Халықаралық ғылыми-көпшілік журнал Международный научно-популярный журнал



Pdf көрінісі
бет17/50
Дата06.03.2017
өлшемі4,75 Mb.
#7753
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   50

Баетов Биназар Көпжасарұлы
Дене шынықтыру және спорт ғылымдарының  магистрі, Қ.А.Ясауи атындағы 
ХҚТУ «Дене тәрбиесі» кафедрасының аға оқытушысы,  8 702 102 98 68. Biko_kz 86 @mail ru.
Баетов Көпжасар Дүрменұлы
филос.ғ.к.,  Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ «Дене мәдениеті» кафедрасының профессоры, 
Түркістан қаласы,  8 701 302 07 63. Baetov.Kopzhasar.60 @mail ru.
 
СПОРТТЫҚ ҚҰРЫЛЫСТАР НЕГІЗДЕРІ 
Түйін. Бұл мақалада  спорттық құрылыстардың шығу тарихы берілген. Және спорт түрлері бойынша спорттық 
құрылыстардың атауларына түсінік келтірілген. Спорт құрылысын салу үшін орынды таңдауға санитарлық- гигие-
налық талаптарды сақтау және олардың дұрыс орналасуы өте маңыздылығы баяндалған. Әртүрлі елдерінде спорт 
құрылыстарын салуды қолға алу ісі қарастырылған. Халықаралық спорттық байланыстардың дамуымен, қоғамдар 
мен спорттық құрылыстардың пайда болуымен байланыстылығы баяндалған.
Резюме. Эта статья обсуждает историю спортивных сооружений. Концепция спортивных объектов и спортив-
ных именами. Спорт, чтобы выбрать место для строительства санитарно-гигиенических требований и в нужном ме-
сте является очень важным. Различные страны для строительства спортивных сооружений предоставляются. Раз-
витие международных спортивных связей, установить, зависит от появления компаний и спортивных сооружений.
Summary. In this article the history of building of sports construted. Showing the names of sports constructions.Considered 
importance of celecting a location for buildings and observance of sanitary and hygienic conditions.The constructions of sports 
in different countries.Presented bond of relations with international community sports build.
Бүгінгі  күннің  өзіндік,  қайталанбас,  айрықша 
бір ерекшелігі – динамика, яғни ағыс. Ағыс болған-
да да арнасынан асып, тасыған жойқын толқындар-
ды қоғамдық өмірдің барлық жақтарын  қамти өз 
иіріміне тартып, бұрқана бұлқынған, бүгінгіні ер-
теңгімен  жалғастыра  тасқындағанжөндемді  ағыс. 
Осыған  орай,  қазіргі  қоғам  өндірісі  де  өз  өнімін 
тоқтаусыз  өндіріп,  адам  баласын  қанағаттанды-
руға, заманның әл-ауқатын молайта түсуге бағдар  
ұстанған  қарбаласып, дегенмен  ырысты іс-әрекет-
ке толы.Демек Қазақстан үшін де өз өндірісін жаңа 
өнімдер  өндіруге  орайластырып,  тіз  жаңартып 
отыру заңды құбылыс.  Оның негізгі ұстанымдары 
елді индустриялық-инновациялық тұрғыда дамыту 
бағдарламасына жан-жақты пысықталған. Ондағы 
мақсат – Қазақстанның тек табиғи ресурстарға бай 
ел ретінде ғана емес, сонымен қатар жоғары техно-
логиялық өнімдер өндіре  алатын өндірісі әртарап-
ты әлемдегі ең дамыған 30 ел қатарында танылуы-
на    қол  жеткізу.  Міне,  сондықтан  елдің  өндіруші 
күштерін  уақыт  талабына  сай  үнемі  жаңғыртып, 
оны жаңа технологиялық  желілермен құрылымдап 
отыру  күнделікті  күн  тәртібінде  тұратын  басты 
мәселе ретінде қала бермек. [1].
Спорт құрылыстары өте ертеден бастап салына 
бастаған  дене  тәрбиесі  саласындғы  ен  көне  ілім-
дердің  бір  түрі.  Спорт  құрылыстарының    негізгі 
саласы  студентерге  тиянақты  білім  беруге,  дене 
мәдениеті  жөне  спорт  мамандарға  бағытталған 
қажетті жаңа мәліметтерді игеруге, белгісіз теори-
ялық  жағдайда  сынды  дұрыс  қабылдауға  және  іс 
жүзінде  ғылыми  тәртіпті  творчествалық  және  де 
мәдениетін  дамытудағы  міндеттерді  іске  асыруға 
шақырады. Атап айтқанда Спорттық құрылыстар-
дың мақсаттары, міндеттері, ерекшіліктері негізгі 
мәселелер  болып  табылатын;  дене  тәрбиесі  ма-
мандарын даярлау, білімдерін жетілдіру, дене мә-
дениеті  мен  спортты  насихаттау,  дәрігерлік  және 
педагогикалық  бақылау,  материалдық-техникалық 
базасын гигеналық негіздерді нығайту жан-жақты 
жетілдіру  қарастырылған.  Әр  түрлі  спортқа  ар-
налған  спорттық  құрылыстарды  жоспарлаудағы 
дене  тәрбиесі  мамандардың  ролін,  спорттық 
құрылыстардың жіктелінуіндегі негізгі ұғымдарын 
меңгеріп,  алдын  ала  білімін  жетілдіру  және  дене 
тәрбиесінің  түрлері  мен  қызметі,  оның  қоғамдық 
дамуын  зерттеу.  Дене  тәрбиесі  мен  спорт  өзінің 
тарихи тамырларын өте терең жіберген. Археоло-
гиялық қазбалар тіпті тас ғасырына қатысты дене 
жаттығуларына  арналып  қолданған  құрылыстар 
туралы мәлімет береді. [2].
Ежелгі грек дене мәдениеттінің дамуын сипат-
тайтын  маңызды  ќұбылыс  олимпиада  ойындары 
болды. Олар әр 4 жыл сайын жүйелі түрде Олим-
пте өткізіліп тұрды. Табылған деректер бұл мере-
кенің басталуын б.ғ. дейінгі 776 жылға жатқызады. 
Осы жылдан олимпиаданың күнтізбелік төртжыл-
дық есебі басталды.
Жалпы  грек  олимп  ойындарының  қатарына 
көптеген  Греция  қалаларында  шағын  ауқымдағы, 
бірақ құлиеленуші мемлекеттердің (истмийлік, па-
нафиндік,  пифилік,  немейлік  ойындар  т.б.)  түрлі 
аудандарындағы  қоғамдық-саяси  өмірінде  үлкен 
маңызға ие болған ойындар өткізіліп түрды. Жал-
пы  гректің  және  аймақтық  ойындар  өткізу  үшін 
көптеген  стадиондар  салынды,  олардың  құрылы-
стары Олимптен, Дельфадан, Пирейден, Милеттен 
және т.б. Греция аудандарынан табылды.
Ежелгі  грек  қалалары  өзіндік  тәуелсіз  мемле-
кеттер ретінде ғылым, өнер мен спорт саласында 
үнемі бөсеке жүргізіп отырды. Дұрыс көршілік қа-
рым-қатынаспен бейбіт жарыстардың рухы Ежел-
гі Грецияда дене тәрбиесі мен спорттың дамуына 
үлкен ықпал етті, ол өз кезінде эллиндік кезең ста-
диондарын сәулетті безендіруде айқын көрініс тап-
ты.  Грек  стадиондары  өзіндік  сәулет  үлгілерімен 

114
Қазақстанның ғылымы мен өмірі – Наука и жизнь Казахстана                                                           
Science and life of Kazakhstan. №3 (38). 2016
орасан  зор  көлемімен  ерекшеленді  және  өзін 
қоршаған  табиғатпен  үйлесімді  жасады.Эллин-
дік  кезеңнің  стадиондары  мемлекеттің  қоғамдық 
өмірінің орталығы ролін атқарды.Бұндай құрылы-
стар Үнді, Египет, Орта Азия мен Оңтүстік Аме-
рика  аймақтарынан  табылған.  Эгей  мєдениетінің 
тарихы  б.ғ.  дейінгі  ХХХ-ХІІғғ.  Шығыс  Жерорта 
теңізінде дене мәдениетінің өте ерте түрлерінің та-
ралғанын дәлелдейді. Бұл жерде садақшылардың, 
өгізден секіруші акробаттардың бейнесі салынған 
ыдыстардың сынықтары табылған.
Спорттық  құрылыстар,  спорттың  әр  түрінен 
жарыстарды және оқу-жаттығу сабақтарын өткізу-
ді қамтамасыз ететін, әдейі салынып, жабдықтаған 
құрылыстар.  Алғашқы  спорттық  құрылыстар  деп 
ежелгі грек стадиондарын, палестраларды, стади-
одромдары  есептелінеді,  олар  Олимпия,  Милет, 
Афины  және  өзге  де  қалаларда  б.д.д. VIII  гасыр-
да салынған. Таң-ғажайып спорттық құрылыстар. 
Ежелгі  Римде  (Колизей,  Ипподром  және  т.б.)  өт-
кеннің  бұл  сәулет  ескерткіштерді  және  қазіргі 
уақытта  да  өзінің  көлемі  мен  және  әдемілігімен 
таңдандырады.  Мысалы,  Колизейдегі  тастан  жа-
салған  трибуналарға  50  мың  шамасындағы  адам 
сыйып келеді, ал екі доңғалақты күймемен жары-
суға арналған Ипподромның трибуналары 250 мың 
адамды сыйғызуы мүмкін. Колизей трибуналары-
ның сопақша болып келуі қазіргі Еуропа стадион-
дары  трибуналарының  түп  бейнесі  секілді.  Орта 
ғасырда католик шіркеуі Олимпиядалық ойындар-
дың өткізілуіне рұқсат бермеді. Спорттық құрылы-
стар  қиратылып  және  ұзақ  уақыт  бойы  олардың 
құрылысы  тоқтап  қалды.  Еуропаның  әртүрлі  ел-
дерінде  спорт  құрылыстарын  салуды  қолға  алу 
ісі,  халықаралық  спорттық  байланыстардың  да-
муымен,  қоғамдар  мен  спорттық  құрылыстардың 
пайда  болуымен  байланысты,  тек  XIX  ғасырдың 
аяғында ғана басталды. Спорттық құрылыстардың 
көбеюі мен жетілдіруі бәрінен бұрын олимпияда-
лық  спорт  ғимараттарын  салуға  әсер  етті.  Спорт 
құрылысын  спорттың  бір  ғана  түрімен  шүғыл-
данып  және  жарыс  өткізу  үшін  жекелеген  түріне 
және бірнеше спорт түрімен жаттығып және жарыс 
өткізу  үшін  қарастырылды.  Көлемін  жоспарлау 
құрылымы бойынша ашық және жабық деп бөлін-
ді.  Спорттық  құрылыстың  табиғи  және  жасанды 
жарық беру, оңтайлы микроклиматты, тиімді жел-
дету үшін қажетті жабдықтарды болуы тиіс, жат-
тығу ететін орын мен өзге де бөлме, ғимараттардың 
санитарлық  жағдайда  ұсталуы,  сондай-ақ  құрал- 
жабдықтарға  қойылатын  талаптардың  сақталуын 
қарау да қажет. Жүзу үшін судың айналуы, тазаруы 
және залалсыздандыру, сондай-ақ бөлменің дезин-
фекциялануы  бойынша  шаралардың  орындалуы 
ерекше маңызға ие. Бұдан бөтен де дене тәрбиесі 
және спортпен шұғылданушылардың, қызмет көр-
сететін  адамдардың  да,  жеке  гигиенаның  ереже-
лерін сақтауы бақылауға алынады[3].
Қазіргі спорт стадиондары, сұрыпталуына сәй-
кес:  а)  негізгі;  ә)қосалқы;  б)  көрермендер  үшін 
орынға бөлінеді. Негізгі құрылыстарына: 1. Ашық 
(кешенді және жеке). 2. жабық (кешенді және жеке) 
стадиондар жатады.
1. Ашық кешенді спорт құрылысына стадиондар 
(үлкен,  орташа  және  кіші),  спорт  алаңдары  және 
жүзу-есу  стансалары  жатады.  Ашық  жеке  спорт 
құрылысына футбол алаңы, регби, қашақ,бейсбол, 
гандбол,  ат  поласы,  допты  хоккей,  лақтырулар, 
гольф  үшін,  дене  тәрбиесі  шерулері,  гимнасти-
калық өнер керсету және басқалар үшін алаңдар; 
волейбол,  баскетбол,  акробатика,  бокс,  күрес, 
ауыл атлетика, семсерлесу, атпен шабу, конькимен 
мәнерлеп  сырғанау  үшін,  шайбалы  хоккей,  лап-
та,  крикет,  бадминтон,  медицинбол,  теннисжәне 
басқалар үшін алаңдар; жеңіл атлетикалық жүгіру 
жолдары,  секірулер  мен  лақтыру  үшін  орындар, 
жүзу үшін жазғы бассейндер (табиғи және жасан-
ды), өсу стансалары яхт-клубтар, жел- кенді және 
буэр,  моторлы  су  стансалары,  велотректер,  вело-
стансалар,  мотоцикл  тректері,  автодромдар,  атыс 
орындары, қалқандар, нысананы көздеп атуға ар-
найы жабдықталған орындар, шаңғы тұғыр-серіп-
пелері (жаттығу және спорттық), шаңғы базаларын, 
альпинистік,  туристік  лагерлер,  таудағы  паналар, 
құтқару стансалары, мұз айдындары, коньки тебу 
жолдары, шанамен сырғанау  (скелтон  және бобс-
лей) жолы, көпшіліктің конькимен тебу үшін мұз 
айдындары, шаңғы жолдарын, шаңгышылар үшін 
таудағы аспалы жолдар жатады.
2. Жабық кешенді спорт құрылыстарына спорт 
сарайлары мен залдары жатады. Қосалқы құрылы-
стар  мен  ғимараттарда  дене  тәрбиесі  мен  спорт 
бойынша жаттығулар, сондай-ақ спортшылар мен 
көрермендерді  қамтамасыз  ету  жөніндегі  шара-
лар өткізіледі. Сондай ғимараттар мен бөлмелерге 
жататындар:  вестюбильдер,  гардеробтар,  спорт-
шылар  мен  нұсқаушылар  үшін  киініп-шешінетін 
бөлмелер,  спортшылар  мен  бапкерлер  үшін  душ 
бөлмесі  мен  әжетхана,  жалпы  көпшілік  пайдала-
натын,  сылап-сипайтын,  дәрігерлік  кабинеттер, 
бапкерлер  мен  нұсқаушылар  бөлмесі,  төрешілер 
белмесі,  буфеті  бар  демалу  белме¬лері,  көрер-
мендер  ушін  буфеттер  мен  мейрамханалар,  жаб-
дықтарды,  снарядтар  мен  спорттық  құралдарды 
сақтайтын  қоймалар,  спорт  құрал-жабдықтарын 
жалға  беретін,  әкімшілік-  шаруашылық  ғимарат-
тары, ди¬рекция, комендатура, полиция, кассалар, 
күзет,  шеберханалар,  гараждар,  қазандықтар,  со-
рғылар, телефон стансасы, радио торабы, радиот-
елехабарлар тарату үшін ғарышпен байланыс жа-
сау  арнасы,  монтаждау  бөлмесімен  байланысқан 
комментаторлар кабиналары, трансфор¬матор ор-
наласқан, шаруашылық жабдықтарын сақтау үшін 
бөлмелер (жабық жене жартылай жабық) санитар-
лық-техникалық  жабдықтар  сақталатын  қойма-
лар және басқалар (хлораторлық, фильтрлер, кон-
диционерлер  және  т.б.),  көрермендер  үшін  орын 
(трибуна). Барлық спорт ғимараттары пайдалануы 

115
Қазақстанның ғылымы мен өмірі – Наука и жизнь Казахстана                                                           
Science and life of Kazakhstan. №3 (38). 2016
бойынша олар негізгі төмендегідей топтарға бөлі-
неді: 1. мектеп жасына дейінгі балалар үшін дене 
тәрбиесі ғимараттары; 2. мектеп спорт құрылысы; 
3. жоғары оқу орындарының, колледждердің, гим-
назиялардың,  мектептердің,  оқу  орындарының; 
4.  өндірістік  гимнастика  үшін  фабрика-заводтар-
дың спорт құрылыстары; 5. клубтық-спорттық; 6. 
жалпы  қалалық  және  муниципальдық;  7.  шару-
ашылықтардың,  фирмалардың;  8.  ар¬найы  спорт 
ғимараттары; 9. емдеу-дене тәрбиесі ғимараттары 
(жағажайлар,  санаторийлер,  курорттар,  демалыс 
үйлері және т.б.). Жаңа қаланы жобалап, құрылы-
сын  салғанда  және  ескі  қалаларды  жаңартқан-
да  жалпы  қалалық  маңыздағы  спорт  құрылысын 
салу қарастырылуға тиіс. [4]. Бұрыннан бар және 
жаңадан  салынатын  жекелеген  барлық  адамдарда 
қарапайым  дене  шынықтыру  және  ойын  алаңда-
рын, 1 тұрғынға 0,5 - 2 м. келетін есеппен мектепке 
дейінгі  бала¬лар  үшін  алаңдарды  орналастыруды 
қарастыру талап етіледі. 25-30 мың халық тұратын 
түрғын аудандарда клубтар мен іргелес етіп стади-
он, сондай-ақ жүзу үшін ашық жүзу әуездерін салу 
керек. Әрбір қалалық ауданда, саябақпен көршілес 
етіп аудандық стадионның, ал ірі аудан¬дарда жүзу 
үшін жабық жүзу әуезі қарастырылуға тиіс. Бала-
лардың  спорт  алаңдарын  әрбір  мектеп  пен  кол-
ледждер  немесе  аудандық  саябақтарда,  бауларда 
және  балалар  саябақтарында  орналастыру  қажет. 
Мектептер жанындағы тиісті мектеп алаңын жасау 
арнайы нұсқаулармен реттеледі. Осы нұсқауға сәй-
кес кез келген мектептің жер телімі осы телімнің 
көлемі  мен  шамасына  байланысты  0,7-га  дей-
ін  мектеп  спорт  алаңын  оқушылардың  өздерінің 
күшімен  жасады.  Әрбір  осындай  мектеп  спорт 
алаңында ұзындығы 175 м-ден 333,33 м-ге дейін-
гі жеңіл атлетикалық жүгіру жолымен қоршалады 
доп ойнау үшін (волейбол, баскетбол, футбол, лап-
та) орын бо¬лады. Осында секіретін және лақтыра-
тын  орындар,  сондай-ақ  гимнастикалық  қалашық 
орналасады.  Қыста  спорт  алаңына  су  құйылып, 
мұз  айдыны  қатырылады,  мұздан  кішігірім  тау 
тұрғызылып мектептің спортзалы жаңа мектептің 
ғимаратында тұрғызылады
Спорт құрылысын салу үшін орынды таңдауға 
санитарлық-  гигиеналық  талаптарды  сақтау  және 
олардың  дұрыс  орналасуы  өте  маңызды.  Әсіре-
се  ашық  түрдегі  спорт  құрылысы  үшін  ылғалды 
бойына жеткілікті сіңіре алатын жене қақ тұрмай-
тын,  өзге  ғимараттардың  көлеңкесінде  қалмай-
тындай,  спорт  құрылысы  шаңнан,  түтіннен,  өн-
дірістік кәсіпорындардың зиянды көздерінен және 
атмосфераның өзге де зиянды әсерлерінен қорғай 
алатын,  қажетті  санитарлық-  қорғаныс  аймағы 
бар  телімдерден  тұрақты  жер  таңдалып  алынады. 
Спорт құрылысын салу үшін көгалы, жас көшеттері 
көп жерлердің артықшылығы бар. [5]. Ашық спорт 
құрылысы шекаралары ағаштардың және бұталар-
дың көгалдандырылған алап стадион алып жатқан 
барлық аумақтың 30 % -дан кем болмайды. Спорт 
құрылыстың бағытталуы экваторлық (құрылыстың 
ұзын  белдегі  осі  батыстан  шығысқа  қарай  өтеді) 
және  меридианға  солтүстіктен  оңтүстікке  қарай 
өтеді.  Жабық  спорт  құрылысын  экваторлық  етіп 
бағыттау  ұсынылады.  Бұл  шұғылданатын  негізгі 
ғимаратқа күн сәулесінің тура түсуіне кедергі кел-
тіреді,  көзді  қарықтыратын  жарықтан,  сондай-ақ 
ауаның шамадан тыс қыздыруынан сақтайды. Бұл 
ретте солтүстік ендіктен 50° солтүстікке қарай ор-
наласқан  ғимараттың  жаттығуға  арналған  негізгі 
бөлмелерінің терезесін оңтүстікке қарай, солтүстік 
ендіктен  оңтүстікке  қарай  50°  солтүстікке  қарай 
бағытта орналастырған тиімді, ашық спорт құрылы-
сының (стадиондар, алаңдар) үлкен осі меридианға 
бағыттаған жөн. Бұл кешкі уақытта шұғылдану мен 
жарыс  өткізуге  жақсы  жағдай  туғызады.  Тұрақты 
жел  соғатын  жерлерде  ашық  спорт  құрылысы, 
олардың ұзын осі жел соғатын бағытқа қарай пер-
пендикулярлы  болатындай  етіп  орналастырған 
тиімді. Спорт құрылысының жарығы - организмнің 
жоғары  жұмыс  қабілеттілігін  қамтамасыз  ететін 
және зақымданып, жарақат алудан сақтандыратын 
маңызды фактор. Жабық спорт құрылысқа табиғи 
жарық  түсуі  тиіс.  Бұл  ретте  жаттығуға  арналған 
негізгі бөлмелер терезелерінің әйнектелген жалпы 
жоғарғы  беті  еден  аумағының  бөлігінен  кем  бол-
мауы  тиіс.  Спорт  құрылысының  жылыту,  бәрінен 
бұрын,  оларда  шұғылданатын  спортшыларды  қа-
лыпты  температурамен  қамтамасыз  ететіндей  ми-
кроклимат туғызу үшін, бөлмені бірқалыпты жене 
жеткілікті қыздыратындай болуы керек
Әдебиеттер
1. 
Қазақстан - спортшылар елі. Энциклопедиялық анықтамалық. - Алматы: -"Сөздік-Словарь".  – 2010.
2. 
Сарапаниди П.И., Федулова О.Б. Строительство и разметка легкоатлетической беговой дорожки. - Ал-
ма-ата, 1990.
3. 
Спортивные сооружения. - М:, Строийздат, - 1979.
4. 
4 .«Life Journal – Acta Zhengzhou University Overseas Edition Life Journal; Introduction; iSSN: 1097-8135; Impact 
Factor 2012: 0.165» - Teacher and Classroom Context Effects on Academic Achievement of Primary School Students Mehmet 
Korkmaz,  Bagdat  Mukhtarovich  Baimukhanbetov,  Abdykalyk  Kosherbaevichm  Serik  Bayankulovich  Aknazarov,  Saltanat 
Tynysbekovna Nyshanova 
5. 
2nd  Cyprus  International  Conference  on  Educational  Research,  Cy  –  ICER  2013Evaluation  Experience  Of 
Completence Of The Future Specialist Medet Jandildinov, Bagdat Baimukhanbetov, Serik Aknazarov, Elmira Uaidullakyzy 
republic of Kazakhstan
6. 
www.youtube.com

116
Қазақстанның ғылымы мен өмірі – Наука и жизнь Казахстана                                                           
Science and life of Kazakhstan. №3 (38). 2016
ӘОЖ: 380:199.2
Анарбаев Алмас Казбекович
п.ғ.к., Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ доценті, Түркістан қаласы
Калиев Нуржан Кажимуханович
Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ аға оқытушы, Түркістан қаласы
СПОРТПЕН ШҰҒЫЛДАНУШЫ СТУДЕНТТЕРДІҢ 
ЖЕКЕ ТҰЛҒАСЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ДИНАМИКАЛЫҚ  ЕРЕКШЕЛІГІ 
Түйін. Бұл мақалада спортпен шұғылданушы студенттердің жеке тұлғасын қалыптастырудың динамикалық 
ерекшелігі    қарастырылады.  Сонымен  бірге  Дене  мәдениеті  мен  спорттың  педагогикалық  процесін  талдау  және 
бағалау оқытып, үйрету нәтижелерінің педагогикалық диагностикасымен байланысты. Тәртіп бойынша, оқытып, 
үйрету нәтижелерін бағалаудың мына негізгі үш қызметі айырмаланады: бақылаушы, түзетуші және оқытып, үй-
ретуші. Бағалаудың бақылау қызметі оқыту нәтижелерін жүйелі белгілеп отырумен маңыздылығы айтылған.
Кілтті сөздер: Жеке тұлға дамуы, өзін-өзі дамыту,   білім беру,  жетілдіру, дағды.
Резюме. В этой статье рассматривается формирование идентичности студентов, занимающихся спортом бу-
дут представлены динамичным. В то же время, физическая культура и спорт в учебном процессе анализа и оценки 
результатов  обучения  и  подготовки  педагогических  диагностики.  Оценка  результатов  обучения  для  того,  чтобы 
научить трех основных типов: контроль, корректирующие и учить. Создание системы мониторинга результатов 
исследования оценки важности этого.
Ключевые слова: Развитие личности, саморазвитие, образование,   совершенствование, навык.
Summary. This article discusses the formation of the identity of the students involved in sports will feature dynamic. At the 
same time, physical culture and sports in the educational process of analysis and evaluation of the education and training of 
pedagogical diagnostics. Assessment of learning outcomes in order to teach the three main ayırmalanadı: control, corrective 
and teach. Creating a system for monitoring the results of studies assessing the importance of this.
Keywords: Personal development, self-development, education, improvement and skill.
Дене  мәдениеті  –  қоғамның  және  жеке  тұлға 
мәдениетінің  органикалық  бөлігі.  Оның  ерекше 
мазмұнының негізін өмірлік тәжірибеде дене дай-
ындығының  қозғаушы  күші  ретіндегі  қозғалыс 
қызметінде,  адамның  дене  мүмкіндігі  жағдайы 
мен денсаулығын жақсартуда тиімді пайдалануды 
құрайды.
Дене  мәдениеті  бойынша  педагогикалық  про-
цестің  негізгі  қызметі    шұғылданушыларды  оқы-
тып, үйрету, тәрбиелеу және дамыту болып табы-
лады.
Дене  мәдениетінің  бұл  қызметтерін  жүзеге 
асыру  қазіргі  уақытқа  дейін  елеулі  қиындықтар 
туғызуда.  Оқу  сабақтары  мен  спорттық-көпшілік 
жұмыстарды  талдау  көрсеткендей,  мектепте  дене 
мәдениетімен шұғылданушылардың тек 60% ғана 
дене  жаттығуларымен  белсенді  шұғылданады 
екен. Сондықтан олардың көпшілігі қозғалыс бел-
сенділігінің  қажетті  нормадағы  мөлшерін  ала  ал-
майды. Адам ағзасының биологиялық ұзақ уақыт 
алынбаған  қажетті  дене  жүктемесі  денсаулықтың 
нашарлауына  әкеледі.  Мұндай  жағдайдың  себеп-
тері мыналар болуы мүмкін:
•  шұғылданушылардың денсаулық жағдайы;
•  дене  мәдениеті  мен  спорттың  мәнін  бағала-
мау;
• оқу-тәрбие процесінің білікті спорт маманда-
рымен қамтамасыз етілмеуі;
• нашар материалдық-техникалық база;
• қажетті спорт құрал-жабдықтардың болмауы.
Жас  ұрпақты  оқытып,  үйрету  және  тәрбиелеу 
өскелең  өмірдегі  қоғамдық  прогрестің  деңгейіне 
сәйкес келу үшін дене сапаларын жетілдіру және 
жан-жақты  дамытуға  бағытталған  дене  мәдени-
етінің формалары мен әдістері құралдарының ке-
шенді  шаралары  қолданылады.  Оқытып,  үйрету 
процесі мыналарды алдын ала қарастырады:
• жеке дене белсенділігі негіздерін меңгеру;
•  дене  мәдениетінің  дағдыларын,  білім  және 
біліктілікті меңгеру;
• үйлесімділік қабілеттерін дамыту;
•  өздігінен  дене  мәдениеті-сауықтыру  және 
спорттық қызметтің  дағдыларын қалыптастыру;
• ерік-жігер, адамгершілік сапалары мен ақыл, 
ой қабілеттерін дамыту.
Бұған  дене  мәдениеті  мен  спорттық  қызмет 
барысында адамгершілік және қарым-қатынас қу-
анышы  сияқты  сапалық  қасиеттерді  қалыптасты-
руды қосуға болады[1,2].
Оқушылардың  дене  сапаларын  үйлесімді  да-
мыту үшін оқытып, үйрету барысында дене мәде-
ниеті  пәнінің  оқытушылары  өз  іс-тәжірибесінде 
мыналарды пайдалануы тиіс:
•  қазіргі  заманғы  психологиялық-педагогика-
лық  және  психологиялық-физиологиялық  техно-
логияларды  қолдану  негізінде  оқытып,  үйретуді 
жандандыру және қарқынды жүргізу;
•  жеке  тұлғаның  үйлесімді  дамуын    қалыпта-
стыруға іскерлік қатынаспен келу.
Оқытып,  үйретуге  іскерлік  қатынаспен  келу, 

117
Қазақстанның ғылымы мен өмірі – Наука и жизнь Казахстана                                                           
Science and life of Kazakhstan. №3 (38). 2016
яғни оқушыларды тек дайын білім мен біліктілік-
ті ғана меңгерту емес, сонымен бірге оларға дене 
мәдениеті  сауықтыру  қызметінің  жаңа  тәсілдерін 
үйренуге бағдар беру болып табылады.
Педагогикалық  процесті  жандандыру  ұғымы  
мына келесілермен түсіндіріледі: 
•  оқу-тәрбие  қызметінің  қарқындылығын  арт-
тыру;
•  оқытып,  үйретудің  мақсатты  бағыттылығы 
және дене мәдениетімен және спортпен шұғылда-
нуға қызығушылықты күшейту;
• оқытып, үйретудің шығармашық үлгілері мен 
әдістерін қолдану;
• оқу ақпаратын меңгерту және беруде компью-
терлерді және басқа техникалық құралдарды пай-
далану.
 
Дене  даярлығы  мықты,  жоғары  өне-
геліліктегі,  ерік-жігер,  адамгершілік-рухани  және 
психологиялық сапаларын меңгерген студенттерді 
дайындау  үшін  жоғары  оқу  орындарында  барлық 
мүмкіндіктердің  бар  екенін  тәжірибе  дәлелдеп 
отыр.
Алайда  оқу  процесін  күшейту,  жаңа  пәндерді 
ендіру, оқытып, үйрету жүйесін компьютерлендіру 
әдеттегі оқу және демалыс қарқынының бұзылуы-
на,    дене  және  жүйке-психикалық  жүктемелердің 
артуына әкеледі.
Назар  салудың  тұрақты  күшеюі,  әрекеттің  өз 
уақытындағы  дәлдігі,  жоғары  дәрежедегі  жауап-
кершілік артық қажуға және жүйкенің бұзылуына 
әкеледі.
Оқытып, үйретудің қарқынын күшейту кезінде 
жоғары жұмыс қабілеттілігін сақтау үшін оқушы-
ларға дене мәдениетімен шұғылдану сабақтарында 
қалыптасатын  белгілі  дәрежедегі  қозғалыс  дағ-
дыларын  және  арнайы  психологиялық  сапаларды 
меңгеру қажет.
Қазіргі  қолданыстағы  білім  беру  жүйесіндегі 
дене  мәдениеті  мен  спорт  басқа  оқу  пәндерімен 
үзіліссіз байланыстағы оқытып, үйрету және тәр-
биелеу  процесінің  міндетті  және  бөлінбейтін 
бөлігі болып табылады. Бұл байланыс әрекет ны-
саны-шұғылданушы  және  әрекет  мақсаты  жеке 
тұлғаның жоғары социолизациясын қалыптастыру 
болып саналады [3].
Дене  мәдениеті  бойынша  педагогикалық  қыз-
меттің  мақсаттарын  жүзеге  асыруда  жалпы  және 
жеке ерекшелік сипаттары бар оқытып, үйретудің 
әртүрлі құралдары, үлгілері мен әдістері пайдала-
нылады.
Сонымен, сабақта міндетті түрде оқушылардың 
жас  ерекшеліктері,  жасөспірімдер  мен  бойжет-
кендердің  дене  дайындығы  ерекшеліктері  есепке 
алынады.  Шұғылдану  сабағы  пайдалы  болу  үшін 
оқытушы (жаттықтырушы) дене жаттығуларының, 
спорттық машықтанудың оқытып, үйрету әдістері 
мен ерекшелігі бар үлгілерін пайдаланады.
Дене мәдениеті бойынша білім мен біліктілік-
ті табысты меңгеру оқушыларға мына мүмкіндік-
терді береді:
•  басқа  пәндер  бойынша  үлкен  білім  көлемін 
меңгеру;
• дененің бабындағы жақсы жағдайын сүйемел-
деу;
•  алға  қойылған  міндеттерге  сәйкес  сабақ  үл-
герімін арттыру.
Осындай  бейнеде,  білім  беру  жүйесінде  дене 
мәдениеті  басқа  пәндермен  білім  беру  мақсатта-
рын орындауда бірін-бірі толықтырып тығыз бір-
лікте болады.
Оқушылардың дене дамуының білім беру мақ-
саттарына мыналар жатады:
• дене сапаларының ұтымды даму деңгейі;
•  денсаулықты  сақтау  және  нығайту,  ағзаны 
шынықтыру;
• дене құрылысын жетілдіру және ағзаның фи-
зиологиялық қызметтерін үйлесімді дамыту;
•  жалпы  және  кәсіби  жұмыс  қабілеттілігінің 
жоғары деңгейін ұзақ уақыттар сақтау.
Осы мақсаттардың барлығы бір-бірлерімен өза-
ра  байланысты.  Алайда  оқытып,  үйретудің  әрбір 
сатысында алға қойылған мақсаттарды орындауда 
басымдық көрсетуі немесе бірнеше бағытта берілуі 
мүмкін. Осыған сәйкес білім беру міндеттері мен 
оны іске асыру құралдары анықталуы тиіс.
Оқытып,  үйрету  үдерісінде  шешілетін  білім 
беру міндеттеріне мыналар жатады:
• өмірде маңызды және кәсіби қажетті қозғалыс 
біліктілігі мен дағдыларын жекелей қалыптастыру 
және оларды сапалы жетілу дәрежесіне дейін жет-
кізу.
Жалпы педагогикалық міндеттердің көмегімен 
өнегелілік,  идеялық-патриоттық  және  еңбекке 
тәрбиелеу  мәселелері,  сол  сияқты  адамгершілік, 
ерік-жігер,  сезім  күйі  сапалары  мен  эстетикалық 
қажеттіліктер жүзеге асырылады.
Оқушыларды оқытып, үйрету және тәрбиелеу-
дің мақсаттары мен міндеттерін орындаудың басты 
алғы шарттары мыналар болып табылады:
•  жастардың  дене  мәдениетіне  мотиваци-
ялық-құндылық  қатынастарын  алдын  ала  қалып-
тастыру;
• салауатты өмір бейнесін қалыптастыру және 
дене сапаларын жетілдіру;
• дене жаттығуларымен және спортпен жүйелі 
шұғылдануға деген қажеттілік;
• дене мәдениеті негіздерінен білімі  бар және 
жоғары  тәжірибелік  дағдыларын  меңгерген  білім 
беру мекемелерін бітірушілерді даярлау;
•  жұмыс  қабілеттілігін  төмендетпей  оқу  және 
кәсіби  қызмет  барысында  дене  және  психикалық 
қажуға  қарсы  тұра  білу  (төзімділік)  қабілеттерін 
қалыптастыру;
•  өз  бетімен  дене  жаттығуларын  өткізу  және 
жоспарлай білу.
Оқушылардың  жақсы  денсаулығы  мен  дене 

118
Қазақстанның ғылымы мен өмірі – Наука и жизнь Казахстана                                                           
Science and life of Kazakhstan. №3 (38). 2016
мүмкіндігі  жағдайы  дене  мәдениетінен  білім  бе-
рудің  ерекше  және  динамикалық  педагогикалық 
процесінің басты нәтижелерінің бірі ретінде қара-
стырылуы тиіс.
Дене  мәдениеті  -  жеке  тұлғаның  жан-жақты 
үйлестікте  дамуының  маңызды  құралы,  дене  са-
паларын жетілдіру бойынша адамның алға өсуінің 
әлеуметтік қозғаушы күші.
Тәрбиелеу - тәрбиенің мақсаттары мен міндет-
терін шешуге бағытталған тәрбиеші мен тәрбиеле-
нушінің бірлескен қызметі нәтижесінің үдерісі. 
Дене тәрбиесі білім беру процесінің құрамдас 
бөлігі  ретінде  шұғылданушылардың  дене,  өне-
гелілік-психологиялық және адамгершілік сапала-
рын қалыптастыруға мүмкіндік туғызады.
Оқу  сабақтарында,  жаттығуларда  және  спорт-
тық  жарыстарда  студенттерде  оқытушылардың, 
ұжымның  және  белгілі  бір  жағдайлардың  әсер 
етуімен  қажетті  адамгершілік,  ерік-жігер  және 
психологиялық сапалары қалыптасады.
Жаттығуларды  жүйелі  орындап,  студенттер 
өздерінің  дене  және  психологиялық  сапаларын 
жетілдірудің  қажеттілігін  сезінеді.  Оларда  қоғам-
ның  белсенді  мүшесі  ретінде  өз  сеніміне  сәйкес 
ұжымда әрекет ету қажеттілігі пайда болады.
Дене мәдениеті - спорттық шаралар барысында 
студенттер өзара көмектесу және бірін-бірі қорғау 
қалыптасатын ұжымда болады, достық қарым-қа-
тынас нығаяды.
Дене мәдениеті мен спорт патриоттыққа тәрби-
елеудің маңызды құралы болып табылады, яғни өз 
халқына  деген  сүйіспеншілік,  оның  салт-дәртүр-
лерін силау.
Дене мәдениеті - спорттық қызмет дербестікті, 
тапсырылған  іске  жауапкершілікпен  қарау,  жол-
дастарына  көмек  беруге  дайын  болу,  сол  сияқты 
өнегелі,  адал,  жеңіске  деген  жігерлілік  әділет-
сіздікке  және  өтірікке  кешірімсіздік  және  т.б.  қа-
лыптастырады.
Барынша жоғары нәтижеге жету қажет болған 
жағдайда  үлкен  жүктеме  мен  дене  жаттығуларын 
көп  реттік  қайталау  кезінде  ойлау,  жад,  назар, 
ерік-жігер, көңіл-күй және т.б.барлық психикалық 
үдерістер қосылады.
Сабақтарда жаттығуларды, әдістерді және әре-
кеттерді  орындау  олардың  сипаттамасына  сәйкес 
оқытушының  (жаттықтырушының)  тапсырма-
лары  бойынша  және  оның  тікелей  бақылауымен 
нақты,  дәл  жүзеге  асырылады.  Спорттық  этика-
мен  белгіленген  қатынасты  сақтау  студенттердің  
тәртіптілігін,  жеке  беделін    сезінуіне  мүмкіндік 
жасайды
Студенттер жүйелі жаттығу және қарсыласымен 
адал сайыс есебінен белгілі бір нәтижеге жететін 
дене мәдинеті бойынша сабақтар ғана адамдық қа-
нағаттану сезімін әкеледі.  Әдетте оқу топтары өз 
құрамы  бойынша  көп  ұлтты.  Дене  мәдинеті  бой-
ынша  сабақ  оқытушының  (жаттықтырушының) 
басшылығымен  студенттердің  арасында  достық 
қарым-қатыныс,  өзара  көмектесу  сезімі,  сыйла-
стық  және  өзара  тілектестік  қалыптасатыңдай 
бейнеде  өткізілгені  дұрыс.  Тәжірибелі  оқытушы 
студенттің жеке тұлғасының қандай да бір сапала-
рын  қалыптастырудың дербес сипатта болатынын 
біледі.  Әрбір  үйренуші,  қиындықтармен  кезде-
скенде әртүрлі әсерде болады. Сондықтан дене мә-
динеті  бойынша  тәрбие  жұмыстарында  оқытушы 
(жаттықтырушы) әрбір студентті дайындау кезінде 
оның жалпы және дене дамуына жағдай туғызатын 
адамгершілік,  ерік  –  жігер  және  психологиялық 
сапаларын  барынша  жоғары  дәрежеде    қалыпта-
стыруға  мүмкіндік  туғызатын  жаттығуды  немесе 
спорт түрін пайдалануға талаптанады.
Тәрбие жұмысына диференциялды тәсіл қажет. 
Алайда қажетті адамгершілік, ерік-жігер сапалары 
оқытушының да, үйренушінің де тек сапалы және 
мақсаты бағытта қатысуы кезінде ғана қалыптаса-
ды.  Педагогикалық  үдерісте  дене  жүктемелерін, 
дене жаттығуларының түрлері мен әдістерін ірік-
теуді  жүзеге  асыру  маңызды,  яғни  оларды  өткізу 
әдістемесіне  үйренушілердің  қызығушылығын 
туындату,  осындай бейнеде оның қәбілеттері мен 
мүмкіндіктеріне  сәйкес  дене  мәдениетін  меңгеру 
дағдыларын  қалыптастыру.  Тәжірибелі  оқытушы 
(жаттықтырушы)  әртүрлі  спорт  түрлерінен  үйре-
нуші жеке тұлғалардың қайсы бір сапаларын  да-
мытуда  қандай мүмкіндіктері  болатынын туралы 
мағлұматы  болады. 
Батылдық  және  шешімшілдік,  табандылық 
және  қажырлылық,  бастамашылдық  және  тапқы-
рлық, ұстамдылық және өзін-өзі меңгере білу си-
яқты сапалар  жеңіл атлетика,   суға жүзу, шаңғы 
жарысы  және  т.б.  спорт  түрлерінен  сабақ  өткізу 
кезінде  шұғылданушыларда қалыптасады.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
1. Әбділлаев Ә.К. Дене мәдениетінің ілімі және әдістемесі Түркістан. «Тұран» баспаханасы.2007 ж.
2.Ахмедзянов М. Н. Физическое воспитание учащихся в деятельно¬сти начинающего педагога: учебное пособие. 
Челябинск. 1997.Баранов В. А.,
3. Венглинский Г. П., Столяр К. Э. Теория и практика физической культуры в вузе. М., 2004.
4. Барчуков И. С. Физическая культура: учеб. пос. для студентов высших учебных заведений. М.: ЮНИТИ, 2003.
5. Боген М. М. Физическое совершенство как основное понятие теории физической культуры // Теория 
и практи-
ка физической культуры. 1997. № 5.

119
Қазақстанның ғылымы мен өмірі – Наука и жизнь Казахстана                                                           
Science and life of Kazakhstan. №3 (38). 2016
ӘОЖ: 796.07

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   50




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет