Глоссарий Орындаған



Дата10.04.2023
өлшемі15,76 Kb.
#80958
түріДиплом

Глоссарий
Орындаған:Ертай А.Т Тобы:ФӨТҚ(А)01-22 Қабылдаған:Ибраимова А.Ж
1.Мемлекет-белгілі бір аумаққа иелік етіп, сол жердегі халықтың еркін дамуына мүмкіндік беретін, қоғам табиғатынан туындайтын ортақ істерді атқаруға қажетті басқарудың жоғарғы дәрежеде ұйымдасқан жүйесі, саяси билік ұйымы.
2.Елшілік-бір мемлекеттің екінші мемлекеттегі елшісі басқаратын дипломатиялық өкілдігі. Елшілік құрамына елшіден басқа ресми дипломатиялық қызметкерлер және қызметшілер енеді.
3.Пристав-орыс кінәздіктері мен Патшалық Ресейдегі жазаның орындалуын қадағалайтын полицейлік іздеу,тергеу органы.
4.Әскери бекіністер-тұрақты әскері,қару-жарағы бар,қажетті азық-түлік, т.б нәрселермен қамтамасыз етілген, әскери стратегиялық тұрғыдан маңызды, жау қоршауында қалған жағдайда ұзақ уақыт қарсыласуға мүмкіндігі мол әскери тұрақ.
5.Реформалар-қоғамның басты негіздерін қайта құру немесе мемлекет жүйесінде қалыптасқан кейбір элементтерді жаңғырту. Олар әлеуметтік-саяси және экономикалық бағыттарды қамтиды.
6.Империя-император басқарған монархиялық мемлекет құрылымының түрі.
7.Генерал-губернаторлық-патшалық Ресейдегі жергілікті жоғары әкімшілік лауазым.
8.Билер соты-XIX ғасырдың бас кезіне дейін қазақтардың өздеріне тән бірегей дәстүрлі билер соты болды. Ол көшпелі және жартылай көшпелі өмір салтына бейімделген еді,XIX ғасырдың 20-жылдарынан бастап патша үкіметі билер сотын бірте-бірте жоя бастады.
9. Императрица(император)-бұл қалай халықтар тобы мен жаулап алынған территориялардың үкіметінің ,мемлекетінің және әскери күштерінің басшысы. Император сөзі латынның етістігінен шыққан басқарамын бұл бұйрық дегенді білдіреді.
10.Округ-әртүрлі әкімшілік-аумақтық немесе аумақтық санақ бірліктер атауы.Қазақ тіліне орыс тілінен енген термин,қазақша баламасы аймақ.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет