Хабарлама Тақырыбы



Дата28.04.2022
өлшемі16,02 Kb.
#32631

Хабарлама

Тақырыбы: Қазақстан Респуббликасының әлеуметтік бағдарламалары (денсаулықты, спортты, дене шынықтыруды дамыту)"

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «100 нақты қадам: баршаға арналған қазіргі заманғы мемлекет» атты Ұлт жоспарының «Бірегейлік пен бірлік» атты институттық реформасын іске асыру шеңберінде мемлекеттік саясаттың маңызды бағыты Мәңгілік ел жалпыұлттық патриоттық идеялар құндылықтары негізінде қазақстандық бірегейлік пен бірлікті нығайту және дамыту болып табылады.

Дене шынықтыру және спорт саласы жасы мен әлеуметтік мәртебесіне қарамастан қоғамның берік әлеуметтік бірігуіне, болашағы бір ұлтты қалыптастыруға ықпал ететін перспективалы алаңдардың бірі ретінде қызмет атқарады.

Қазіргі заманда спорт пен саламатты өмір салты экономикалық дамумен бірге, азаматтардың өмір сүру сапасының негізгі көрсеткіштері қатарынан орын алады және халықтың әлеуметтік жұмыспен қамтылуының маңызды аспектісі ретінде қарастырылады әрі солай болып табылады.



Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2020 – 2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Әзірлеу үшін негіз - Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың 2012 жылғы 14 желтоқсандағы "Қазақстан-2050" стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты" атты Қазақстан халқына Жолдауы; Қазақстан Республикасы Президентінің 2018 жылғы 15 ақпандағы № 636 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының 2025 жылға дейінгі стратегиялық даму жоспары; Қазақстан Республикасы Президентінің "Бес институционалдық реформаны іске асыру бойынша 100 нақты қадам" атты ұлт жоспары; Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 2018 жылғы 10 қаңтардағы "Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері" және 2018 жылғы 5 қазандағы "Қазақстандықтардың әл-ауқатын арттыру: табыстар мен өмір сүру сапасын арттыру" атты Қазақстан халқына Жолдауы; Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К. Тоқаевтың 2019 жылғы 2 қыркүйектегі "Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі" атты Қазақстан халқына Жолдауы.

Бағдарламаны әзірлеуге жауапты мемлекеттік орган - Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі.

Бағдарламаның мақсаты - Сапалы және қолжетімді денсаулық сақтауды қамтамасыз ету.



Міндеттер - Халықтың саламатты өмір салтын ұстануын қалыптастыру және қоғамдық денсаулық қызметін дамыту; медициналық көмектің сапасын арттыру; денсаулық сақтау жүйесін орнықты дамыту. Іскеасыру мерзімі 2020-2025 ж. Қаржыландыру көздері мен көлемдері. 2020 – 2025 жылдары Бағдарламаны іске асыруға республикалық және жергілікті бюджеттердің қаражаты, әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының (бұдан әрі – ӘлМСҚ) активтері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салынбаған басқа да қаражат жұмсалатын болады. Бағдарламаны іске асыруға арналған жалпы шығын 3,2 трлн. теңгені құрайды.

"Қазақстан-2050" ұзақ мерзімді стратегиясында әлемнің ең дамыған 30 елінің қатарына кіру стратегиялық мақсаты айқындалған болатын, бұл қазақстандықтардың күтілетін өмір сүру ұзақтығын (бұдан әрі – КӨҰ) дамыған мемлекеттердің орташа деңгейіне дейін жеткізуді де көздейді. Әлеуметтік саясаттың жаңа қағидаттарын – азаматтардың әлеуметтік кепілдіктері мен жеке жауапкершілігін іске асыруды қамтамасыз ету ұзақ мерзімді жеті басымдықтың бірі ретінде айқындалған. Қазақстан Біріккен Ұлттар Ұйымының (бұдан әрі – БҰҰ) орнықты дамудың түйінді элементі – бұл саламатты өмір салтын қамтамасыз ету және кез келген жастағы барлық адамдар үшін қолайлы жағдай жасау деген анықтамасын қолдайды. Қазақстан Республикасының 2025 жылға дейінгі орта мерзімді стратегиялық даму жоспарында Қазақстан Республикасының Үкіметі БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаттарын (бұдан әрі – ТДМ) маңызды бағдар етіп айқындаған, онда үшінші мақсаты болып халықтың жақсы денсаулығы мен әл-ауқаты көрсетілген

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет