Халқымыздың Әдеби мұраларын зерттеу мен пайдалану жайында



бет1/2
Дата15.03.2023
өлшемі21,11 Kb.
#74470
  1   2
Байланысты:
Алмасханқызы Арайлым - С.Бәйішев. Конференция.


С.БӘЙІШЕВ


Қазақ ССР Ғылым академиясының вице-президенті


ХАЛҚЫМЫЗДЫҢ ӘДЕБИ МҰРАЛАРЫН ЗЕРТТЕУ МЕН ПАЙДАЛАНУ ЖАЙЫНДА


(Кіріспе сөз)

Адамзат дамуының, адамзат прогресінің, жалпы адамзат мәдениетінің аса зор табыстары мен жемістерінің бір үлкен саласы – көркем әдебиет.


Әдебиетті жасаған адам – халықтың өзі. Әдебиет ежелден бері фольклор түрінде де, жазба түрінде де, ал қазіргі заманда сан жағынан да, сапа жағынан да бай жанрлары түрінде де адам жанының арқауы, рухани азығы ретінде қызмет етіп келеді.
Жалпы алғанда, адамзат өмірінде, жекелеп алғанда, прогресшіл адамзаттың алдыңғы қатарлы алғашқы тобы Совет Одағы бастаған социалистік елдер түскен жаңа жолдың, жаңа өмірдің жағдайында, біздің елімізде өрістеген коммунисттік құрылыс жағдайында әдебиеттің жаңа алып міндеттерін, алытн орнын жақында ғана болып өткен партияның кезектен тыс XXI съезі, III съезі жаңа талаптар, жаңа тілектер тұрғысынан талдап берді.
Көркем әдебиеттің теориясы мен тарихына байланысты басты проблемаларды қарастырып, олар жөніндегі пікірлерімізді ортаға салуымыз керек. Атап айтқанда: әдебиет тарихын жасауда әлі көлеңкеде, қаға берісте қалып келе жатқан қандай мәселелер бар, әдеби мұраларды зерттеп, сын көзімен қарап пайдалануды жетістіктеріміз бен кемшіліктеріміз қандай, әдебиетттің шын мәнісінде кемеліне келіп қалыптасқан дәуірі –совет дәуірі кезіндегі күрделі мәселелеріне көңіл бөлуіміз жеткілікті ме, оның толып жатқан теориялық проблемаларын –социалистік реализм мәселелерін, заманымыз адамдарының тұлғаларын жасау, өмірді дқрыс көрсете білу жақтарын ашуда әдебиет зерттеушілерінің алдында қандай күрделі міндеттер тұр деген мәселелерге көңіл бөлуіміз тиіс тәрізді.

Шешілуге тиісті міндеттердің бастылары:



  • Әдебиеттің теориялық мәселелерін қарастыру;

  • Қазақ совет әдебиетінің мәселелерін зерттеу;

  • Идеологиялық бұрмалаушылықтармен күрес жүргізу;

Қазақ совет әдебиетінің әралуан проблемаларымен айналысудан артық, оның сан өкілдерінің шығармаларын зерттеп, өзіне лайық бағасын беруден арты, қазақ совет әдебиетінің коммунистік құрылыста атқарып жүрген рөлі мен маңызын ашудан артық, осы мәселелер жөнінде халыққа, ғылымға керек кесек-кесек еңбек жазудан артық қандай қасиетті міндет, қандай қасиетті борыш болмақ.


Халқымыз тарихында, өмірінде болған жақсы, пйадалы, керекті нәрсенің бәрін зерттеу, сын көзімен пайдалану, халықтың керегіне жұмсау жөнінде біхдің еліміздегідей жұмыс ешбір елде істелген емес. Мұны біз мысалмен де дәлелдей аламыз. Соңғы бір-екі жылдың ішінде қазақ ауыз әдебиетінің үлгілері –эпостар екі рет басылды, қазақ ағартушыларының шығармалары да бірнеше рет басылып шықты. Қазақ қоғамының тарихында тек бұлдыр ғана із қалдырған

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет