Дүниежүзі тарихы 10 сынып (2-сабақ) Арабтардың жаулап алулары мен Крест жорықтары



Дата10.04.2023
өлшемі342,92 Kb.
#81360
түріСабақ


Дүниежүзі тарихы
10 сынып (2-сабақ)
Арабтардың жаулап алулары мен Крест жорықтары
Оқу мақсаттары:
- Араб жорықтары мен крест жорықтарының салдарын дүние жүзіндегі өзгерістерді зерттеу арқылы салыстырады
Бағалау критериі:
- кем дегенде 4 крест жорықтарының нәтижесі мен салдарын біледі ;
- крест жорықтарыныңы салдарын + және – топтастырады;
діннің әлем мәдениеттіне әсері туралы қорытынды жасайды

Өткен материалды қайталау

Сұрақтар:

  • 1.Арабтардық жаулап алу себептері неде және жеңіл жаулап алу сырлары неде?
  • 2.Неліктен халифаттың өмірі ұзаққа созылмады?
  • 3. 693Ислам халифат мәдениетінінің дамуына қалай әсер етті?
  • 4. Крест жорықтарының себептерін атаңыз.
  • 5.Крест жорықшылардың қандай сәттері бетбұрысты болды және неге?
  • 6. Крест жорықшылардың мемлекеттерінің әлсіздігінің себебі неде болды?

Топтық жұмыс. Әр топ ойын әдісі жобасы арқылы зерттеу жүргізеді. Зерттеу мәселесі

  • «Араб жаулап алушылық пен Крест жорықтарының салдарын салыстыру»
  • А) жаулап алынған халықтар тұрғысынан (мысалы, Қарахан мемлекеті мен Сирия халықтары)
  • Б) қолөнершілер тұрғысынан(мысалы, Кордова және Иерусалим қалалары қолөнершілері)
  • В) ғалымдар тұрғысынан(мысалы Самарқан мен Еуропа ғалымдары)
  • Г) билеушілер тұрғысынан(мысалы, араб халифаттары мен еуропа билеушілері)
  • Проект жасалынады, формасын мұғалім таңдайды (шығарма, эссе, постер, фильм т.б) проеті қорғау сыныпта жүргізіледі.

Дескрипторлар:

  • -араб жаулап алушылық пен Крест жорықтарының салдарын жаулап алынған халықтар тұрғысынан салыстырады (мысалы, Қарахан мемлекеті мен Сирия халықтары);
  • -араб жаулап алушылық пен Крест жорықтарының салдарын қолөнершілер тұрғысынан салыстырады (мысалы, Кордова және Иерусалим қалалары қолөнершілері);
  • - араб жаулап алушылық пен Крест жорықтарының салдарын ғалымдар тұрғысынан салыстырады (мысалы Самарқан мен Еуропа ғалымдары);
  • - араб жаулап алушылық пен Крест жорықтарының салдарын билеушілер тұрғысынан салыстырады (мысалы, араб халифаттары мен еуропа билеушілері);
  • діннің әлем мәдениеттіне әсері туралы қорытынды жасайды

Жұптық жұмыс.

  • Араб жаулап алушылық салдарының оң және теріс жақтарына орналастыру

Рефлексия «Аяқталмаған сөйлем»

  • Араб жаулап алушылық пен Крест жорықтары:
  • Жаулапалушылық болды, себебі …..
  • Тонаушылық бағытта болды, себебі …..
  • Келесілер үшін қайғылы болды ……
  • Насихатталды…….
  • Жойып жіберді…..
  • Бөгеттеді….
  • Жайып жіберді…..
  • Нығайтты……
  • Таныстырды…….
  • Үйретті……..

Кері байланыс – «БББ» кестесі


Білемін
 

Білдім
 

Білгім келеді
 

 


Үйге тапсырма:

  • 10-сынып, Қайырбекова Р.Р. Тимченко С.В. Джандосова З.А . 2019ж. 42-47 беттер,
  • Тақырыбы:

  • Араб шапқыншылықтары мен Крест жорықтары
  • 2-сабақ



Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет