Меншікті капитал есебі. Қаржылық есептілікті дайындау тәртібі Орындаған : Базарбай Альбина Ерболатқызы Меншікті капитал есебі



Дата16.12.2023
өлшемі0,73 Mb.
#140026

Меншікті капитал есебі. Қаржылық есептілікті дайындау тәртібі
Орындаған :Базарбай Альбина Ерболатқызы
Меншікті капитал есебі
Меншікті капитал ұйымның меншік иелерініңқаржыларынан құралады. Оның шамасы кәсіпорынқызметінің қаржылық нәтижелеріне байланыстыөзгеріп тұрады және кәсіпорынның барлық мүлкі мен міндеттемелерінің айырмасы ретінде анықталады.

Меншікті капитал келесі көздерден қалыптасып, толықтырылып тұрады:

Меншікті капитал келесі көздерден қалыптасып, толықтырылып тұрады:


- кәсіпорынның құрылуы кезінде меншік иелерініңсалған салымдары (жарғылық капитал)
- құрылтайшыларға төленген табыс пен дивидендтерді шегергеннен кейін қалған өткенжылдар мен есепті кезеңнің таза табысы. Корпорациялық табыс салығын төлегеннен кейінкәсіпорынның қарамағынад қалатын табыс таза табыс болып табылады;
- құрылтайшылардың, басқа жеке және заңдытұлғалардың қайтарымсыз салымдары.
Кәсіпорынның меншікті капиталының құрамына мыналар кіреді:
жарғылық капитал
төленбеген капитал
жарияланған капитал
эмиссиялық кіріс
резервтік капитал
бөлінбеген табыс
Жарғылық капитал
Жарғылық капитал - сомасы кәсіпорынның жарғысымен анықталған бастапқы капиталы. Олнегізінен акцияларды сатудан түскен түсімнен немесе құрылтайшылардың салымдарынан құралады. Жарғылық капиталға бағытталған қаржы жаңа құрылған кәсіпорын қызметінің басталуынқамтамасыз етуі тиіс. Кәсіпорын мемлекеттік тіркелукезінде оның жарғылық капиталы құрылтайшықұжаттарында тіркеледі.
Жарғылық капиталдың мөлшері кәсіпорынның құрылтайшыларымен анықталады және тиісті мемлекеттік органдарда тіркеледі. Егер де кәсіпорынның қатысушылары бұрын жариялаған жарғылық капиталға қосатын үлесін әлі толық төлемеген болса, онда жарғылық капиталды ұлғайту туралы шешімді тіркеуге алмауы тиіс.

Қаржылық есеп беру 

Қаржылық есеп беру 


кәсіпорынның (шаруашылық жүргізуші субьектінің) өткен кезеңдегі қызметінің жағдайы мен нәтижесін сипаттайтын көрсеткіштер жүйесін айтамыз. 
Ол белгілі бір кезеңде субъектінің шаруашылық қызметінің жағдайы мен нәтижелері туралы жинақталған мәліметтерден тұратын ағымдағы есептің қысқаша мәлімдемесі болып табылатын есеп жазбаларының ерекше түрі.
Жалпы мақсаттағы қаржы есептiлiгiнiң мақсаты экономикалықшешiмдер қабылдау кезiнде пайдаланушылардың қалың тобы үшiнпайдалы ұйымның қаржы жағдайы, қызмет нәтижелерi мен ақшалайқаражатының қозғалысы туралы ақпарат беру болып табылады. Қаржыесептiлiгi сондай-ақ ұйым басшылығына сенiп тапсырылған ресурстардыбасқару нәтижелерiн де көрсетедi.
Жалпы мақсаттағы қаржы есептiлiгi - бұл өздерінің нақты ақпараттыққажеттiлiктерiне сай келетiн есептiлiктiң ұсынылуын талап етуге мүмкiндiгi жоқ пайдаланушылардың қажеттiлiктерiн қамтамасыз етуге арналған есептілік.Қаржы есептiлiгi ұйым қызметінің қаржы жағдайы мен қаржы нәтижелерінің құрылымдалған ұсынуы болып табылады.

Қаржылық есептіліктің элементтері.

Қаржылық есептіліктің элементтері.


Осы мақсатқа жету үшiн қаржы есептiлiгi ұйымның мынадайкөрсеткiштерi туралы ақпарат бередi:
(а)активтер;
(b)мiндеттемелер;
(c)өз капиталы;
(d)пайдалар мен залалдарды қоса, кiрiстер мен шығыстар;
(e)өз капиталындағы басқа да өзгерістер;
(f)ақшалай қаражаттың қозғалысы.

Қызметтiң үздiксiздiгi

Қызметтiң үздiксiздiгi


Қаржы есептiлiгiн әзiрлеген кезде ұйымның басшылығы ұйымның өзқызметiн жалғастыру қабiлетiн бағалауға міндетті. Қаржы есептiлiгi, егерұйымның басшылығы не ұйымды таратуға, немесе оның қызметiнтоқтатуға өзі ниет еткен, не бұлай жасаудан басқа нақты баламасыболмағандықтан, осындай іс-әрекет тәсілін таңдауға мәжбүр болғанреттерді қоспағанда, міндетті түрде қызметтiң үздiксiздiгi негiзiндежасалуға тиiс.
Егер ұйымның басшылығы бағалау барысында бұдан былайұйымның қызметтi үздiксiз жалғастыру қабiлетiне едәуiр күмән туғызуымүмкiноқиғаларғанемесежағдайларғабайланыстыелеулiтұрлаусыздықтар туралы оған мәлiм болса, бұл тұрлаусыздықтар қаржыесептілігінде міндетті түрде ашып көрсетiлуге тиiс. Егер қаржы есептiлiгiқызметтiң үздiксiздiгiне жол беру негізінде жасалмаса, бұл факт есептiлiкжасалған негiзбен және ұйым үздiксiз iс-әрекет етедi деп есептелмейтiнсебеппен қатар, міндетті түрде ашып көрсетiлуге тиiс.

Ұсынудың жүйелiлiгi

Ұсынудың жүйелiлiгi


Қаржы есептiлiгiнде баптарды ұсыну және сыныптау міндетті түрде бiр кезеңненкелесі кезеңге сақталуға тиiс, оған мынадай реттер кiрмейдi:ұйым қызметі сипатының едәуір өзгеруі немесе оның қаржы есептілігін қайта қараунәтижесінде - 8 ІAS-Халықаралық стандарттың есеп саясатын іріктеу және қолдануөлшемдерін ескере отырып, басқа ақпаратты ұсыну немесе басқа сыныптау неғұрлымқолайлы екендігі анық;немесе(b) қандай да болсын Стандарт немесе Түсіндірме ұсынуда өзгерiстердi талап етедi.
Елеулілік және қорыту
Ұқсас баптардың әрбiр елеулi сыныбы қаржы есептiлiгiнде міндетті түрде жекеұсынылуға тиiс. Ұқсас емес сипаттағы немесе мақсаттағы баптар, егер олар елеуліболып табылмайтын ретте ғана, міндетті түрде жеке ұсынылуға тиiс.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет