Халықаралық көші-қонның тарихы
1. Ерте кезеңдегі көші-қон. «Халықтардың ұлы қоныс аударуы».
2. Америка ашылғанна кейінгі көші-қон.
3. Бірінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі көші-қон.
4. Екінші дүниежүзілік соғыс кезеңіндегі және кейінгі көші-қон .
5. КСРО ыдырағаннан кейінгі эмиграция толқындары
Жоғарыда көрсетілген тақырыптар бойынша жазбаша баяндама әзірлеу
Ғұндардың қазақ жеріне алғаш қоныс аударуы. Этникалық құрамы жағынан әр текті көшпелі тайпалардың Орталық Азиядан Қазақстан аумағы арқылы батысқа қарай жылжуы тарихта – «Халықтардың ұлы қоныс аударуы» деп аталады. Б.з.б. 55 жылы ғұн мемлекеті өзара ішкі тартыстар мен сыртқы қысымдардың әсерінен күйреуге ұшырап, оңтүстік және солтүстік ғұндар мемлекеті болып екіге бөлінеді. Мемлекеттің оңтүстік бөлігін Хуанхэ шаньюй, ал солтүстік бөлігін оның інісі Чжи-Чжи басқарды. Солтүстік ғұндардың ордасы Монғолияның солтүстік-батысындағы Қырғыз-Нұр көлінің маңына орналасады. Осы жерден олар үйсін тайпаларына және Қытайға жорықтар ұйымдастырды. Солтүстік пен оңтүстік ғұн мемлекеттері арасында жер мен билік үшін өзара қырқыс басталды. Уақыт өте келе оңтүстік ғұндар Хань империясына бағынды. Ал, солтүстіктегі ғұндар Хань империясы мен оңтүстіктегі ағайындары жиі-жиі шабуыл жасап мазасын алған соң тәуелсіздігін сақтап қалу мақсатында Солтүстік Монғолия және Шығыс Түркістанға қарай қоныс аудара бастады. Бұл ғұндардың Қазақстан мен Орта Азия аумағына қоныс аударуының алғашқы толқыны еді. Ғұндардың Қазақстан жеріне қоныстануына байланысты Шығыс Иран тайпаларының, қаңлылардың түркіленуі басталады.
Достарыңызбен бөлісу: |