Орал Қалалық білім беру бөлімінің әдістемелік кабинетінің әдістемелік кеңесінің отырысында қаралып, Орал қаласы мектептерінің тарих мұғалімдері арасында апробацияға ұсынылды
Хаттама №2 03.10.2022 жыл
Қазақстан тарихы
8 сынып
Құрастырушы: Бисенгалиева Б.Е.
№10А.Байтұрсынов атындағы ЖОББМ тарих пәні мұғалімі
Қазақстан тарихы пәнін тереңдетіп оқытатын курс бағдарламасы (элективті курс) 8 сынып оқушыларына мамандық таңдауға байланысты кәсіби бағдар беру мақсатында, Қазақстан тарихы курсында меңгерілген материалды тереңдетіп оқытуға бағытталған. Оқушылардың функционалдық сауаттылығының дамуына ықпал етеді.
Күнтізбелік-тақырыптық жоспары және оқушылардың сыныптағы іс-әрекетін ұйымдастыратын практикалық жұмыс түрлері қарастырылған. 8-сынып оқушылары үшін жалпы Қазақстан тарихы пәнін оқуға деген қызығушылықты қалыптастыруға бағытталған.
Түсінік хат
Қазақстан тарихы пәнінен 8 сыныптың тереңдетілген оқу бағдарламасы Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 3 тамыздағы № 348 бұйрығымен бекітілген Негізгі орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес және Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы Ғылыми кеңесінің (2018 жылғы 4 желтоқсандағы № 12 хаттама) «5-9-сынып оқу пәндері бойынша жүктеме қысқартылған ұзақ мерзімді жоспарлар» әдістемелік құралын негізге ала отырып құрастырылды. Сонымен қатар Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2019 жылғы «26» шілдедегі № 334 бұйрығымен бекітілген Негізгі орта білім беру деңгейінің 5-9-сыныптарына арналған «Қазақстан тарихы» пәнінен жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасы басшылыққа алынды.
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 30 қыркүйегіндегі № 412 бұйрығымен бекітілген үлгілік оқу бағдарламасы және Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 16 қыркүйегіндегі № 399 бұйрығымен бекітілген Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарына сәйкес бекітілген үлгілік оқу бағдарламасы басшылыққа алынды
Қазақстан тарихынан тереңдетіп оқытатын 8 сынып оқушыларына ерте жастан кәсіби бейімделуіне байланысты кәсіби бағдар беру мақсатында, пәнді тереңдетіп оқытуға және қорытынды аттестаттауға дайындауға бағытталып құрылды.
Тарихи сана–бұл тарихты білу, тарихи тәжірибе мен оның сабақтарын ұғынып түсіну, әлеуметтік болжау, өз іс-әрекеті үшін тарихи жауапкершілікті түсіну. Оқу-тәрбие процесінің маңызды құрамдас бөлігі болып табылатын тарихи білім тұлғаның, азамат пен патриоттың қалыптасуынакөмектеседі.
Оқу пәнінің мазмұны әлем тарихындағы Қазақстанның алатын орны мен рөлін, оның жалпыәлемдік өркениеттің дамуына қосқан үлесін түсінуге мүмкіндік береді.
Оқу пәнінің мақсаты-білім алушылардың бойында тарихи сана, қазақстандық патриотизм, өз елінің тарихы мен мәдениетіне құрмет, өз ата-бабаларының жетістіктеріне деген мақтанышсезімін қалыптастыру, ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтарды дарыту, зерттеушілік, ойлау, коммуникативті дағдыларды дамыту.
Оқу пәнінің міндеттері:
1) Қазақстан аумағындағы Қазақстанның ХХ ғасырдың басыннан бастап Қазақстандықтардың Ұлы Отан соғысына қатысуы аралығындағы қоғамның әлеуметтік, мәдени, саяси, экономикалық дамуының негізгі кезеңдері мен ерекшеліктері туралы білімін қалыптастыру;
2) Қазақстанның тарихи дамуы барысында қалыптасқанұлттық құндылықтар жүйесі туралы білім беру;
3) Қазақстанның тарихи дамуының негізгі оқиғалары, құбылыстары мен процестердің мәні туралы түсінік қалыптастыру;
4) тарихи оқиғаларды, құбылыстар мен процестерді және тарихи тұлғалардың қызметін Отандық тарих контекстінде сын тұрғысынан талдау және баға беру дағдыларын қалыптастыру мен дамыту;
5) тарихи деректердің негізінде дәлелді пайымдау дағдыларын дамыту;
6) тарихи зерттеу жүргізу дағдыларын қалыптастыру мен дамыту (гипотезаларды ұсыну, зерттеу сұрақтарын құрастыру, деректерді талдау, әртүрлі көзқарастарды салыстыру, нәтижелер мен қорытындыларды шығару, өзінің ұстанымын анықтау);
7) қазіргі кездегі саяси, әлеуметтік-экономикалық және мәдени процестерде бағдарлану үшін тарихи білімдерін қолдана білу дағдыларын қалыптастыру;
8) коммуникативті дағдыларды қалыптастыру, өз ойын ауызша және жазбаша түрде анық білдіру, командада жұмыс істей алу, түрлі деректерден алынған ақпараттарды қоса алғанда,жарияланым мен электронды құралдарды қолдану.
Қысқартылған ҮОЖ-ды таңдаудағы басты шарт – білім алушылардың ерте кәсіби бейімделуін қамтамасыз ету. Егер оқу пәндерінің қиыстырылуын (комбинациясы) таңдау 7-сыныпта жасалса, онда таңдалған оқу пәндерінің қиыстырылуына (комбинациясына) сәйкес келесі сыныптарда (8-9-сыныптарда) оқуды жалғастыру қажет.
Осыған байланысты таңдау курс бағдарламасы жалпы білім беретін мектептерде қолданыста бар ұзақ мерзімді жоспарларға қосымша ретінде жүктемесінің төмендетілуіне және таңдау пәндері бойынша оқу жүктемелерінің көбейтілуіне сәйкес әзірленген Ұзақ мерзімді жоспарларды басшылыққа ала отырып құрастырылды.
Достарыңызбен бөлісу: |