НТТР сервер және клиент. НТТР – протоколы бойынша сұлаулар мен жауаптардың атаулары
Гипермәтін.Internet ортасының гипермәтіндік табиғатының ерекшелігі аз емес. Гипермәтінге негіздерген дүние жүзіндегі ең алғашқы жүйені жылдан астам уақыт бұрын ЭЕМ нің алғаш құрушыларының бірі (Ванневар Буш) ұсынған. Бұл жүйе Метех деп аталады, ол қолданушының жеке кітаптарын, жазбалар мен коммуникацияларын сақтайтын құрылғы, оған жүктелу тез және оңай. 1967 жылы Нельсон (Nelson) гипертексті жүйелер көрсеткіштері мен ассоцация ретінде бейнелеп, адам ойындағы жеке мәліметтер бөліктерін ұйымдастыру және байланыстыру мүмкіндіктеріне теңеді. 1993 жылы Бомман (Bomman) гипертекстке мынандай анықтама берді: " Гипертекст концепцияның ретсіз жазба мәліметтерін құрайды, осыған орай қолданушы мәліметтер бөліктерін бір-бірімен көрсеткіштер мен байланыстар көмегімен байланыстырады. Гипертекстік жүйеде мәлімет түйін және байланыс түрінде беріледі."
Гипертекст ұйымдстыру құралының бөліктерге бөлінген сызықты емес желілер формасымен сипатталады. Мұнда әр бөлік (фрагмент) келесі бөлікке белгілі бір байланыс типі арқылы көшеді.
Гипертекст мәліметтерді ғана емес, сонымен бірге қолайлы іздеу қондырғысын құрайды. Сонымен, гипертекстік көрініс мәліметтері қарапайым әдіске қарағанда, мәліметтерді қорытады.
HTTP (Hypertext Transport Protocol) – гипермəәтіндік құжаттарды жіберудің интернетте ең кең таралған протоколдарының бірі. Көп жағдайларда HTML белгілеуі бар мəәтін парақтарын, кескіндерді жəәне басқа ақпаратты көрсету үшін пайдаланылады. Бұл протоколдың басты функциясы сервермен байланыс орнату жəәне қолданушы браузеріне керекті ақпаратты жеткізу болып табылады.
HTTP тапсырыс бос жолмен бөлінген сұрату тақырыбына және сұратудың денесінен тұрады. Сұрату денесінің болмауы мүмкін. Сұратудың тақырыбы сұратудың негізгі (бірінші) жолынан және басты жолда сұратуды нақтылайтын келесі жолдардан тұрады. Келесі жолдардан Host параметрінің хабарламасы бар жол ғана міндетті болып табылады. Бірінші жолда сұратудың тақырыбы сұрату әдісінің бос орны, сұратылатын құжаттың URI (әдетте «/» белгісімен басталатын қатыстық адресі көрсетіледі) және хаттаманың нұсқасы арқылы көрсетіледі. Сұратудың қалған жолдарында параметрлер келесі форматта беріледі:
Параметрдің аты: параметрдің мағынасы
Ең қарапайым HTTP сұратудың үлгісі:
GET / HTTP/1.1 – сұрату тақырыбының бірінші жолы
Host: ya.ru - сұрату тақырыбының екінші жолы- бос жол
Сұратудың әдістері:
GET – мәліметтерді сұрату (HTTP-тақырыптарымен бірге)
HEAD - HTTP-тақырыптарын мәліметтерсіз сұрату.
POST – мәліметтерді серверге жөнелту
POST сұратуы үшін міндетті параметрлері болып тапсырыстың денесінің типі (Content-Type) және байттардағы сұрату денелерінің ұзындығы (Content-Length) табылады.
HTTP сұратудың жиі қолданылатын параметрлері: