Қазақстандағы
демография
Орындаған: Нұрланұлы Дамир,
Мұқанғали Мағжан, Зейнулла Нұриддин
Қабылдаған: Сайлаубекқызы Алия
Жоспары
•
Демография анықтамасы
•
Демография көтеру жолдары
•
Қорытынды
Демография дегеніміз не?
Демография – халық, халықтың өзгеруі, туу жəне өлім-жітім, көші-қон,
этникалық құрамы, географиялық таралуы туралы ғылым.
Демография деп кейде деректерді жинау, популяция, құрам жəне көбеюдегі
өзгерістерді сипаттау жəне талдау бойынша практикалық қызмет түрі деп
аталады.
Демографиялық зерттеулер демографиялық саясатты əзірлеуге, еңбек
ресурстарын жоспарлауға жəне т.б. қызмет етеді.
Демография к
өтеру жолдары
Демография – кез келген мемлекет үшін маңызды мəселе. Өйткені қай мемлекеттің де
дамуына халық саны ықпал етеді.
Халықтың санын көбейтудiң екi жолы бар. Бiрi – табиғи өсiм. Бұл үшiн аналарға
жасалатын көмек, медициналық жəрдем жəне əлеуметтiк жəрдемақылар өсуi керек.
Қазақстанда табиғи өсім оң бағытқа ие. 2017 жылғы деректер бойынша туудың
жиынтық коэффициенті 2,73 болды. Демография ғылымында replacement level (орын
басушы көрсеткіш) 2,1-ден төмен болса, «халықтың өсімі болмайды» деп есептеледі.
Яғни, əр əйелде кемінде екі бала болуы керек.
Демография көтеру жолдары
Екiншiсi – шетте жүрген қандастарымызды Отанға оралту. Тəуелсіздік алған жылы
республикада 7 миллионның үстінде ғана болған қазақтар 2012 жылғы дерек
бойынша 10 миллион 979 мың 511 адамды құраған екен. Яғни, тəуелсіздігіміздің 21
жылында республикадағы қазақтардың саны 2 млн 980 мың адамға өскен. Дəл осы
мерзімде шетелдерден атамекеніне оралған қазақтардың саны 950 мың адамнан асты.
Міне, сондықтан халықтың санын көбейтіп, құрамын нығайтатын, тарихи-
демографиялық ғылым айқындаған екі жолды – табиғи өсім мен сырттан келетін
көші-қонды оң пайдалану керек. Табиғи өсімді күшейту үшін жастарға, əсіресе жас
отбасыларға, көп балалы аналарға, олардың жас ұрпақтарына үкімет тарапынан жан-
жақты, нақтылы, тұрақты жəне жүйелі түрде қамқорлық, тікелей жəрдем
ұйымдастырылып келеді. Ал сырттан келетін көші-қонға келсек, шетелдердегі
қазақтарды елге қайтару үшін де түрлі шаралар іске асырылуда.
Қортынды ой
Шыны керек, демографиялық ахуалдың түзелуі – елдің экономикалық əлеуеті,
əлеуметтік қорғалуы мен медициналық қызмет сапасының артуына тікелей
байланысты. Осы күнге дейін Қазақстандағы ең күрделі мəселелердің бірі –
бала мен ана өлімі көрсеткішін азайту еді. Келелі жиындар мен басқосуларда
Елбасы мемлекеттің қандай қателіктерді жасап жатқанын түсіну қажеттігін
жиі айтады. Мемлекет басшысының бастамасымен 2030 жылға дейін жүзеге
асатын Отбасылық-гендерлік саясат жөніндегі концепция іске қосылды.
Əлеуметтік төлемдердің жыл сайын артуы – отбасылық-демографиялық
ахуалға да оң əсер етуде
Достарыңызбен бөлісу: |