Глоссарилер азаматтардың Әрекет қабілеттілігі



Дата17.03.2022
өлшемі17,95 Kb.
#28270

Глоссарилер

АЗАМАТТАРДЫҢ ӘРЕКЕТ ҚАБІЛЕТТІЛІГІ - (Дееспособность граждан) – тұлғаның өзінің әрекетімен құқықты алу және іске асыру, міндеттерді орындай алу қабілеттілігі.Тұлғаның әрекет қабілеттілігінің әрекет қабілеттілігі жоқ, толық емес, толық, шектелген сияқты түрлері кездеседі.Құқық қабілеттілігінің бұндай түрлері адамның жасына байланысты бөлінеді.

АЗАМАТТЫҚ - (Гражданство) – тұлғаның нақты мемлекетпен берік құқықтық байланысы. Мемлекетпен оның қарамағындағы тұлғалардың арасындағы өзара қарым-қатынас ретінде көрінеді: мемлекет адамның құқығына және бостандығына кепілдеме береді, оларды шет елдерде қорғайды. Азамат мемлекеттің орнатылған заңдарын және мемлекетпен орнатылған міндеттерді мүлтіксіз орындауы қажет

АКТ - (Акт) – құқықтық акт, мемлекеттің шығармашылық субьектілерімен қабылданады, ерекше ресми жазба нысаны бар және белгілі қоғамдық қатынастарды реттеуге бағытталған.

ӘРЕКЕТКЕ ҚАБІЛЕТТІЛІК - (Дееспособность) – адамның өз құқықтарын жүзеге асыру және міндеттемелерді орындау қабілеті. Субъектінің іс-әрекетінен хабардар болуын болжайды. Толық әрекет қабілеттілігі кәмелетке толған кезде пайда болады.

ВЕТО (тыйым) - (Вето, запрет) -парламент қабылдаған  заң жобасына мемлекет басшысының қол қоюға қарсылығы.

ЗАҢ - (Закон) - ерекше жағдайда, заң шығару органдарының билігімен не референдуммен қабылданған, халықтың еркін көрсететін аса маңызды қоғамдық қатынастарды реттейтін, жоғарғы заңдылық күші бар нормативті акт.

ЗАҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫ - (Законотворчество) - мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдардың нормативтік құқықтық актілерді шығару, қайта қарау және олардың күшін жою жөніндегі қызметі.

ЗАҢ ШЫҒАРУ БАСТАМАСЫ - (Законодательная инициатива) -заң шығарушы органның қарауына заң жобасын немесе заң жобасын қабылдау, өзгерту немесе күшін жою туралы ұсыныс енгізуден тұратын заң шығару процесінің кезеңі.

ЗАҢҒА НЕГІЗДЕЛГЕН НОРМАТИВТІК АКТ - ( Подзаконный нормативный акт) - бұл заңға қарағанда заңдық күші төменірек мемлекеттік органның құқықтық актісі.

ЗАҢДЫ ТҰЛҒА - (Юридическое лицо) - меншігінде мүлкі бар ,сол мүліктерін басқару процесінде, өз атынан мүліктік емес міндеттерге ие болып, міндеттері бойынша жауап беретін, сотта талапкер және жауапкер бола алатын заңмен тіркелген ұйымдар, тұлғалар, қоғамдық бірлестіктер.

ЗАҢДЫЛЫҚ - (Законность) – қоғамның және мемлекеттің құқық нормаларын іске асырудағы барлық адамдардың, ұйымдардың, дәл және бұлтарықсыз оындауға қажет талаптарының жиынтығы.

ЗАҢДЫЛЫҚТЫҢ КЕПІЛД1КТЕРІ - (Гарантии законности) - объективті жағдайлар, субъективті факторлар, сондай-ақ заңдылық режимін қамтамасыз ететін арнайы құралдар. Объективті кепілдіктерге (шарттарға) экономикалық, саяси, идеологиялық, әлеуметтік және құқықтық кепілдіктер жатады. Субъективтік факторларға заң ғылымының жағдайы, саяси басшылықтың тиімділігі және т.б. жатады.Заң үстемдігін қамтамасыз етудің арнайы құралдары тек қана заң үстемдігін қамтамасыз етуге арналған құқықтық және ұйымдастырушылық құралдар болып табылады. Олар ұйымдық және құқықтық болып бөлінеді.

ЗАҢТАНУ, ҚҰҚЫҚТАНУ - (Правоведение) - мемлекет пен құқықтың қасиеттерін зерттейтін ғылым; құқықтық білімдер жиынтығы; заңгерлердің практикалық қызметі және оларды даярлау жүйесі.

КВОРУМ - (Кворум) – -белгілі бір іс-шараға қатысушылардың заңда немесе жарғыда белгіленген саны, оның шешімдерін жарамды және заңды маңызы бар деп тану үшін міндетті шарт болып саналады.

КОДЕКС - (Кодекс) - бір жүйеге келтірілген , заңды және логикалық тұтас , ішкі жағынан келсімді тікелей әрекеттегі заңды акт, қоғамдық қатынастардың белгілі бір бөлігін реттейді.

КОНЦЕПЦИЯ - бір-бірімен байланысты және біртұтас жүйе құрайтын бір нәрсеге көзқарастар жиынтығы.

ҚОҒАМДЫҚ ТӘРТІП - (Общественный порядок) - азаматтың қадір-қасиеті мен басқа құқықтарын, меншіктің барлық нысандарын қорғау, қоғамдық орындарда тыныштықты қамтамасыз ету, мемлекеттік және қоғамдық ұйымдардың, адамдардың өзара араласуының қалыпты қызметіне жағдай туғызу, адамның жеке басына тиіспеушілікті қамтамасыз ету мақсатында, арнайы нормалармен реттелетін қоғамдық қатынастар жүйесі.

ҚОҒАМНЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ ЖҮЙЕСІ - (Правовая система общества) – ең маңызды қоғамдық қатынастарды реттейтін өзара байланысты, келісілген және өзара байланысты әрекет етуші элементтердің жиынтығы. Құқықтық жүйе қоғамда бар барлық алуан түрлі құқықтық құбылыстарды біріктіреді.

ҚОҒАМНЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ МӘДЕНИЕТІ - (Правовая культура общества) - жалпы мәдениеттің бір бөлігі, ол адамзаттың құқық саласында жинақтаған және осы қоғамның құқықтық шындығына байланысты құндылықтар жүйесі: құқықтық сана деңгейі, құқық режимі және тәртібі, заңнаманың жағдайы, заң тәжірибесінің жағдайы және т.б.

ҚҰҚЫҚ - (Право) – қоғамдық қатынастарды реттеуге бағытталған, мемлекет бекітіп,қамтамасыз ететін, жалпыға міндетті,формальды анықталған заңдық нормалар жүйесі.

ҚҰҚЫҚ ҚАБІЛЕТТІЛІК - (Правоспособность) – азаматтың құқыққа ие болып, міндет атқару қабілеті (азаматтың құқық қабілеттілігі) барлық азаматтарға бірдей деп танылады. Азаматтық құқық қабілеттілігі ол туған кезден басталып қайтыс болған соң тоқтатылады.

ҚҰҚЫҚ ҚАҒИДАТТАРЫ (ПРИНЦИПТЕРІ)– құқықтық реттеудің мазмұны мен бағыттарын анықтайтын құқықтың жетекші нормалары.Бұл принциптерге, атап айтқанда:

  • заң үстемдігі

  • заңдылық

  • барлығының заң алдындағы теңдігі (теңдігі)

  • тұлға мен мемлекеттің өзара жауапкершілігі

  • кінәсі үшін жауапкершілік

ҚҰҚЫҚ ҚОЛДАНУ (Применение права) - мемлекеттік және басқа да уәкілетті органдардың нақты заң істерін қарау мен шешуден тұратын билік қызметі.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет