қатынас құралын және мазмұнын бағдарлау;
  • Өзара-әрекет ету серіктесіне-субъектісіне икемделу;
  • Өзара ақпарат алмасу, өзара-әрекет ету фазасы;
  • Әңгімелесушінің жауап реакцияларын бағалау және қабылдау;
  • Қарым-қатынас әдісін, стилін, бағытын коррекциялау;
  • Контактіден шығу фазасы.

Коммуникативті мотив - бұл қарым-қатынастың не үшін ұйымдастырылып отыру сұрағына жауап береді.

Коммуникативті мотив - бұл қарым-қатынастың не үшін ұйымдастырылып отыру сұрағына жауап береді.

Қарым-қатынас мақсаты - нақты нәтижеге жетуде қарым-қатынас процесінде адаммен жасалынатын әртүрлі әрекеттердің бағытталуы

Қарым-қатынас әрекеті - басқа адамға бағытталған коммуникативті іс-әрекеттің бірлігі , бір тұтастық акт

Қарым-қатынас мазмұны - бір адамнан екінші адамға қарым-қатынас процесінде берілетін ақапарттың өткізілуі немесе кодтау әдісін анықтау.

Б.Ф.Ломов бойынша қарым-қатынас деңгейі:

Б.Ф.Ломов бойынша қарым-қатынас деңгейі:

  • Макродеңгей - қалыптасқан қоғамдық қатынастарға сәйкес адамдар арасындағы қарым-қатынас;
  • Мезодеңгей – бір реттік немесе қайталанатын қандайда бір тақырып төңірігіндегі қарым-қатынас;
  • Микродеңгей – басқа қарым-қатынас деңгейлерінде жататын қарым-қатынастың қарапайым актісі.

Г.Лассуэль бойынша қарым-қатынас моделінің негізгі 5 элементі:


1)Кім? (хабарлама жібереді)

Коммуникатор.

2)Не?(жіберіледі)

Хабарлама (мәтін).

3)Қалай?(жіберу жолы)

Канал.

4)Кімге?(хабарлама жолданған)

Аудитория.

5)Қандай әсермен?

Эффективті.

Коммуникатордан берілетін ақпарат 2 типке бөлінеді: 1)Әсер етуші – бұйрық,кеңес,өтініш түрінде беріледі. 2)констатацияланған – белгілі бір хабарлама ретінде беріледі.

Қоғамдық қатынастардың критерлері:

  • Көріну формасы бойынша- экономикалық, құқықтық, саяси, діни т.б.
  • Әртүрлі субъект жатқызу негізінде- ұлттық, ұлтаралық, класстық.
  • Қоғамдағы адам байланыстары бойынша- вертикалды және горизонталды.


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет