1. Либерализм өкiлдер саяси дамудың өлшемi ретiнде адам құқығының жоғарылығын, мемлекеттiң азаматтық қоғам бақылауында болуын, плюрализм мен рухани бостандықты алады.
2. Консерваторлар саяси дамудың негiзгi құндылықтары ретiнде саяси iс-әрекеттегi моралдық басымдылықты, басқарудың алдыңғы формасымен сабақтастықты, билiктi ұйымдастыруда базалық қалыптары мен қағидаларын сақтауды есептейдi.
3. Марксизм саяси жүйе дамуының өлшемiн жеке меншiктiң қоғамдық меншiкке ауысуымен, жұмысшы табының гегемондығымен және коммунистiк партияның жетекшiлiк рөлi артуымен байланыстырады.
Саяси дамудың мақсаты қандай да бiр тиянақты саяси қатынасты қалыптастыру немесе өзгерту емес, саяси институттар мен ашық түрдегi саяси жүйе арқылы бiрте-бiрте күрделенiп келе жатқан әлеуметтiк және экономикалық мәселелердi шешу.
Саяси даму процесi саяси жүйе мақсатының әлеуметтiк-экономикалық даму, тұрақтылық, теңдiк, қатысу т.б. сияқты факторлармен өзара байланыста болуын талап етедi.
Табысты бөлудегi теңсiздiк пен саяси қатысуды күштеп шектеуге талпынған қоғамда әлеуметтiк қиналыс, саяси тұрақсыздық күшейедi, сөйтiп саяси даму процесi бұзылады.
Саяси дамудың негізгі үш өлшемі бөліп көрсетіледі
1. қоғам мен билік құрылымдарының (институттардың, нормалардың, коммуникациялардың) өзгерісі;