Гуманистік тәрбие. Мақсаттары мен міндеттері



Дата28.09.2022
өлшемі15,87 Kb.
#40546

Гуманистік тәрбие. Мақсаттары мен міндеттері.
Гуманистік педагогика – ХХ ғасырдың 50-ші жылдарының аяғында 60-шы жылдардың басында АҚШ та пайда болған гуманистік психология идеясының қазіргі кездегі тәрбие теориясы мен тәжірибесіндегі педагогиканы қайта жаңғыртуға бағытталған саласы. Оның өкілдері болып К Роджерс, Р.Барт, Ч.Ратбоун мен т.б. жатады.
Гуманизм – (лат. Humanus – адамшылық, адамға тән, адамшылығы бар) ертедегі ойшылдар мен педагогтардың құнды еңбектерінен бастау алады. Олардың қатарында Демокрит, Сократ, Платон, Аристотель т.б жатқызуға болады. Оның дамуына маңызды үлес қосқан Я.А. Коменский, Ж.Ж.Руссо, Д.Лок, И.Г.Песталоцци, А.Дистерверг және кеңес педагог-ғалымдары А.С.Макаренко, В.А.Сухомлинский.
Сухомлинскийдің пайымдауынша «жақсы сезім өзінің тамырымен балалық шаққа сапар жасауы қажет, ал адамшылық, ізгілік, қайырымдылық, мейірімділік еңбекте, қамқорлықта, қоршаған әлемнің әсемдігіне толқу жағдайында туындайды» деген. Бұлардың бәрі айналып келгенде бүгінгі тәрбиенің гуманистік сипатын құрайды.
В.Г.Белинский «адамшылықты» тәрбие принципі ретінде қарастыра отыра, «тәрбиенің қаруы және делдалы махаббат, ал мақсаты – адамшылық болуы міндетті». Тәрбие балаларда шенеунікті, ақынды, қолөнершіні емес адамды көру міндетті» деп жазған.
Гуманистік педагогика тұжырымдамасының әдістемелік салған негізін атақты ұстаз, психолог, психология ғылымдарының докторы, профессор, Ресей Академиясының толықтай мүшесі Шалва Александрович Амонашвили. Гуманистік педагогика баланың жеке басына және оның рухани негізіне бағытталған.
Педагогикада екі бағыт бар – авторитарлық және гуманистік.  Авторитарлық педагогика қорқыныш, қысым арқылы тәрбие береді. Гуманистік бағыт «өмір – бұл мектеп, ал біз оның оқушыларымыз» деген түсінікке негізделеді. Негізінен бұл жаңа педагогика емес, бұл Сухомлинский және Макаренконың классикалық педагогикасы, ал Шалва Амонашвили оны жаңғыртты.
Гуманистік педагогика келесі міндеттеріді жүктейді:

  • Жалпы адамзаттық құндылықтар жүйесімен таныстыру;

  • Әрбір тұлғаның шығармашылық күшін анықтау;

  • Тұлғаның еріндік сезімін және обьективті жағдайда өзіне-өзі баға бере алатын қабілетін қалыптастыру,

  • Бірлескен өмірдің ережелері мен нормаларын құрметтеу;

  • Еңбекке жағымды қатынасты орнату;

  • Ұлтаралық татулық пен ұлттық құндылықтарды мақтаныш ету сезіміне негізделген тұлааралық қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыру және т.б

Гуманистік педагогика баланың мүмкіндіктерін ашуға көмектесе отырып, оның болмысын, ерекшеліктерін толықтай қабылдайды.
Гуманистік педагогика субъективті, оның дайын әдістемелері мен құралдары жоқ десе де болады. Бізге, педагогтар мен ата-аналарға оны әрбір балаға деген қатынас бойынша өз жүрегімізден іздеу маңызды.
Гуманистік педагогиканың айтуы бойынша, тәрбие – бұл бейнелер арқылы азықтану. Яғни, бала біздің өмір салтымыз, әрекеттеріміз бен істеріміз арқылы тәрбие алады. Егер біз үнемі шаршаған күйде болсақ, онда біз оларды шаршауға үйретеміз және алда жақсы нәрсе жоқ деп айтатындай боламыз. Сол себепті балалардың бақытты болғандарын қаласақ, өзіміз бақытты болуымыз қажет.
Гуманистік бағыттағы тәрбие жүйесінің белгілері:

  • Тәрбие жүйесінің дамуында бірыңғай тұжырымдаманың болуы;

  • Салауатты өмір сүру салтын қалыптастыру;

  • Балалардың тәрбие әрекеттерін ұйымдастырудың ұжымдық, топтық және жеке дара формаларының өзара ықпалдастығы және әрекеттестігінде үйлесімділіктің болуы;

  • Балалардың әр түрлі ұжымдары мен бірлестіктерінің жан-жақты әрекетінің болуы.


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет