«Г»сынып оқушысы Санкей Бекболат



Дата19.05.2023
өлшемі15,53 Kb.
#94696

Қоянды ауылы
№1 ЖОББМ
9 «Г»сынып оқушысы
Санкей Бекболат


Мінездеме

Оқушы туралы мәлімет: Санкей Бекболат 2008 жылы шілде айының 07 жұлдызында дүниеге келген. Бекболат 9 «Г»сыныбында оқиды. Мен, Буйраева Жайна Абдашимовна осы сыныпты 01.09.2018 жылдан бастап бүгінгі күнге дейін жетекшілік етіп келемін. Бекболат өз отбасы туралы толық мәлімет бере алады. Толық қамтылған отбасынан шыққан. Отбасындағы баланың екіншісі. Әлеуметтік жағдайы жақсы. Бекболат өте таза,кірпияз,намысшыл оқушы. Үнемі мектеп талабына сай, таза киінеді. Сабақтан себепсіз қалмайды, кешікпейді. Дене дамуы өзінің жасына, ортасына сәйкес келеді. Денсаулық жағдайы жақсы. Оқу материалын орта деңгейде қабылдайды. Еске сақтау қабілеті жақсы дамыған. Пәндерге деген қызығушылығы орта деңгейде. Сүйіп оқитын пәндері дене шынықтыру мен тарих. Бос уақытында бокс үйірмесіне қатысады. Спортқа деген көзқарасы ерекше. Сонымен қатар қоғамдық жұмыстарға белсене қатысатын, жауапкершілігі мол оқушы. Мінезі тұйық, көңіл – күйі тұрақты. Өзіне – өзі қызмет ете алады. Қойылған талаптарды қабылдайды, тәртібі мектеп ережесіне сай.
Қоршаған орта туралы түсінігі мол, айналасындағы адамдармен тез тіл табыса алады, сыныптағы балалармен қарым - қатынасы жақсы.


Сынып жетекшісі: ___________ Ж.А. Буйраева
Мектеп директоры: __________ М.Савилхан


Қоянды ауылы Қоянды №1 ЖОББМ 9 «Г»сынып оқушысы Зейнулла Ерсін Еділұлына

Мінездеме

Оқушы туралы мәлімет: Зейнулла Ерсін Еділұлы 2008 жылы шілде айының 14 жұлдызында дүниеге келген. Ерсін 2018 жылы 1 қыркүйектен бастап 5 сыныпқа қабылданған. Қазіргі таңда 9 «Г»сыныбында оқиды. Мен, Буйраева Жайна Абдашимовна осы сыныпты 01.09.2018 жылдан бастап бүгінгі күнге дейін жетекшілік етіп келемін. Енсін өз отбасы туралы толық мәлімет бере алады. Әлеуметтік жағдайы жақсы. Көп балалы отбасындағы үйдің үлкені. Ерсін өз ісіне пысық, таза әрі жауапкершілігі мол азамат. Сабақтан себепсіз қалмайды, кешікпейді. Сынып сағаттарына белсене қатысады, мектеп өміріне жауапкершілікпен қарайды. Сыныптастарының арасында өте белсенді. Сонымен қатар, ол спорттық шараларға да белсене қатысады. Оқу барысында оқу көрсеткіші орташа болса да, бұл оқушының жалпы білім деңгейі жоғары.Еске сақтау қабілеті, шығармашылық қиялы жақсы деңгейде дамыған. Мінезі ашық, көңіл – күйі көтеріңкі жүреді. Эмоциялары: Үзілісте де жүгіру, шулау, қатты сөйлеу деген сияқты жаман қылықтарды көрсетпейді.Қоршаған орта туралы түсінігі мол, айналасындағы адамдармен тіл табыса алады, сыныптағы балалармен қарым - қатынасы жақсы.

Мектеп директоры: __________ М.Савилхан
Сынып жетекшісі: ___________ Ж.А. Буйраева


Қоянды ауылы Қоянды №1 ЖОББМ 9 «Г»сынып оқушысы Болоот Батарбекке
Мінездеме

Оқушы туралы мәлімет: Болоот Батарбекке 2006 жылы тамыз айының 1 жұлдызында дүниеге келген. Батырбек 2014 жылы 1 қыркүйектен бастап 1 сыныпқа қабылданған. Қазіргі таңда 9 «Г»сыныбында оқиды. Мен, Буйраева Жайна Абдашимовна осы сыныпты 01.09.2018 жылдан бастап бүгінгі күнге дейін жетекшілік етіп келемін.Батырбектің мінезі тұйық, салмақты, сыпайы, қарапайым оқушы. Сыныптастарымен қарым-қатынасы жақсы, достары көп, өз ісіне жауапкершілігі мол оқушы. Сабақ үлгерімі орташа , қызыға оқитын пәндері: тарих, дене шынықтыру және еңбек сабақтары, сабақтан себепсіз қалмайтын, ұстаздарымен жақсы қарым-қатынастағы, кішіпейіл оқушы. Сыныптың тәрбие сағаттарына жақсы қатысады және сондай-ақ мектептің қоғамдық жұмыстарына үлкен жауапкершілікпен ат салысады. Әлеуметтік жағдайы төмен отбасынан шыққан, көпбалалы отбасында тәрбиеленуде. Отбасы жағдайына байланысты, туған әпкесінің үйінде,бауырларымен бірге пәтер жалдап тұрады. Мектептің жағдайы төмен отбасылар тізіміне енген, сондай-ақ мектептен берілетін барлық көмектеріне қамтылып отырады.


Мектеп директоры: __________ М.Савилхан
Сынып жетекшісі: ___________ Ж.А. Буйраева

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет