Х. Досмұхамедов атындағы Атырау му хабаршысы №4 (31) 2013



жүктеу 1.73 Mb.
Pdf просмотр
бет7/16
Дата24.03.2017
өлшемі1.73 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   16

Әдебиеттер тізімі 
1.Беллман Р. Динамическое программирование. М.,1979. 
2.Подиновский  В.В.,  Ногин  В.Д.  Парето-оптимальные  решения  многокритериальных 
задач. М.,1982. 
3.Понтрягин  Л.С.,  Болтянский  В.Г.,  Гамкрелидзе  Р.В.,  Мищенко  Е.Ф.  Математическая 
теория оптимальных процессов. М., 1973. 
 

  Х.Досмұхамедов атындағы Атырау МУ Хабаршысы 
 № 4 (31) 2013 

56 ~
 
 
 
Резюме  
В  данной      статье  рассматривается  эффективный  алгоритм  решения  блочно-
симметричных  задач  дискретного  проектирования,  который  обеспечивает  решения 
прикладных задач данного класса. 
Для  сравнения  в  работе  приведен  алгоритмы  решения  методами  «Ветвей  и 
границ», «Гомори» и «Блочно-симметричным методом» показана на численном примере.  
 
Summary 
  
This  article  examines  the  effective  algorithm  of  the  decision  of  block-symmetric 
problems of discrete designing which provides decisions of applied problems of the given class 
is considered. 
The purpose of the given project is creation of the program which would automate 
performance of the following tasks: users can receive the decision bicriteria tasks of designing 
of systems of data processing, and also receive graphic results by two criteria.  
 
 

  Х.Досмұхамедов атындағы Атырау МУ Хабаршысы 
 № 4 (31) 2013 

57 ~
 
 
 
ЭКОЛОГИЯ ЖӘНЕ ЖАРАТЫЛЫС ҒЫЛЫМДАРЫ 
ЭКОЛОГИЯ И ЕСТЕСТВЕННЫЕ НАУКИ 
 
ӘОЖ 504.75 
О.Р.Бисенбиева, Ж.С.Есенаманова 
Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті 
 
АТЫРАУ ОБЛЫСЫНДАҒЫ РАДИАЦИЯЛЫҚ АХУАЛ 
 
Аңдатпа 
 
Мақалада, 
Атырау 
облысындағы 
радиациялық 
ахуал, 
облыс 
территориясындағы  тау-кен  өнеркәсібімен  карьерлерде  қазба  өндіру  барысында 
пайда болатын радиоактивті сәулелену жайында баяндалады. 
Негізгі сөздер: 
радиациялық фон, радиоактивті ластану, радионуклейд 
 
 
Кез  –  келген  географиялық  нүктедегі  радиациялық  жағдай  –  сол    жердегі 
өзіндік  радиациялық  фонынан  және  техногенді  обьектілердің  сәулелену  әсерінен 
пайда болады.  
 
Өзіндік радиациялық фон – ғарыштық сәулелену және биосферадағы табиғи 
радионуклейдтердің сәулелену әсерінен пайда болады. 
 
Радиациялық  ластанудың  техногенді  әсеріне  негізінен  кіретін  өндірістердің 
бірі – мұнай-газ өндіру, оны тасымалдау  және өңдеу салалары.   
 
Мұнай-газ  кен  орындарын  ұзақ  уақыт  зерттеген  кезде  скважндарды 
бұрғылау  кезінде  мұнаймен,  газбен  және  сумен  бірге  жер  бетіне  көптеген 
элементтердің  қабаты,  атап  айтсақ:  радий,  торий,  стронций,  калий,  цезий  және 
тағыда көптеген элементтердің қабаттары жер бетіне бірге шығады. Бұлар негізінен 
айдағыш  носостармен,  штангалармен,  тұрбалардың  қабырғаларына  ілесіп,  мұнай 
құбырларының,  мұнай  дайындаумен  оны  сақтауға  арналған  ыдыстармен,  жалпы 
керек  –  жарақ  құралдармен  құрылғылармен  ілесе  шығып,  радиациялық  қабат 
құрайды.  Сөйтіп  бұл  құрылғылар  қоршаған  ортаның  радиоактивті  ластануына  тағы 
бір себепші болады [4]. 
 
Атырау облысының территориясындағы тау – кен өнеркәсібімен карьерлерде 
қазба  өндіру  барысында  пайда  болатын  радиоактивті  сәулелену  деңгейін  шартты 
түрде қарастыруға болады. 
 
РГП  «Қазгидромет»  мемлекеттік  мекемесінің  күнсайынғы  гаммалық 
сәулеленуге  экологиялық  мониторинг  жүргізу  бағдарламасы  шеңберінде  Атырау 
облысының  территориясының  жергілікті  жерлерінде  3  негізгі  метеорологиялық 
станцияларында бақылау жүргізіледі [2]. 
 
Атмосфераның  жерүстілік  қабатының  көрсеткіштері  елдімекенді  жерлерде  
2010  –  жылдың  11  айындағы  көрсеткіш  бойынша  гамма  сәулелену  0,11  –  0,13 
мкдыбыс/сағ.  құраған.  Бұл  жалпы  алғанда  2009  –  жылғы  көрсеткіштермен 
салыстырғанда  шамалас  шыққан,  яғни  өзіндік  фон  еш  өгеріссіз  деген  сөз. 
Радиоактивті  ластану  көлеміне  бақылау  жүргізу  (атмосфераның  жерүстілік 
қабатына)  Атырау  облысы  бойынша  «Атырау»  метеорологиялық  станциясында 
жүргізілді. 
 
Атмосфераның  жерүстілік  беткі  қабатындағы  радиоактивті  ластану  Атырау 
облысы бойынша 2010 – жылдың 11 айындағы көрсеткіш бойынша 

  Х.Досмұхамедов атындағы Атырау МУ Хабаршысы 
 № 4 (31) 2013 

58 ~
 
 
орташа  тәуліктік  тығыздық  1,4  бк/м

құраған.  Бұл  көрсеткіш  шектеулі  рауалдық 
деңгейден  аспаған.  Радиоактивті  түсім  тығыздығы  2009  –  жылғы  көрсеткіштермен 
салыстырғанда еш өзгермеді деп айтуға болады[3]. 
 
Құрлысы  жобаланып  жатқан  Атырау  құбыр  желісінің  арматуралары 
зауытының  алаңдарынан  28.12.2010  –  29.12.2010  ж.  аралығында  далалық  зерттеу 
жұмыстары  жүргізілген.  Мақсат,  радиациялық  ластану  деңгейін  анықтау.  Осы 
мақсатта  топырақтан  үлгілер  алынып,  ондағы  калий  –  40  және  цезий  –  137 
радионуклейдтердің  бөліну  эффектісін  (А
эфф
)  анықтау  мақсатында  сынамалар 
жүргізілген (үлгілердің алынған координаталық нүктелері 1 – кестеде көрсетілген). 
 
Үлгілерді  алумен  сынама  жасау  зерттеу  жүргізу  әдістемесінің  ЗӘ 
kz.07.00.00304  –  2004  п  топырақ.  радионуклейдттерді  анықтау  нормативтік 
құжаттамасына сай жасалды. Сынама нәтижесі №1 – кестеде көрсетілген. 
 
1  кесте  -  Радионуклейдтердің  активтілігін  тексеру  үшін  топыраққа  жасалған 
зерттеулердің нәтижесі 
Үлгілер алынған нүктелер 
Көрсеткіштердің атауы 
Цезий – 137 
Калий – 40  



Жобаланған обьект учаскесінен алынған топырақ үлгілері 

5,0 бк/кг 
225,0 бк/кг 

7,2 бк/кг 
240,0 бк/кг 

9,6 бк/кг 
220,0 бк/кг 

8,0 бк/кг 
225,0 бк/кг 
А
эфф
, бк/кг Шектеулі 
деңгей көрсеткіші 
 
370 
 
370 
 
Зерттеу жүргізудің 
 әдісі 
Радионуклейдттің 
активтілігін 
анықтаудың 
«прогрес»  программасымен  қамтамасыз  етілген 
сцинтилляциялық  гамма  спектрометрін  қолдану 
арқылы зерттеу әдісі. Рег. № kz.07.00.00304 – 2004 
 
 
 
Радионуклейдттің 
активтілігін 
зерттеу 
нәтижесіне 
қарап, 
олардың 
топырақтағы  мөлшері  –  шектеулі  мөлшерден  біршама  төмен  екенін  көреміз. 
Шектеулі  мөлшермен  салыстырған  кездегі  құрлыс  материялдарындағы  табиғи 
радионуклейдтердің бөліну активтілігінің эффектісі (А
эфф
) жоғары екені байқалды, ол 
370 бк/кг[1]. 
Әдебиеттер тізімі 
1.  Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексі 09.01.2007. 
2.  Қазақстан Республикасының  Су кодексі 09.07.2003. 
3.  Қазақстан Республикасының  Жер кодексі 20.06.2003. 
4.  Закон Республики Казакстан «Об особо охраняемых природных территориях» от 
07.07.2006. 
 

  Х.Досмұхамедов атындағы Атырау МУ Хабаршысы 
 № 4 (31) 2013 

59 ~
 
 
Резюме 
 
В  статье  дается  радиационная  ситуация  В  Атырауской  области,  а  также 
примеры  проводящиеся  в  районах  Атырауской  области  по  трем  основным 
метереологическим станциям 
 
Summary 
 
In this article described radiation situations and examples as results if conducting 
in 3 meteorological stations in Atyrau region 
 
 
ӘОЖ  631.423.6 
А.Ж.Мустафина 
Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті 
 
СУ АҒЗАЛАРЫНА МҰНАЙ ЖӘНЕ ОНЫҢ ӨНІМДЕРІНІҢ  
ӘСЕР ЕТУ МЕХАНИЗМІ  
 
Аңдатпа 
Бұл  мақалада    мұнай  және  мұнайөнімдерінің  су  ағзаларына  әсері  ету 
механизмдері  сипатталған.  Мұнай  көмірсутектерінің  су  ағзаларына    улы  әсер  етіп, 
мембраналар жүйесін бұзатыныны анықталған. 
Негізгі  сөздер: 
Эмульсия,  молекула,  судағы  гидробионттар,  биологиялық 
мембраналар,  липидтер,  фосфо-липидтер,  липопротеиндер,  биоценоз,  мұнай 
токсикологиясы. 
 
Мұнай  өндірудің  қарқынды  өсуі,  мұхиттар  мен  теңіздердегі  шельфті 
аймағынан  мұнай  өндіру,  тасымалдау,  өңдеу  су  қоймаларының  ластануына  әкеліп 
соқтырады.  Танкерлермен  мұнай  тасымалдаудағы  апаттар,  теңіздегі  бұрғылау 
жұмыстарындағы  төгілулер  су  қоймаларының  көмірсутегімен  одан  да  бетер 
ластануына себепші болады.  
Біздің  елімізде  1975  жылы  халық  шаруашылығын  дамыту  бағдарламасына 
сай 496 млн. тонна мұнай өндірілді, осыған сай оның көп бөлігі өңделді. Осы кезде 
оның  0,5%  жоғалды  деп  есептесек,  соның  өзі  2  млн  тоннадан  жоғары  болар  еді. 
Автомобильді  транспорттардың  дамуы  да  құрлықтың  мұнай  өнімдерімен  ластануын 
жоғарылатады, ол сәйкесінше шайылғаннан соң су қоймаларына түседі. 
Ендігі  жағдайда  қоршаған  орта  мен  су  қоймаларын  мұнай  және  мұнай 
өнімдерімен  ластануын  болжау  қиын  емес.  Мұнай  өнімдерімен  қоршаған  орта  мен 
ағзалардың ластанып улануы болашақта өте үлкен ғаламдық масштабқа ие болады 
да,  ол  тек  биолог,  эколог,  гигиена  мамандарының  ғана  емес,  бүкіл  адамзат  пен 
мемлекеттік қызметкерлердің де алаңдатушылығын тудырады. Осыған орай арнайы 
конференциялар,  халықаралық  басқосулар,  симпозиумдар  мен  конференциялар 
өтеді.  Мұнай  және  мұнай  өнімдерімен  мұхиттар  мен  теңіздердің  ластануы  БҰҰ 
назарын  аударады,  ал  бұған  дейін  бұл  мәселемен  Ұлттар  Лигасы  айналысқан 
болатын.  Халықаралық  келісімшарттар  бар,  Совет  Үкіметі  де  қатысатын.  Мұндай 
келісімшарттардың  басты  мақсаты  теңіз  суларын  мұнай  және  мұнай  өнімдерімен 
ластанбауын қадағалау болып табылады. (Чичвирин, 1970)  
Мұнай  және  оның  өнімдерінің  суды  ластай  отырып,  гидробионттарға  үлкен 
залал  келтіретіні  анықталған.  Мұнай  мен  оның  өнімдері  теңіз  және  тұщы  суларға 

  Х.Досмұхамедов атындағы Атырау МУ Хабаршысы 
 № 4 (31) 2013 

60 ~
 
 
түсе отырып, су ағзалары мен өсімдіктеріне көп салалы әсер етеді. Бұл өз кезегінде 
мұнайдың  өзіндік  физико-химиялық  қасиеттеріне  тікелей  байланысты,  оның 
құрылысы  өте  күрделі  және  суға  қатты,  сұйық  және  газ  күйіндегі  заттарды  түсіруі 
мүмкін.  Оның  бір  бөлігі  су  түбіне  тұнба  болып  шөгеді,  бір  бөлігі  суспензия  мен 
эмульсия  күйінде  су  бетінде,  ал  енді  бір  бөлігі  молекулалы  және  газ  тәрізді  күйде 
болады. Осындай өзіндік қасиеттері мен сипаттарына байланысты мұнай және оның 
өнімдері  суға  түсе  отырып,  су  қорларындағы  судың  бүкіл  қабаттарына  өз  әсерін 
тигізеді [1]. 
Сондықтан  да  көмірсутектердің  судағы  гидробионттарға  жалпы  әсері  мен 
әсер  ету  механизмінің  түрлі  функцияларын  зерттеу  аса  маңызға  ие.  Суда  тіршілік 
ететін  ағзалар  (үлбір  бетінен  бастап  су  түбіндегі  бірнеше  сантиметр  топырақта 
тіршілік  етушілерге  дейін)  өздеріне  мұнай  мен  оның  қоспаларын,  сонымен  бірге 
көмірсутегінің тотықтану және мұнай өңдеу өнімдерінің әсерін  анық сезінеді.  
Соңғы  онжылдықтарда  көмірсутектердің  өсімдіктекті  және  жануар  текті 
ағзаларға өте қолайсыз, тіпті өлімге әкеп соқтыратын әсерлері туралы мағлұматтар 
көптеп  жинақталған.  Бірақ  олардың  әсер  ету  механизмін  түсіндіру  қиындық 
тудыруда.  АҚШ  зерттеушілері  тобы  баяндамаларында  (Fascimile,  1969)  мұнай 
токсикологиясы  толық  анық  емес  және  шикі  мұнай  мен  оның  өнімдері  аз 
концентрацияларының  олардың  су  ағзаларының  дамуы  мен  өсіміне  әсері  туралы 
сұрақтар өзге ластаушыларға қарағанда қиынырақ екені айтылады. Бұл АҚШ-тың ірі 
мамандардың  пікірлері  бүгінгі  күнге  дейінгі  мұнай  және  оның  өнімдерінің 
токсикологиясы жөніндегі теориялық ойды қуаттайды. 
Біздің пікірімізше шикі мұнайдың және оның өнімдерінің суда тіршілік ететін 
ағзаларға әсер ету принципі – бұл біреу, нақты айтсақ негізгі десе де болады. Оның 
астарында  барлық  дерлік  көмірсутектердің  май  текті  заттарды  ерітіп  және  оларда 
еруі екені анықталды. 
Көп  жылдық  зерттеулер  көрсеткендей,  мұнай  және  оның  өнімдерімен 
ластану  ошақтарында  суда  тіршілік  етуші  биоценоздар,  тіпті  судағы  барлық  флора 
мен  фаунада  терең  өзгерістер  орын  алатыны  белгілі.  Көбіне  көп  ең  алдымен 
өндірістік  балықтармен  олардың  жемі  болатын  ағзалар  жойылады.  Бірақ  су 
қоймасындағы  биологиялық  процесстердің  ауытқуы  одан  да  ерте  аңғарылады. 
Зерттеу  жұмыстары  нәтижесі  түрлердің  (особь)  дараларының  ауысып  өзгеруінен 
биоценоздың  алғашқы  өзгерістерін  анықталатының  көрсетті.  Осындай  даралық 
ауытқушылықтар  салдарынан  түр  ішілік  және  түр  аралыққатынастар  ерекшеленіп, 
су  қоймасындағы  биологиялық  процесстерге,  олардың  жүрісіне  кері  ықпалын 
тигізеді [2]. 
Мұнай және мұнайөнімдері өзінің ерекше физико-химиялық ерекшеліктеріне 
байланысты  (майда  ерігіште,  тіршілік  әр  түрлі  формалары,  гидробионттар 
жасушасына  оңай  енуі  т.б.)  суда  тіршілік  етуші  ағзаларға  көп  салалы  әсер  етеді. 
Мұндай  гидробионттарға  сан  салалы,  көп  түрлі  әсер  ету  судағы  биологиялық 
процесстерге,  оның  санитарлы-гигиеналы  жағдайына  мейлінше  әсер  етеді.  Көбіне 
мұндай  әсерлер  балық  шаруашылығында  байқалады.  75  жылдан  астам  балық 
шаруашылығының  жағдайы  тәжірибелер,  су  қоймасына  түскен  мұнайдың  балыққа 
зияндығын  дәлелдейді.  Осы  уақыттар  аралығында  бұл  тақырыпта  жазылған 
еңбектер  де  өте  көп.  Алғашқы  негізгі  еңбектерде,  мұнай  мен  оның  өнімдерінің  су 
ағзаларына  улылық  әсері  анық  көрсетілді,  (Хлопин  және  Никитин,  1898,  Купцис 
1900). 

  Х.Досмұхамедов атындағы Атырау МУ Хабаршысы 
 № 4 (31) 2013 

61 ~
 
 
Ал  бүгінгі  күнгі  еңбектерде  мұнай  және  оның  өнімдерінің  әсерінен  су 
қоймаларындағы 
биологиялық 
процестердің 
терең 
өзгеріске 
ұшырайтыны 
дәлелденді (Мосевич, 1951; Мосевич және т.б. 1952; Драчев, 1964; Kasymov. 1970., 
Liebmann, 1962.) [3]. 
Мұнай және оның өнімдері су қоймаларындағы су құрамын өзгерте отырып, 
гидробионттарға жанама да әсер етуі мүмкін, (Скопинцев, Сосунова, 1940). Осындай 
қолда  бар  нақты  дәлелдерді  қолдана  отырып,  мұнайдың  әсер  етуінің  негізгі 
принципін анықтауға болады. 
Бірақ  әзірге  таза  бөлек  табиғат  пен  мұнайдан  суға  өте  отырып  ауыр 
апаттарға  әкелетін,  гидробионттарға  әсері  тым  қауіпті  көмірсутегілердің  нақты 
концентрациясы  белгісіз,  дей  тұрғанмен  де  көмірсутегілердің  барлығы  дерлік 
балдырлардан балықтарға дейінгі су ағзаларына улы әсер ететіні және өзгерістерге 
әкелетіні анық. Осылайша мұнай олардың ұрықтық дамуы, өсуі, көбеюі, зат алмасуы 
секілді үрдістеріне қолайсыз әсер ете отырып, бүкіл зат алмасу процесінде де өз ізін 
қалдырады (продуценттер, консументтер және редуценттер).  
Егер аздаған ауытқушылықтар мен өзгерістер салдарынан, ағзалар топтары 
арасында  белгілі  бір  қатынас  орнаса  (мысалға  аз  мөлшерде  балық  аулау  немесе 
омыртқасыз  жануарларды  аулау,  ортаның  физико-химиялық  құрамының  өзгеруі 
және т.б.), ал көмірсутегілердің гидробионттарға әмбебап әсері салдарынан болатын 
өзгерістерді қалпына келтіру үшін ұзақ уақыт пен еңбекті қажет етеді [4]. 
Су  қоймаларындағы  биологиялық  процестердің  бұзылуы  мен  биологиялық 
мембраналардың бұзылуының басты себебі көмірсутегі әсерінен деген қорытындыға 
келеді. 
 Осындай  гипотезаны  ұстана  отырып,  көмірсутегілер  әмбебап  әсерінен 
бұзылған,  ағзалар  арасынан  әмбебап  жүйені  іздеген.  Бұндай  жүйеге  биологиялық 
мембраналар жатады. Бұл орайда  мұнайдың  өзіндік  қасиеттерін  де  еске  алған  жөн 
(молекулалар  құрылысы,  жасушаларға  оңай  өтуі,  липидтерде  оңай  еруі  және 
оларды 
ерітуі 
т.б.). 
Сонымен 
қатар, 
өмірлік 
тіршілік 
процестеріндегі 
мембраналардың  рөлі  мен  биологиялық  құрылысын  (липидтер,  фосфо-липидтер, 
липопротеиндер бұлар мембрананың негізгі құрамдас бөліктері бола отырып қызмет 
етеді,  мембраналар  қорғанышты  барьер  қызметін  атқарады,  олар  жасушадағы 
заттар  ағысын  бағдарлай  отырып,  оларда  ферменттер  локализациясы  жүреді, 
биоэнергетикалық  процестер  жүреді,  сондай-ақ  өзге  де  бірқатар  функциялар 
атқарады).  Саралай  келе,  мен  мұнай  мен  оның  көмірсутегілерінің  ағзаға  беретін 
токсинді  әсері  мен  су  қоймаларындағы  гидробионттар  мен  биоценоз  құрамындағы 
қатынастарға әсері туралы нақты бір түсінік қалыптастыруға тырыстым. 
Мембраналардың  бастапқы  күйі  бүтін  болғандықтан  олардың  ағза 
тіршілігіндегі  орнын  ескере  отырып,  мынаны  айта  кеткен  жөн,  көмірсутектердің 
зиянды  әсері  ең  алдымен  осы  мембраналарды  зақымдаудан  басталады,  ал  бұл  өз 
кезегінде тұтас ағзада, одан әрі биоценоздарда үлкен өзгерістерге әкеледі. 
Су  қоймаларындағы  биологиялық  процестерге  мұнаймен  ластанудың  әсер 
ету механизмін ескере келе, судағы түрлер арасындағы қатынас тізбегінің бұзылуы, 
су ағзаларының жас даралары саны өзгерісіне және балдыр жасушалары өзгерісіне 
әкелетінін  байқаймыз.  Осындай  бастапқы  сатыдағы  өзгерістер  салдарынан,  су 
биоценозында ірі ауытқушылықтарға әкеледі. 
Қазірдің  өзінде  көптеген  теңіз  акваторияларында  мұнаймен  ластану 
салдарынан  жаңа  экологиялық  мәселеллер  туындап,  адам  үшін  кәсіптік  жануарлар 

  Х.Досмұхамедов атындағы Атырау МУ Хабаршысы 
 № 4 (31) 2013 

62 ~
 
 
өндіруде  және  судың  санитарлы-гигиеналы  жағдайында  үлкен  алаңдатушылық 
тудыруда. [5]. 
Сондықтан  да  мұнаймен  ластану  салдарынан  балықтар  мен  шаян 
тәрізділердің  ерте  даму  сатыларында  өлетінін,  және  балдырлар  өсіміне  кері  әсері 
барын  жасырмау  қажет.  Қорыта  келе,  адам  өміріне  қолайлы  экологиялық  таза 
ортаны  сақтап  қалу  мақсатында,  су  қорларын  қорғау  мен  сақтауды  мұнаймен 
ластанудан жоғары ұстағанымыз абзал. 
 
Әдебиеттер тізімі 
1.  Драчов С.М. Борьба с загрязнением рек, озер и водохранилищ промышленными 
и бытовыми стоками. М.-Л., Изд-во «Наука». 1964. 
2.  Мосевич  Н.А.,  Гусева  Н.В.,  Драгулин  М.Г.,  Кушнарева  В.С.  Сточные  воды 
нефтеперерабатывающих  заводов,  их  влияние  на  водные  организмы  и 
нормирование их сбросов.- Изд-во. ВНИОРХ, 1952. т.31. 
3.    Строганов  Н.С.–  Методика  определение  токсичности  водной  среды.  М.,  1971. 
Изд-во «Наука». 
4.    Строганов  Н.С.  О  механизме  деествия  нефти  и  ее  продуктов  на  водные 
организмы.  –  Методика  определение  токсичности  водной  среды.  М.,  1971.  Изд-во 
«Токсикология  загрязнямых водоемов». М, Наука, 1973. 203 С. 
 5.  Хлопин Г.В., Никитин А.Ф. - Влияние нефтяных продуктов на рыбное население 
рек и качество воды.-Врач, 1898. №19. 
 
Резюме 
 
В    данной  статье    рассматриваются    механизмы  воздействия  нефти  и 
нефтепродуктов  на  водные  организмы.  Установлено,  что  нефть  и  нефтепродукты 
токсично воздействуют на водные организмы, разрушая мембранные системы.  
 
              
Summary 
 
In  this  article  discusses  mechanisms  of  influence  of  oil  and  oil  products  on  water 
organisms  are  considered.  Establish  that  oil  and  oil  products  toxically  influence  water 
organisms, destroying membrane systems. 
 
 
ӘОЖ  639.2/.3 
А.Я.Калиева  
Х.Досмухамедов  атындағы Атырау мемлекеттік университеті 
 
КАСПИЙ БАССЕЙНІНДЕГІ БАЛЫҚТАРДЫҢ  ЭКОЛОГИЯСЫ 
 
Аннотация 
Каспий бассейнінде тіршілік ететін балықтардың экологиясы қиын жағдайда. 
Соңғы уақытта Каспий теңізінің мұнай өнімдерімен және ауыр металдармен ластану 
дәрежесіне  толыққанды  зерттеулер  жүргізілмеген.    Жергілікті  сулардың  жалпы 
экологиясы  және  мұндағы  балықтардың  тіршілік  етуі  айтарлықтай  толыққанды 
болуы шарт. 
Негізгі сөздер: 
бекіре балық, каспий, балықтар, экология. 
 

  Х.Досмұхамедов атындағы Атырау МУ Хабаршысы 
 № 4 (31) 2013 

63 ~
 
 
Балықтар-жақ сүйектілер класс үсті тармағының өте ертеден келе жатырған 
класы.  Балықтарға  эктодермальды  дамыған  желбезектер  тән.  Желбезекпен  тыныс 
алуы  өмір  бойына  сақталады.  Сыртқы  құлағы  болмайды.Балықтар  жер  шарының 
барлық  су  қоймаларына  тегістей  таралған,  тек  Солтүстік  мұзды  мұхитында  жоқ. 
Олардың  20  мыңға  тарта  түрі  бар.  Балықтар  класы  4  топқа  және  7  класс  асты 
тармағына топтасады: 
1-топ Желбезек жақтылар - Арһеtоһуоіdeа. Балықтардың ерте заманғы тобы. Силур 
дәуірінің  басында  пайда  болған.  Оның  Аконтодиялар  (Асаnthodii)  деп  аталатын  бір 
класс асты тармағы бар. 
2-топ  Сауытты  балықтар-  РІасоdemi.  Денесі  сүйекті  сауытпен  қапталған. Екі  класс 
асты тармағына бөлінеді - Агtһrоdіrа жэне Рtеrісһtyes. Қазіргі уақытта бұл балықтар 
жоқ. 
3-топ Шеміршекті балықтар - Сһошігісһіһуез. Ішкі қаңқасында сүйек ұлпалары жоқ, 
тек шеміршектен тұрады. Бұл топ екі класс асты тармағына бөлінеді -Elasmobranchii 
немесе Selachii және Нolocephali. Олар алғашқы рет орта девонда пайда болған. 
4-топ  Сүйекті  балықтар  -Osteichtyes.  Қаңқасы  сүйек  ұлпаларынан  тұрады.  Дүние 
жүзі  суларына  өте  кең  таралған.Бүл  топқа  екі  класс  асты  тармағы:  Dipnoi  және 
Теlеоstomi жатқызылады. 
Класс асты тармағы нағыз ауыздылар немесе жоғарғы балықтар - бас сүйегі 
гиостиликалық немесе амфистиликалық болатын сүйекті балықтар. 
Teleostomi класс тармағы екі топтан: Crossopterygii және Actinopterygii құралады.  
Сәулеқанаттылардың - Actinopterygii жүзу қанаты бисериальды архиптеригия 
типті  емес.  Тұщы  су  және  теңіз  балықтары.  Алғаш  рет  ортаңғы  девонда  пайда 
болған.  Бұл  топқа  қазіргі  балықтардың  көпшілігі  жатады.  Олар  5  отряд  үсті 
тармағына  палеонисцилер  бөлінеді:  Palaeonisci,  көпқанаттылар  (Brachiopterygii 
Polypteri),  шеміршекті  гоноидтылар  -  (Chondrostei),  сүйекті  гоноидтылар    (Holostei) 
және сүйекті балықтар - (Teleostei). 
Каспий  теңізінің  ихтиофаунасын  әртүрлі  жылдарда  зерттеген  ғалымдар 
Каспий  теңізінің  ихтиофаунасы  турасында  әртүрлі  мәліметтер  келтіреді.  Л.А. 
Зенкевич  (1947)  Каспийде  балықтардың  63  түрі  бар  десе,  А.Н.Державин  (1951)  74 
түрі, ал Ф.Д.Мордухай –Болтовской (1960) 54 түрі бар деп есептеген. 
Бұл туралы толық мәліметтерді Т.С.Расс (1951) жазбаларынан білуге болады, 
ол  Каспий  теңізінде  балықтардың  74  түрлі  мен  түр  асты  тармағы  мекендейді  деп 
санаған.  Ол  балықтарды  4  топқа  бөледі:  теңіз  балықтары  (6  түр),  тұздылау  су 
балықтары  (47  түр),  өрстегіш  балықтар  (23  түр  мен  түр  асты  тармағы)  және 
жартылай  өрістегіш  балықтар  (16  түр).  Е.Н.Казанчеев  (1981)  бойынша  Каспий 
теңізінде балықтардың 62 түрі (өзен балықтарын қоспағанда) тіршілік етеді, ал оған 
құятын  өзен  атырауларын  есептегенде  балықтардың  76 түрі  мен  түр  асты  тармағы 
мекендейді.  Балықтардың  түрі  мен  түр  асты  тармағының  саны  бойынша 
танабалықтар  (36  түр  мен  түр  асты  тармағы), тұқытәрізділер  (20 түр мен  түр  асты 
тармағы) 
және 
майшабақтар 
(18 
түр 
мен 
түр 
асты 
тармағы) 
көп 
кездеседі.А.Ғ.Қасымов  (1987)  Каспий  теңізінде  балықтардың  100 түрі  мен  түр  асты 
тармағы мекендейді деп есептейді. 
Соңғы мәліметтерге қарағанда (Каспий теңізі..., 1989) Каспий теңізі мен оған 
құятын  өзендердің  төменгі  ағыстарындағы  ихтиофауна  құрамында  17  тұқымдасқа, 
53  туысқа  кіретін  балықтардың  124  түрі  мен  түр  асты  тармағы  бар.  Ең  көп 
таралғандары  тұқытәрізділер  (42  түр  мен  түр  асты  тармағы),  содан  кейін 
табанбалықтар  (32-35)  және  майшабақтар  (18  түр  мен  түр  асты  тармағы).  Басқа 

  Х.Досмұхамедов атындағы Атырау МУ Хабаршысы 
 № 4 (31) 2013 

64 ~
 
 
қалған  түрлер  1-7  таксондар  мен  көрсетілген.Каспий  теңізінде  балықтар 
экологиялық ерекшеліктеріне байланысты 4 топқа жіктеледі: 
-өзен  балықтарына  42  түр  мен  түр  асты  тармағы  жатады  және  олар 
ихтиофаунаның  34,4%-ын  құрайды.  Бұл  балықтар  бүкіл    өмірін  өзендердің  төменгі 
ағысы мен суқоймалардың атырауларында өткізеді. Оларға шортан, оңғақ, густера, 
уклея,  жайын,  мөңке,  қызылқанат,  алабұға,  нәлім  және  т.б.  тұщы  су  балықтары 
жатады. 
-өрістегіш балықтарға 18 түр мен түр асты тармағы кіреді. 
(14,7%).  Жыныстық  пісіп  жетілгенге  дейін  олар  теңізде  тіршілік  етеді  де, 
көбею  үшін  өзендерге  өрістеді.  Уылдырық  шашу  үшін  бұл  балықтар  өзендердің 
арнасы мен алқаптарының, жайылмаларының белгілі бір аймақтарын пайдаланады. 
Оларға  дөңгелекауыздылардан  Каспий  миногасы,  барлық  Каспий  албырттары  мен 
сүйріктен  басқа  бекіретәрізділер,  майшабақтардың  кейбіреулері,  шемаялар  т.б. 
балықтар жатады. 
-жартылай өрістегіш балықтарға 9 түр мен түр асты тармағы жатады (74%). 
Бұл  балықтар теңіздің  тұщыланған  аймақтарында  қоректенеді  де,  көбею  үшін  өзен 
атырауларының тайыз суларына шығады. Бұл топқа табан, сазан, көксерке, қаракөз, 
чехон т.б. жатады. 
-теңіз  балықтары  түрлік  қатынасы  жағынан  ең  көбі,  53  түр  мен  түр  асты 
тармағы  кіреді  (ихтиофауна  құрамының  43,5%-ы).  Бұл  балықтардың  бүкіл  өмірі 
теңізде  өтеді.  Оларға  Каспий  килькаларының  барлық  3  түрі  (кәдімгі,  үлкенкөзді 
және  анчоустәрізді),  Каспий  қарынсауы,  сонымен  қатар  Каспий танабалықтарының 
көпшілігі, атериналар, кефальдардан-сүйіртұмсық пен сингиль және теңіз көксеркесі 
жатады. 
Жайық өзенінің ихтиофаунасы туралы толық зерттеулерді Г.Х.Шапошникова 
(1964) жүргізген. Ол өзеннің төменгі ағысында 13 тұқымдастың 47 түрі мен түр асты 
тармағына  сипаттама  берген.  Бұл  мәліметтер  бойынша  тұқытәрізділер  40%-ды, 
бекіретәрізділер  мен  майшабақтартәрізділер  11%-ды,  алабұғатәрізділер  9%-ды, 
албырттәрізділер 4,4%-ды құраған. 
Сирек  кездесетін  түрлерге  Каспий  албырты  мен  сүйрік,  ақ  балық  пен  күтім 
жатады.  Күтім,  минога,  ақбалық,  Каспий  албырты  жойылып  бара  жатыр.  Сүйрік, 
қаражон және оңтүстіктің кіші тікенекті балығы, таутан өте сирек кездеседі. 
 
Әдебиеттер тізімі 
1.  И.М.Анисимова,   В.В.Лавровский-Ихтиология;   «Высшая   школа» 1985г. 
2.  Айтжанова  Д.А.  «Каспий шельфін  игерудің  экономика-экологиялық  проблемасы» 
Ақтау қаласы, 2006. 
3.  Байдельдинова «Каспий теңізін қорғау экологиясы» 
4.  Беркалиев Т. «Каспий теңізінің басты экологиялық проблемасы» 
5.  Диаров М.Д. «Экология и нефтегазовый комплекс» 7-8 том. 
6. Исмагулова Г.Е. «Каспий шельфін игерудің экономика-экологиялық проблемасы»    
Алматы,2006ж.      
        
Түйіндеме 
Каспий  теңізіндегі  балықтардың  өмір  сүру  ортасының   жағдайын  жасау  
және    оның      мекендеуін      және    азықтануын    жақсарту.  Кәсіптік    аулауды    және  
мұнай    өнімдерін    шығаруды  қысқарту    экологиялық      жағдайды    жақсарту  
уылдырық  шашуға  және  азықтануға  жағдай  жасау. 

  Х.Досмұхамедов атындағы Атырау МУ Хабаршысы 
 № 4 (31) 2013 

65 ~
 
 
Summary 
Create habitat  conditions, and  provide  habitat  and  food   fish  in  the  Caspian  
sea. Industnial fish  cstch  and  reduce  cil  products, provide  good  environment  forfish  
food. 
 
 
УДК 628.54 
А.С.Ертелеуов  
Атырауский государственный университет имени Х.Досмухамедова 
 
ВТОРИЧНОЕ ИСПОЛЬЗОВАНИЕ СТОЧНЫХ ВОД 
 
Аннотация 
В  данной  научной  статье  изложены  материалы,  технологии  и  методы 
очистки  сточных  вод,  которые  решают  экологические  проблемы  водных  ресурсов 
Республики Казахстан. В том числе рациональное использование природных вод. А 
также  изучен  состав  и    свойства    сточных  вод,  на  основе    технологии  и  методов  
очистки сточных вод изучена технология вторичного использования. 
Ключевые  слова: 
сточные  воды,  вторичное  использование,  водные  ресурсы  РК, 
очистка сточных вод, комбинированная очистка сточных вод.  
 
Водные ресурсы являются одним из основных элементов природной среды и 
играют  большую  роль  в  развитии  человеческого  общества.    Ограниченность 
запасов  пресной  воды,  их  неравномерное  распределение  во  времени  и 
пространстве  требуют  бережного  отношения  к  этому  ценному  природному 
богатству.  Между  тем,  потребление  воды  человеком  возрастает,  что  приводит  к 
количественному  и  качественному  изменению  речного  стока,  запасов  пресных 
водоемов,  а  также  гидрологического  режима  элементов  гидрографической  сети. 
Число  рек  с  преобразованным  стоком  увеличивается  с  каждым  годом  в  связи  с 
ростом водопотребления, вызванного в свою очередь увеличением промышленного 
производства, численности населения и использованием воды в сельском хозяйстве 
в  целях  орошения.  Более  напряженным  становится  водохозяйственный  баланс 
крупных городов и экономически развитых районов.   
Республика 
Казахстан 
относительно бедна водными ресурсами по сравнению с республиками европейской 
и  сибирской  частей  СНГ,  но  богаче  государств  центрального  азиатского  региона. 
Дефицит  пресной  воды  является  наиболее  острой  экологической  проблемой, 
затрудняющей  устойчивое  развитие  Казахстана.  Общие  водные  ресурсы  рек  в 
средний по водности год составляют 100, 5 км3, возможные к использованию – 46 
км3. 
Республика  Казахстан  характеризуется  большим  разнообразием  водных 
объектов,  обладая  более  39  тыс.  рек  и  логов.  Они  принадлежат  к  внутренним 
замкнутым бассейнам   каспийского (Урал, Эмба) и Аральского (Сырдарья) морей и 
озер  Балхаш  (Или,  Лепсы,  Аксу,  Карасу  и  др.)  Алаколь    (Эмель)  и  Тениз  (Нура)  и 
только река Иртыш относится к бассейну Северного Ледовитого Океана.
 
Своей производственной  деятельностью  человек  оказывает влияние на  все 
основные  элементы  гидрологического  цикла:  осадки,  испарение,  сток,  однако 
степень  этого  влияния  на  разные  компоненты  далеко  не  одинакова.  Следует 
отметить,  что  гидрологический  цикл  является  важнейшим  процессом  в 
географической  среде,  зависящий  в  то  же  время  от  изменения  ее  состояния.  Он 

  Х.Досмұхамедов атындағы Атырау МУ Хабаршысы 
 № 4 (31) 2013 

66 ~
 
 
служит  основой  единства  географической  оболочки,  играя  важнейшую  роль  во 
всемирном обмене веществом и энергией. 
Сложившаяся ситуация настоятельно требует рационального использования 
и  охраны  водных  ресурсов,  вызывает  необходимость  оценки  воздействия 
антропогенных  факторов  на  сток  и  гидрологический  режим.  Вопросы  оценки 
направленности и величины изменений речного стока под влиянием хозяйственной 
деятельности  человека  приобретают  исключительно    важное  практическое  и 
научно-методическое  значение,  так  как  их  решение  позволяет  учесть  характер  и 
степень изменений, как водных ресурсов, так и комплекса природных условий при 
эксплуатации  гидротехнических  сооружений,  проведении  агротехнических  и 
лесомелиоративных мероприятий, строительстве объектов – водопотребителей. 
Сточные  воды  —  любые  воды  и  атмосферные  осадки,  отводимые  в 
водоёмы  с  территорий  промышленных  предприятий  и  населённых  мест  через 
систему  канализации  или  самотёком,  свойства  которых  оказались  ухудшенными  в 
результате деятельности человека. Загрязнение биосферы, в том числе источников 
водоснабжения,  является  реальным  фактором,  который  оказывает  отрицательное 
влияние  на  здоровье  людей.  По  данным  Всемирной  организации  здравоохранения 
(ВОЗ) от использования некачественной питьевой воды каждый год в мире страдает 
каждый  десятый  человек.  До  50%  речной  воды  каждый  год  подвергается 
техногенному воздействию, в том числе и в результате сброса 425·109 м3 сточных 
вод. Значительная загрязненность водных объектов и малоэффективные технологии 
подготовки воды это главные причины низкого качества питьевой воды.  
Загрязнения 
поверхностных 
водоемов 
и 
грунтовых 
вод 
можно 
классифицировать следующим образом: 
 
Механические 

увеличение 
содержания 
механических 
примесей, 
относящееся в основном к поверхностным видам загрязнений,  
 
Химические  -  присутствие  в  воде  неорганических  и  органических  веществ 
токсичного и нетоксичного действия,  
 
Биологические  и  бактериологические  -  присутствие  в  воде  разнообразных 
патогенных бактерий, грибов и водорослей,  
 
Тепловые - сброс в водоемы нагретых вод ТЭЦ и АЭС,  
 
Радиоактивные  -  наличие  радиоактивных  веществ  в  поверхностных  или 
грунтовых водах.  
Нефть  и  нефтепродукты  в  настоящее  время,  свойственно  для  нашего 
района,  являются основными загрязняющими веществами внутренних вод. Попадая 
в водные объекты, они создают различные классы загрязнений: нефтяную пленку, 
плавающую 
на 
поверхности 
воды, 
растворенные 
или 
эмульгированные 
нефтепродукты, осевшие на дно водоема тяжелые нефтяные фракции. В результате 
происходит  изменение  вкуса,  запаха,  цвета, поверхностного  натяжения  и  вязкости 
воды,  снижается  количество  кислорода,  образуются  вредные  органические 
вещества, вода приобретает токсические свойства и начинает представлять угрозу 
для животного мира и человека. 
Очистка  сточных  вод  -  обработка  сточных  вод  с  целью  разрушения  или 
удаления  из  них  вредных  веществ.  Освобождение  сточных  вод  от  загрязнения  - 
сложное производство. В нем,  как и  в  любом  другом производстве, имеется  сырье 
(сточные воды) и готовая продукция (очищенная вода). 
 
Методы  очистки  сточных  вод  можно  разделить  на  механические, 
химические,  физико-химические  и  биологические,  когда  же  они  применяются 

  Х.Досмұхамедов атындағы Атырау МУ Хабаршысы 
 № 4 (31) 2013 

67 ~
 
 
вместе,  то  метод  очистки  и  обезвреживания  сточных  вод  называется 
комбинированным.  Применение  того  или  иного  метода,  в  каждом  конкретном 
случае, определяется характером загрязнения и степенью вредности примесей. 
В реках и других водоемах происходит естественный процесс самоочищения 
воды.  Однако  он  протекает  медленно.  Пока  промышленно-бытовые  сбросы  были 
невелики,  реки  сами  справлялись  с  ними.  В  наш  индустриальный  век  в  связи  с 
резким увеличением  отходов  водоемы уже  не  справляются  со  столь  значительным 
загрязнением.  Возникла  необходимость  обезвреживать,  очищать  сточные  воды  и 
утилизировать их. 
Естественная  очистка  водоемов.  При  благоприятных  условиях  это 
происходит  естественным  путем  в  процессе  природного  круговорота  воды.  Но 
загрязненным  бассейнам(рекам,  озерам  и  т.  п.)  для  восстановления  требуется 
значительно  больше  времени.  Чтобы  природные  системы  сумели  восстановиться, 
необходимо  прежде  всего  прекратить  дальнейшее  поступление  отходов  в  реки. 
Промышленные  выбросы  не  только  засоряют,  но  и  отравляют  сточные  воды.  А 
эффективность  дорогостоящих  приспособлений  для  очистки  таких  вод  пока  еще 
недостаточно  изучена.  Несмотря  ни  на  что,  некоторые  городские  хозяйства  и 
промышленные предприятия все еще предпочитают сбрасывать отходы в соседние 
реки и весьма неохотно отказываются от этого только тогда, когда вода становится 
совсем непригодной или даже опасной. 
Методика  очистки  сточных  вод  в  зависимости  от  требуемого  конечного 
качества продукта может предусматривать следующие виды обработки: 
–  предварительная  очистка:  включает  в  себя  пропускание  через  сито 
(удаление  крупных  твердых  частиц),  удаление  песка  (через  посредство  ванн 
седиментации), 
предварительную 
аэрацию, 
извлечение 
масляных 
частиц 
(воздушной  продувкой  на  поверхность  сгоняется  большая  часть  масел  и  жиров), 
просеивание (удаление взвешенных частиц при помощи вращающихся сит); 
–  первичная  очистка  выполняется  путем  седиментации:  в  ванне 
седиментации  посредством  механической  декантации  сепарируется  значительная 



Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   16


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет