«геоморфология және геология негіздері»



Pdf көрінісі
бет8/9
Дата30.03.2017
өлшемі0,54 Mb.
#10582
1   2   3   4   5   6   7   8   9

АбразияАбразия (лат. abrasio - қыру). Теңіздің  қиратқыш  әрекеті  абразия

деп  аталады. Оның  үш  түрі  бар - механикалық, химиялық  және  термиялық

абразия.

Механикалық  абразия  соқпа  толқын  әсерінен  теңіз, көл  жағаларының

бұзылып  үгілуі. Оны  толқынның  шарпып-шегінуі  тудырады. Теңіз  толқыны

жағаға жақындағанда жылдамдығы бәсеңдеп, биіктігі артады да жағаға асып кері

шайма ағыс тудырғанда абразия әрекеті пайда болады. Механикалық абразияның

жағалауға  түсіретін  динамикалық  қысымы  орта  есеппен 10 т/м

2

 -ге  асатын



толқынның  гидравликалық  соққысы  және  толқын  ықпалымен  кейде  ішінде

салмағы  ондаған  тоннадан  асатын  шомбал  кесек  таужыныстары  бөлшектерінің

соққысынан  тұрады. Механикалық  абразия  теңіз  абразиясының  негізгі  түрі,

осыған химиялық және термиялық абразиялар қабаттасып қатысады.



60

Химиялық  абразия  судың  химиялық  әсері, яғни  су  бетіндегі  және  су

астындағы  жағалық  таужыныстарының  еруі  нәтижесінде  жүзеге  асады. Әсіресе

жаға жиегі карбонатты таужыныстарынан құрылса, онда химиялық абразия (карст

процестері) қарқынды түрде жүреді.



Термиялық  абразия - тоң  таужыныстарынан  құрылған  жағалардың  мұзын  теңіз

суының жылындыруы әсерінен еріп бұзылуы.

Негізгі әдебиет: 1 [67-76], 2 [114-165; 199-205], 4 [100-130; 142-149; 205-239],

Бақылау сұрақтары:

1. Жағалық теңіздік процестер және бедер пішіндері.

2. Теңіз террасалары. Теңіз жағалауларының бедер пішіндері.

3. Жағалық сызық. Жаға белдемінің аккумуляциялық пішіндері.

4. Жағалық сызықтың бастапқы жіктелу типтері.

5. Химиялық абразия мен термиялық абразия

14- лекция. Антропогендік бедер пішіндері

Жер  тарихында  ең  басты  елеулі  оқиға – адамзат  пен  адамзат  қоғамының

қалыптасып  дамыған  кезеңі антропоген (гр.antropos – адам) деп  аталады.

Антропоген осыдан 2-3 млн. Жылдан астам уақыт бұрын басталған. Бұл кезеңнің

басы  плиоценнің  екінші  жартысында  басталып, төрттік  кезеңдң  толығымен

қамтиды. Атропоген  кезеңінде  қазіргі  географиялық  ортаның  басты  бедер

пішіндері, өсімдік пен жануар дүниесі қалыптасты.

Антропоген кезеңі ежелгі адамдардың әлеуметтік және мәдени деңгейлеріне

қарай палеолит (көне тас), мезолит (орта тас), неолит (жаңа тас), энеолит (мыс),

қола және бастапқы темір ғасырларына бөлінеді.

Антропогендік  бедер  пішіндері  мен  түзілімдер. Адамның  ғылыми-

техникалық прогреспен байланысты белсенді  әрекеті литосфераның  беткі жағын

айтарлықтай  өзгеріске  түсіріп, бедер  пішіндерін  өзгертеді. Сонымен  қатар  жаңа,

антропогендік деп аталатын түзілімдер жасайды. Адамның өндірістік әрекетінен

туындаған  процестер  жиынтығы техногенез  деп  те  аталады. Геологиялық

процестер сияқты, бұл процестер бағыттылығына қарай инженерлік-геологиялық,

кен-техникалық, ауыл шаруашылық және басқа түрлерге бөлінеді.



Адамның 

инженерлік-құрылыстық 

әрекеттілігі 

негізінен 

құрылыс

мақсатында жер беті деңгейін тегістеп, өзгертуімен байланысты.



Адамның

кен-техникалық 

әрекеттілігі

қатты 


пайдалы 

қазбалар


кенорындарында  қазуға, мұнай-газ  және  жер  асты  суларын  айдап  шығаруға

бағыттталған. Осының  нәтижесінде  жер  бетінің  бедері  айтарлықтай  өзгеріске

түсіп, кен-өнеркәсіп 

аудандарында 

өзіндік 

микроландшафт 

түзіледі.

Таужыныстар  массасының  қозғалысқа  келуіне  байланысты  туындайтын

антропогендік  денудация  салдарынан  теріс  бедер  пішіндері – карьер (ашық

кеніш), ор (траншея), ойылымдар  мен  опырылымдар  сияқты  түрлері  пайда

болады.

Ал  антропогендік  аккумуляция  салдарынан  бедердің  оң  пішіндері  және



антропогендік  түзілімдер – террикондар, дамба (бөгет), таужыныстар  үйінділері

жасалады.



61

Ауыл шаруашылық жұмыстарына байланысты  әрекеттілігі антропогендік

бедер  пішіндерінің  қосымша  жаңа  түрлері  қалыптасуына  әкеледі. Жерді  дұрыс

жыртпау 

салдарынан (жосылымдар 

еңіске 

қарай 


орналасса) және

ормандардышамадан  артық  кесуден  жыралық  эрозия, жыралар  торабы  және

шайылулар белсенді дамиды.

Антропогендік процестердің кейбір түрлері эндогендік процестерге пара пар.

(жерасты атом жарылыстары).

Қазіргі кезде  антропогендік бедер  пішіндері мен  шөгінді  түзілімдері  арнайы

зерттеуді қажет ететін тақырыпқа айналып отыр.

Оның  себебі  ХХ  ғасырдың  екінші  жартысында  ғылыми-техникалық

прогрестің  қарыштай  дамуына  байланысты. Табиғи  ортаға  айтарлықтай  әсер

ететін  техногендік  күштердің  нәтижесі  көп  жағдайларда  геологиялық  процестер

ықпалынан  асып  кетуде. Техногендік  әсер  өте  жылдам  және  ауқымды  болған

жағдайларда, бұл  өзгерістерге  бейімделмеген  экологиялық  орта  едәуір  зардап

шегіп, апатты аймақтарға айналуда.

Кен-өнеркәсіптік  аудандарда  қалыптасқан  антропогендік  экологиялық

жағдайлардың  қоршаған  ортаға  ықпалы  айтарлықтай. Бұл  аудандардағы  табиғи

ортаның  қолайсыз  техногендік  бедер  пішіндерін  реттеп, құнарлы  топырақ

қабатын орнына келтіру арқылы шешу шаралары қарастырылуда.

Техногендік  бедер  пішіндерін  зерттеу, кенорындарда  жиналған, өндіріс

мекемелері  шығарып  тастаған  әртүрлі  қалдықтарды  қайта  өңдеу  қазір  күн

тәртібіндегі шұғыл шешуді қажет ететін өзекті мәселе.

Негізгі әдебиет : 1 [98-114].

Бақылау сұрақтары:

1. Антропоген деген не?

2. Антропоген  кезеңі  ежелгі  адамдардың  әлеуметтік  және  мәдени

деңгейлеріне қарай бөлінуі.

3. Антропогендік бедер пішіндері мен түзілімдер.

4. Адамның инженерлік-құрылыстық әрекеттілігі

5. Адамның кен-техникалық әрекеттілігі



15-ші 

лекция. Геоморфологиялық 

зерттеу 

әдістері 

және

геоморфологиялық картографиялау

Геоморфология  ең  алдымен  далалық  зерттеулердің  деректеріне  негізделеді.

Дала  жұмыстарымен  бірге  бедердің  және  оның  даму  тарихын  зерттеп  білу  үшін

әр  түрлі  әдістерді  кеңінен  қолданатын  тыңғылықты  өңдеу (камералық)

жұмыстары  да  кіреді. Сонымен  қатар, экспериментальдық  геоморфологиялық

талдаулар  жөнінде  де  айтып  кетуге  болады. Олардың  мақсаты  табиғи

геоморфологиялық процестерді дала жағдайында тұрақты зерттеу немесе оларды

лабораториялық модельдеу.

Далалық  геоморфологиялық  зерттеулері  негізінен  ғылыми  есепнама  беру

тақырыбымен бірге  істелген жұмыстар  нәтижелерінің маңызы болып  табылатын

геоморфологиялық карта жасау жұмысымен аяқталады.

Жұмыстың  мақсатына  байланысты  жалпы  және  жеке  геоморфологиялық

зерттеулерді  ажыратуға  болады. Жалпы  зерттеулер  барлық  геоморфологиялық


62

объектілерді  қамтиды. Олардың  зерттеу  мүддесі – бедерді  кешенді  түрде

(морфографиясын, морфометриясын, жаралу, тегін, бедердің даму тарихын  және

динамикасын) сипаттау. Мұндай  зерттеулер  жалпы  геоморфологиялық  карта

жасауымен 

аяқталады. Негізінен 

зерттеулердің 

бұл 


түрі 

жалпы


геоморфологиялық түсірім сипатына жатады.

Геоморфологиялық  зерттеу  жұмыстары дайындық (подготовительный),



далалық (полевой) және ғылыми  өңдеу (камеральный) кезеңдеріне  бөлінеді.

Дайындық кезеңде белгіленген аймақ жөніндегі бұрын болып өткен (геологиялық

және  геоморфологиялық) зерттеулердің  деректерімен  танысып  білу, арнайы

картографиялық  материалдармен  бірге  топографиялық  карталарды  және

космосурет  материалдарын  мұқият  зерттеу. Дайындық  кезеңде  алдын-ала

жиналған  материалдардың  негізінде  далалық  зерттеу  бағдарламасы  құрылады,

соның  ішінде  белгіленген  маршруттардың  нобайы, қазбалы  орындарының

шурфтары, бұрғылау  орындарының  орналасу  сызба  нұсқасы  және  басқа  да,

мысалы, геодезиялық жұмыстар енгізіледі.

Далалық  зерттеу  кезеңі  геоморфологиялық  экспедиция  зерттеулерінің  негізгі

құрайтын бөлігі болып табылады. Осы кезеңде нақтылы деректерге (фактический

материал) негізделген  материалдарды  жан-жақтан  жинау, соның  ішінде

таужыныстарының үлгілерін жинақтау және олармен алдын ала өндеу шараларын

жүргізу, зерттелініп  жатқан  аумақтың  геоморфологиялық  құрылысы  туралы

алғашқы  тұжырымдар  жасау  жұмыстары  жүзеге  асырылады. Ақырында  сол

аймақтың далалық геоморфологиялық картасы жасалады.

Зерттеу мақсатына қарай және жасалатын картаның масштабына байланысты

далалық жұмыстарды атқарған кезінде маршруттық зерттеулермен бірге кілттік



әдіс (ключевый  метод) немесе жалпы  алаңдық  түсірім (площадная  съемка)

әдістері қолданылады.

Кілттік  әдісті  қолданған  кезінде  сол  аумақтың  үлгісі  болып  саналатын

ауқымы  шамалы  келген  жеке  бір  аумақ  ұқыпты  тексеріліп  және  картаға

түсіріледі. Содан кейін түсіру әдісін аумақтың қалған бөлікшелерінің барлығына

қолданып  жүргізіледі. Бұл  кезде  ірі  масштабты  топографиялық  карталар

әуесуреттер  мен  ғарышсуреттер  кең  қолданылады. Мұндай  жағдайда  кілттік

аумақтар эталон ретінде рөл атқарады. Кілттік аумақтар арасындағы алаңдардың

экстраполяциясының  дұрыстығын  бақылау  мақсатында  сол  алаңдарда  түсіру

маршруттарының сиретілген торы жүргізіледі.

Ал, жалпы  алаңдық  зерттеулер  ірі  масштабты  картографиялау  кезінде

жүргізіледі. Бұл жағдайда маршруттар азды-көпті болса да бүкіл аумаққа біркелкі

таралады. Сонымен қатар, маршруттар мен зерттеу нүктелерінің торы едәуір жиі

болғандықтан  кілттік  аумақтардың  қажеттілігі  болмайды. Әрине, маршруттық

жұмыстарға  қарағанда  аландық  зерттеулерге  аса  көп  күш, қаражат  және  уақыт

жұмсалады.

Ғылыми  өндеу  кезеңі - бұл  дала  жұмыстары  кезінде  барлық  жинақталған

деректі  материадардың  жан-жақты  байланысын  ой  елегінен  өткізіп, пайымдау

және  қорытынды  шығару  кезеңі. Ғылыми  өндеу  кезінде  әр  түрлі  талдау

жұмыстары: палинологиялық, минералогиялық, петрографиялық, микро  және

макро-фауналық, диатомдық, радиометриялық  және  даладан  іріктеп  алынған


63

үлгілердің  басқа  да  талдау  жұмыстары  жүргізіледі. Сонымен  қатар  әуе  және

ғарышсуреттерді  де  қолданылады. Ғылыми  өндеу  кезеңінің  соңында

геоморфологиялық  карта  жасалады  да  ғылыми  есеп  тақырыптары  жазылады.



Ғылыми  есеп – бұл  нақтылы  аумақтың  геоморфологиялық  зерттеу

қорытындыларының жиынтығы.



Геоморфологиялық  карталар.

Далалық  геоморфологиялық  зерттеу

материалын толығымен  анық, қорытып, графикалық  тәсілмен көрсететін құрал -

геоморфологиялық карта болып саналады. Ол бедердің уақыт пен кеңістікте даму

заңдылықтарын  және  бедер  мен  геологиялық  құрылысын, бедер  мен

тектоникалық  жағдайын, бедер  мен  басқа  да  географиялық  ландшафт

құрамбөліктерінің  арасындағы  байланысын  белгілейді. Геоморфологиялық

карталардың басты ерекшеліктерінің бірі - бедер элементтерінің морфологиясын,

жасын  және  қалыптасу  тарихын  бейнелеу. Сайып  келгенде, геоморфологиялық

карта - геоморфологиялық зерттеулердің  қажетті және маңызды  нәтижесі, бедер

туралы графикалық  түрде  жиналып алынған  толық мәліметтер  мен  практикалық

қолданылуының негізгісі.

Геоморфологиялық  карталар  өздерінің  масштабына, мазмұнына  және

қойылған мақсатына қарай әр түрлі болып келеді.

Геоморфологиялық  карталардың  дәлдік  дәрежесі  олардың  масштабына

байланысты. Масштаб  ірі  болған  сайын, картадағы  мәліметтер  де  толығырақ

көрсетіледі. Әдетте 

геоморфологиялық 

карталар 

геологиялық 

және

топографиялық  карталар  сияқты  стандартты  масштабта  жасалады. Карталардың



масштабы  бойынша: үлкен  аумақтардың (мысалы, бүкіл  Қазақстан  аумағын)

геоморфологиялық  құрылысын  жалпы  көрсетуге  арналған  ұсақ  масштабты

(1:1000 000 ұсақ), жеке  облыстардың  геоморфологиялық  құрылысын  көрсететін

орта  масштабты (1:1000 000-нан 1:200 000 дейін) аймақтық  карта  және

шаруашылық  мақсатында  игерілетін  жеке аудандардың  геоморфологиялық және

геологиялық  жағдайларын  көрсететін  ірі  масштабы (1:200 000 және  одан  да  ірі)

карталарға  болып  ажыратылады. Шолу  және  ұсақ  масштабты  карталар  әдетте

тыңғылықты  өндеу  тәсілмен, орта  және  ірі  масштабты  карталар  дала

геоморфологиялық зерттеу жолымен жасалады.

Мазмұны  бойынша  геоморфологиялық  карталар жеке  және жалпы

геоморфологиялық  карталарға  бөлінеді. Жеке  геоморфологиялық  карталар  тек

бедердің  морфография, морфометрия, қалыптасу  тегі  немесе  жасы  жайлы  және

тағы сондайларға байланысты жеке көрсеткіштер негізінде құрастырылады.

Жалпы геоморфологиялық карталар жеке көрсеткіштердің жиынтығы ретінде

бедердің  жалпы  сипаттамасын, оның  ішінде  маңыздылары  болып  табылатын:

морфографиясын, мофрометриясын, қалыптасу  тегін  және  бедердің  жасын

бейнелеп береді.

Карталардың мазмұны олардың алдына қойылған мақсатын анықтайды.

Геоморфологиялық  карталарды  құрастыру  және  рәсімдеу  үшінкөптеген

шартты  белгілер –  легенда  жүйесі. Бірақ  қазіргі  уақытқа  дейін  біркелкі  жалпы

қабылданған, мысалы көп масштабтарда комплексті карталарда қолданылатын ле-

генда  жоқ. Сонымен  қатар  кейбір  авторлар  бірдей  масштабтағы  карталар  үшін

мазмұнд  және  рәсімдеуге  әртүрлі  легенданы  ұсынады  Бәріне  бірдей  легенда


64

жоқтығы геоморфологиялық карталармен жұмыс жасауды қиындатады.

Негізгі әдебиет : 2 [208-219], 4 [396-410].

Бақылау сұрақтары:

1.Геоморфологиялық карта кеңістікте бедер сипаттамасын суреттеу құралы.

2.Геоморфологиялық карталардың масштабы, мазмұны, қолданылуы

бойынша бөлінуі.

3.Геоморфологиялық карталарды құрастыруда қолданылатын шартты

белгілер (легенда) жүйесі.

2.3. Лабораториялық сабақтардың жоспары

№1 Лабораториялық жұмыс. Минералдардың физикалық қасиеттері.

Тапсырма: 1) Минералдардың  физикалық  қасиеттерін  анықтап  үйрену:

түсі, жылтырлығы, түссызығы, жіктілігі, қаттылығы және т.б.



Әдістемелік  ұсыныстар:  Тапсырмаларды  орындау  үшін  минерал  жинақтарын,

Моос  шкаласын, бисквит (фарфор  сынықшасы), шыны, магнит, тұзқышқылын

қолданады. Жұмысты  орындау  реті  келесідей: 1) минералдың  түсін  анықтау; 2)

бисквитті  қолдана  отырып, минералдың  түссызығын  анықтау; 3) минералдың

жіктілігін  анықтау; 4) жіктілік  жазықтығында  минералдың  жылтырлығын

анықтау; 5) Моос шкаласын қолдана отырып, минералдың қаттылығын анықтау;

6) әр  қолда  кезекпен  өлшей  отырып, минералдың  тығыздығын  анықтау; 7)

кристалл  пішінін  анықтау; 8) магнитті, тұз  қышқылын  қолданып, ерекше

қасиеттерін  анықтау. Анықтауыш  бойынша  минералдың  атын, химиялық

формуласын және генезисін анықтау.

Қосымша әдебиет: 8, 4[ c.23-30]

Бақылау сұрақтары:

1. минералдың түссызығын қалай анықтайды

2. минералдың тығыздығын қалай анықтайды

3. минералдың қаттылығын қалай анықтайды

4. Жіктіліктің түрлері



№2 Лабораториялық  жұмыс.

  Минералдарды  анықтауМинералдарды

зерттеу. Минералдар жинағы: пирит, халькопирит, сфалерит, галенит,  магнетита,

гематит, лимонит,  кварц, кальцит,  гипс.



Тапсырма: 1) 1-Кестеден  минералдардың  диагностикалық  қасиеттерін

анықтау. 2) анықтауыш бойынша минералдың атын, химиялық формуласын және

генезисін анықтау; 3) жауабын кесте түрінде толтыру.

Әдістемелік  ұсыныстар:  Тапсырмаларды  орындау  үшін  минерал

жинақтарын, Моос  шкаласын, бисквит (фарфор  сынықшасы), шыны, магнит,

тұзқышқылын қолданады. Жұмысты орындау реті  №1 Лабораториялық жұмыста

берілген.

Қосымша әдебиет: 8, 4 [23-30] 5 [83-92], 8 [17-39]

Бақылау сұрақтары:

1. Пирит халькопириттен қалай ажыратамыз

2. Галиттің ерекше қасиеті



65

3. Магнетиттің негізгі белгісі

4. Биотиттің диагностикалық қасиеттері

№3 Лабораториялық  жұмыс. Минералдарды  зерттеу. Минералдар

жинағы: ортоклаз, плагиоклаз, мүйіз  алдамыш, пироксен, оливин, биотит,

мусковит, хлорит, анартас, тальк, серпентин.

Тапсырма: 1) 2-Кестеден  минералдардың  диагностикалық  қасиеттерін

анықтау. 2) анықтауыш бойынша минералдың атын, химиялық формуласын және

генезисін анықтау; 3) жауабын кесте түрінде толтыру.

Әдістемелік  ұсыныстар:  Тапсырмаларды  орындау  үшін  минерал

жинақтарын, Моос  шкаласын, бисквит (фарфор  сынықшасы), шыны, магнит,

тұзқышқылын қолданады. Жұмысты орындау реті  №1 Лабораториялық жұмыста

берілген.

Қосымша әдебиет: 8, 4 [23-30] 5 [83-92], 8 [17-39]

Бақылау сұрақтары:

1. Слюдалар тобына жататын минералдар

2. Плагиоклаздар тобы

3. Дала шпаты диагностикалық қасиеттері

4. Биотиттің диагностикалық қасиеттері



№4 лабораториялық жұмыс. Минералдарды зерттеу. Минералдар жинағы:

ортоклаз, плагиоклаз, мүйіз  алдамыш, пироксен, оливин, биотит, мусковит,

хлорит, анартас, тальк, серпентин.

Тапсырма: 1) 2-Кестеден  минералдардың  диагностикалық  қасиеттерін

анықтау. 2) анықтауыш бойынша минералдың атын, химиялық формуласын және

генезисін анықтау; 3) жауабын кесте түрінде толтыру.

Әдістемелік  ұсыныстар:  Тапсырмаларды  орындау  үшін  минерал

жинақтарын, Моос  шкаласын, бисквит (фарфор  сынықшасы), шыны, магнит,

тұзқышқылын қолданады. Жұмысты орындау реті  №1 Лабораториялық жұмыста

берілген.

Қосымша әдебиет: 8, 4 [23-30] 5 [83-92], 8 [17-39]

Бақылау сұрақтары:

1. Анартастың ерекше қасиеттері

2. Мүйіз алдамышы қай класс минералына жатады.

3. Тальктің қаттылығы

4. Серпентиннің диагностикалық қасиеттері



5 лабораториялық  жұмыс.

Таужыныстарды  зерттеу. Магмалық

таужыныстарды зерттеп үйрену.

Таужыныстардың негізгі типтерін танып үйрену

Тапсырма: 1)  таужыныстарының  құрылымын  және  бітімін  анықтау; 2)

таужыныстарының  минералдық  құрамын  анықтау; 3) анықтауыш  бойынша

таужынысының атын және генезисін анықтау;

Әдістемелік  ұсыныстар:  Тапсырмаларды  орындау  үшін  таужыныс

жинақтарын, Моос  шкаласын, бисквит (фарфор  сынықшасы), шыны, магнит,

тұзқышқылын  қолданады. Жұмысты  орындау  реті: 1) таужынысының  түсін

анықтау; 2) таужынысының  құрылымын  және  бітімін  анықтау;  3)



66

таужыныстарының  минералдық  құрамын  анықтау; 4) анықтауыш  бойынша

таужынысының атын және генезисін анықтау;

 Қосымша әдебиет 5 [92-101], 8 .

Бақылау сұрақтары:

1. Жаралуы бойынша таужыныстары қандай топтарға бөлінеді?

2. Құрылым деген не?

3. Бітім деген не?

4. Граниттің минералдық құрамы қандай?

6 лабораториялық жұмыс. Метаморфтық таужыныстарды зерттеп үйрену.

