Реферат Стоматологиялық операциялар жүргізу кезінде жүктіліктің әртүрлі мерзімінде дәрілік заттар мен наркозды



Дата27.11.2023
өлшемі105,38 Kb.
#128859
түріРеферат
Байланысты:
мирас 1

"Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университеті”




Реферат

Стоматологиялық операциялар жүргізу кезінде жүктіліктің
әртүрлі мерзімінде дәрілік заттар мен наркозды
қолдану ерекшеліктері

Орындаған: Құсайнов Мирас


Тобы: 401гр стом
Тексерген: Бекжанова Мария Сарбаевна

Жүкті әйелге жағымсыз стоматологиялық кірісулердің факторлары:

  • Стоматологқа келумен, ауырсынудың болуымен қамтамасыз етілген психоэмоциональді стресс;

  • Стоматологиялық креслодағы горизонтальді қалып, әсіресе жүктіліктің кеш мерзімінде;

  • Процедураның ұзақтығы;

  • Стоматологиялық ем процессі кезінде медикаментозды заттарды қолдану (жергілікті анестетиктер, транквилизаторлар, жүйелі түрде антибактериальді препараттарды қолдану және т.б.)


Стоматолог білу керек:


  • Жүктіліктің 6-шы аптасынан кейін қанайналымы түрі гипердинамикалыққа өзгереді, клиникалық тұрғыда пульсының жиілігінің және толуының ұлғаюымен көрінеді;

  • Артериалды қан қысымы жүктіліктің II үштігінде қалыпты жағдайда да төмендейді;

  • Экстрасистолия түрінде жүрек ырғағының бұзылыстары көрінеді;

  • Жүктілік кезіндегі гипертензивті жағдайлар көрінісі болып, жүктіліктің II-ші және III-ші үштігінде қан қысымы көтерілуі мүмкін.


Жүктіліктің екінші жартысынан патологиялық процесс айқын болады, жиі диффузды катаральді немесе гипертрофиялық гингивит түрінде өтеді. Жүктілік дамуына байланысты пародонтопатия үздіксіз үдей береді, тек босанудан кейінгі кезеңде ғана клиникалық көрінісі жақсарады. Шектелген мерзімде жүктілік кезінде дамыған гингивит созылмалы ағымға ауысады. Жүктілік токсикозы кезінде ауыз қуысының зақымдалуы ауыр өтеді. Мысалы, жүктілік кезіндегі гипертензивті жағдайлар кезінде кариес дамуы 94 % дейін артады. Екіншілік кареис, эмаль гиперестезиясы 79 % кездеседі.


Кариозды процестің ағымының клиникалық ерекшелігі әсіресе жүктілік кезіндегі гипертензивті жағдайлар кезінде, жедел ағым, тез таралу болып табылады. І үштік:
Стоматолог кеңесі, гигиена сабағы, ауыз қуысының гигиена заттарын жеке дара таңдау

ІІ үштік:
• Гигиена сабақтары, тісті тазалау
• Эмальді күшейту және қалпына келтіру
• кариозды қуыстарды пломбылау
• Рентген-диагностика
ІІІ үштік:
тісті емдеу қажеттілік болса.

  • Жедел стоматологиялық көмек жүкті әйелдерге кез келген мерзімде қосымша патологияны және аллергологиялық статусты ескере отырып көрсетілуі қажет!

  • Ауыз қуысының жоспарлы санациясы үшін жүктіліктің 13-ші мен 32-ші аптасы қолайлы болып келеді. Бұл кезеңде ұрық органогенезі біткен, плацента қалыптасты, фетоплацентарлық қанайналымы қызметін атқаруда, гемодинамикасы тұрақты, иммунологиялық статустың көрсеткіштері жақсарды.

Жансыздандыру
Жүкті әйелдерде әртүрлі стоматологиялық операциялар жүргізу кезінде жансыздандырғыш препараттары ретінде ана мен ұрық ағзасына зиян келтірмейтін қауіпсіз және тиімді дәрілік анестетиктерді қолданады. Анестезия ретінде жергілікті анестетиктерді пайдаланылады, мысалға ультракаин немесе убистезин, бұл препараттар трансплацентарлы барьер арқылы енбейді. Бірақта жүктіліктің кеш мерзімінде құрамында адреналині бар бұл препараттар ерте босануға әкеліп соқтыруы мүмкін. Сондықтан да дәрігер стоматолог арсеналында басқа да дәрілік заттар болуы керек, мысалға вазиконстриктор негізіндегі препараттар.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет