Химиялық термодинамиканың негізгі ұғымдары мен анықтамалары. Жүйе түсінігі. Оқшауланған, жабық, ашық жүйелер. Жүйе күйінің термодинамикалық параметрлері.
Термодинамиканың бірінші бастамасы. Жылу мен жұмыстың эквиваленттілігі. Термодинамиканың бірінші заңын толық және шексіз аз өзгерістер үшін.
Химиялық реакциялардағы жылу эффектісі деген не? Гесс заңын және одан шығатын салдарды тұжырымда. Бұл заңның маңызы неде? Неге Гесс заңы термодинамиканың І заңының жеке жағдайы екенін түсіндіріңіз.
Термодинамиканың І заңын әртүрлі процестерге қолдану: изотермиялық, изобаралық және изохоралық.
Қандай химиялық реакцияларды экзотермиялық және эндотермиялық деп атайды? Түзілу, еру және жану жылулары. Интегралды еру және сұйылту жылулары.
Гесс заңы және одан шығатын салдарлар. Лавуазье – Лаплас заңы.
Химиялық реакцияның жылу эффектісінің температураға тәуелділігі. Кирхгоф заңының математикалық өрнегі.
Жылусыйымдылық. Орташа, шын жылу сыйымдылық. Меншікті, мольдік жылусыйымдылық, олардың өлшем бірліктері.
Термодинамиканың екінші заңының тұжырымдары: Пайдалы әсер коэффициенті (ПӘК). Клаузиус постулаты.
Термодинамиканың екінші заңының тұжырымдамасы - Карно циклі. Энтропия.
Өздігінен жүретін процестердің мүмкіншілігі және бағыты. Энтропия – өздігінен өтетін процестердің критерийі. Фазалық айналудың энтропиясын есептеу.
Термодинамиканың бірінші және екінші заңдарының біріккен теңдеулері.
Сипаттамалық функциялар: ішкі энергия, энтальпия. Максвелл қатынастары.
Ашық және жабық жүйелер үшін химиялық тепе – теңдік шарттары. Термодинамикалық функциялардың дифференциалдары.
Химиялық потенциал. Химиялық потенциалдың кез-келген термодинамикалық жүйенің тепе-теңдік жағдайын анықтайтын қасиеті.
Термодинамиканың үшінші заңы. Нернстің жылу теоремасы. Абсолютті энтропияны есептеу.
Бір компонентті жүйелер. Судың күй диаграммасы. Үштік нүкте.
Бір компонентті жүйелер. Күкірттің күй диаграммасы. Энантиотропия және монотропия.
Екі компонентті жүйе. Екі компонентті жүйенің күй диаграммасы: сұйық күйлерінде бір-бірінде шексіз еритін А және В компоненттері қатты күйде балқу температураларына дейін тұрақты болатын берік химиялық қосылыс түзеді. Конгруэнтті балқитын қосылыстар.
Екі компонентті жүйе. Екі компонентті жүйенің күй диаграммасы: А және В компоненттері балқу температураларына жетпей, одан төмен температурада ыдырап кететін тұрақсыз химиялық қосылыс түзеді. Инконгруэнтті балқитын қосылыстар.
Екі компонентті жүйенің күй диаграммасы: А және В компоненттері сұйық күйінде де, қатты күйінде де бір-бірінде шексіз ериді және өзара химиялық қосылыс түзбейді.
Екі компонентті жүйенің күй диаграммасы: А және В компоненттері қатты күйлерінде бір-бірінде шекті ериді. Екі қатты ерітіндінің эвтектикасы бар күй диаграммасы.
Екі компонентті жүйенің күй диаграммасы: А және В компоненттері қатты күйлерінде бір-бірінде шекті ериді. Екі қатты ерітіндінің перитектикасы бар күй диаграммасы.
Екі компонентті жүйенің күй диаграммасы: А және В компоненттері сұйық күйлерінде бір-бірінде шексіз ериді, ал қатты күйінде мүлдем ерімейді және химиялық қосылыс түзбейді.
Сұйықтық – қатты зат фазалық диаграммасы. Сұйық күйде бір-бірінде шексіз еритін, ал қатты күйде мүлдем ерімейтін екі компоненттен құралған жүйенің фазалық диаграммасы.
Ерітінді деген не? Ерітінділердің негізгі белгілерін көрсетіңдер? Ерітінді молекуласына қандай күштер әсер етеді? Ерітіндінің ішкі құрылысы қандай?
Парциал мольдік шамалар.
Парциал мольдік шамалардың негізгі теңдеулері. Гиббс – Дюгем теңдеулері. Масса, моль және көлем арқылы өрнектелетін концентрациялар, олардың анықтамалары.
Ерігіштік. Еру процестері. Газдың сұйықтықта еруі.
Қатты заттың сұйықтықта еруі. Сұйықтықтардың бір-бірінде ерігіштігі: жоғары кризистік еру температурасы бар жүйелер.
Сұйықтықтардың бір-бірінде ерігіштігі: төменгі кризистік еру температурасы бар жүйелер.
Идеал ерітінділер. Ерітіндінің бу қысымы. Қаныққан бу қысымының температураға тәуелділігі.
Еріткіштің қаныққан бу қысымының төмендеуі. Рауль заңы. Идеал ерітіндінің парциал және жалпы қаныққан бу қысымының ерітінді құрамына тәуелділігі.
Реал ерітінділердің бу қысымы. Рауль заңынан ауытқулар.
Идеал ерітінділердің химиялық потенциалы. Активтілік коэффициент.
Сұйытылған ерітінділердің заңдары. Генри заңы.
Ұшқыш емес заттардың ерітіндісінің бу қысымының төмендеуі. Ерітіндінің қайнау температурасының жоғарылауы. Эбулиоскопия.
Еріген заты бар еріткіштің (ерітіндінің) қату температурасының төмндеуі. Криоскопия.
Термиялық анализ дегеніміз не? Ол нені зерттейді? Фаза және компонентке түсінік беріңіз. Таза заттармен қоспалардың салқындату қисықтарында қандай айырмашылық бар? Оларды қалай алуға болады?
Үш компонентті жүйе. Үш компонентті жүйенің күй диаграммасы.
Компоненттердің парциалды бу қысымы мен қоспаның жалпы бу қысымы үшін Рауль заңының математикалық өрнегін жазыңыздар. Компоненттердің парциалды бу қысымының және идеал қоспаның жалпы бу қысымының құрамына тәуелділігінің графигін тұрғызыңыздар.
Қандай сұйықтықтар араласқанда идеал ерітінділерге жақын ерітінділер түзіледі? Мысал келтіріңіздер. Бір – бірінде шексіз еритін әр түрлі затты қоспа үшін идеал ерітінділерден ауытқудың қай түрі бақыланады. Бұл ауытқу қалай түсіндіріледі?
Жалпы және парциалды бу қысымының идеалды қоспадан теріс және оң ауытқулары бар қоспа құрамына тәуелділігінің графигін тұрғызыңыздар. Әр түрлі жүйеде қоспа құрамы және онымен тепе – теңдік күйдегі будың құрамы қандай?
Бу және сұйық ерітінді арасындағы тепе – теңдік. Коновалов заңын тұжырымдап, оны түсіндіріңіздер.