Метаморфтық таужыныстардың негізгі типтерін танып үйрену



Тапсырма: 1)  Метаморфтық  таужыныстарының  құрылымын  және  бітімін

анықтау; 2) Метаморфтық таужыныстарының минералдық құрамын анықтау;

3) анықтауыш бойынша таужынысының атын және генезисін анықтау;

Әдістемелік  ұсыныстар:  Тапсырмаларды  орындау  үшін  таужыныс

жинақтарын, Моос  шкаласын, бисквит (фарфор  сынықшасы), шыны, магнит,

тұзқышқылын  қолданады. Жұмысты  орындау  реті: 1) таужынысының  түсін

анықтау; 2) таужынысының  құрылымын  және  бітімін  анықтау;  3)

таужыныстарының  минералдық  құрамын  анықтау; 4) анықтауыш  бойынша

таужынысының атын және генезисін анықтау;

 Қосымша әдебиет 5 [92-101], 8 .

Бақылау сұрақтары:

1. Метаморфтық таужыныстары қандай топтарға бөлінеді?

2. Метаморфтық таужыныстарының құрылымы?

3. Метаморфтық таужыныстарының бітімі?

      4. Метаморфтық таужыныстарының түрлері?



7 лабораториялық жұмыс. Шөгінді таужыныстарды зерттеп үйрену.

Тапсырма: 1)  Метаморфтық  таужыныстарының  құрылымын  және  бітімін

анықтау; 2) Метаморфтық  таужыныстарының  минералдық  құрамын  анықтау; 3)

анықтауыш бойынша таужынысының атын және генезисін анықтау;

Әдістемелік  ұсыныстар:  Тапсырмаларды  орындау  үшін  таужыныс

жинақтарын, Моос  шкаласын, бисквит (фарфор  сынықшасы), шыны, магнит,

тұзқышқылын  қолданады. Жұмысты  орындау  реті: 1) таужынысының  түсін

анықтау; 2) таужынысының  құрылымын  және  бітімін  анықтау;  3)

таужыныстарының  минералдық  құрамын  анықтау; 4) анықтауыш  бойынша

таужынысының атын және генезисін анықтау;

 Қосымша әдебиет 5 [92-101], 8 .

Бақылау сұрақтары:

1. Шөгінді  таужыныстары қандай топтарға бөлінеді?

2. Шөгінді таужыныстарының құрылымы?

3. Шөгінді таужыныстарының бітімі?

       4. Шөгінді таужыныстарының түрлері?



67

8 лабораториялық жұмыс. Геологиялық карта және геологиялық қима.

Тапсырма: Геологиялық карта және оны рәсімдеу ережелерімен танысу.

Әдістемелік  ұсыныстар:  тапсырманы  орындау  үшін  геологиялық  карта,

геохронологиялық  кесте, транспортир, миллиметровка, түсті  қарындаштар.

Геологиялық  картаны  рәсімдеу  үшін  жұмысты  орындау  реті: 1) карта  бойынша

жатыс  қабатын  анықтау; 2) геологиялық  таужыныстар  жасына  сәйкес  картаны

бояу; 3) шартты белгілерді құрастыру.

Негізгі әдебиет:  4 [396-410]

Қосымша әдебиет 8

Бақылау сұрақтары:

1. Географиялық картадан геологиялық картаның айырмашылығы қандай?

2. Геологиялық картада магмалық таужыныстар қалай бейнеленеді?

3. Геологиялық картада шөгінді таужыныстар қалай бейнеленеді?

4. Стратиграфиялық бағанада не көрсетіледі?

5. Таужыныстарының литологиялық құрамын қалай көрсетеді?

6. Геологиялық  картада  интрузиялық  таужыныстарының  құрамы  қалай

көрсетіледі?

7. Геологиялық  картада  эффузиялық  таужыныстарының  құрамы  қалай

көрсетіледі?

9 лабораториялық жұмыс. Геологиялық қима. Геологиялық қима тұрғызу.

Геоморфологиялық кескін.



Тапсырма: Геологиялық қима тұрғызып үйрену


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет