ШЫҢҒЫС ХАН
Шыңғыс хан (моңғ. Чингис хаан), шын аты – Темүжін (моңғ. Тэмүжин) — Азиядатұңғыш біртұтас мемлекет құрушы, өз заманының аса ірі әскери және мемлекет қайраткері, Есугей баһадүрдің отбасында туған ежелгі ру басшысы.
Шыңғыс хан
МЕМЛЕКЕТ ҚҰРУЫ
Монғол империясының шаңырағын алғаш көтерген Шыңғыс хан ( бала кезіндегі аты Темүжін) 1155 жылы (кейбір деректерде 1162 жыл) Моңғолияның Кендітау аймағындағы Онон өзенінің жағасында, Болдоң деген жерде Есугей батырдың отбасында туған. Темүжін 9 жасқа толған кезінде әкесі татарлар қолынан қаза табады. Өзінің әскери таланты арқасында және дұшпандарының әлсіздігі мен бытыраңқылығын пайдаланып, 1183—1204 жж. өкімет билігі үшін күресте негізгі жауларын — Меркіт тайпасының көсемі Тохтадан бастап, Найман тайпасының басшысы Таян ханға дейін — талқандады да, кең-байтақ территорияны басып алды, сөйтіп онда мекендейтін көптеген ру-тайпалық одақтардың бірден-бір билеушісі болды.
ҰЛЫСТАРҒА БӨЛУІ
Басып алынған жерлерді Шыңғыс хан ұлыстарға бөлді де, ұлдарына үлестіріп берді. Жошыға ЕртістенОрал тауына, одан оңтүстікке қарай Каспий теңізі мен Аралтөңірегіне дейінгі жерлер, Орта Азиядағыиеліктерінен Солтүстік Хорезм мен Сырдария аймағы, Шағатайға Мауераннахр, Жетісу, Қашқария, Үгедейге Батыс Моңғолия мен Тарбағатай аймағы берілді. Төле әкесінің ұлысы Моңғолияны мұраға алды.
ЖОРЫҚТАРЫ МЕН ЖАУЛАП АЛУЛАРЫ
1207-11 жж. Шыңғыс хан Сібір менШығыс Түркістанды (буряттарды, якуттарды, ойраттарды, қырғыздарды, ұйғырларды) бағындырды.
1211 ж. Цзинь мемлекетіне жорық жасады. 1215 ж. Бейжінді алды. 1217 ж. Солтүстік Қытай түгел Шыңғыс ханның билігіне көшті. 1219 ж. Корея патшалығы Шыңғыс хан әскерлерінен тізе бүкті. Моңғол әскерлерінің Солтүстік Қытай мен Корея патшалығына жорықтарын ірі қолбасшы, әмір Мұқылы Гауин Жалаири басқарды.
Қытайға қарсы шабуылдан кейін Шыңғыс хан әскерлерінің бір тобы 1218-19 жж. Жетісуды, 1219-21 ж. Қазақстан мен Орта Азияны жаулап алды.