Хан билiгiн жоюдың себептерi мен алғышарттары



бет1/3
Дата07.09.2023
өлшемі28,53 Kb.
#106435
  1   2   3

XVIII ғасыр мен XIX ғасырдың бірінші жартысындағы Қазақстан

  1. Хан билiгiн жоюдың себептерi мен алғышарттары. ХIХ ғасырдың жиырмасыншы жылдарына қарай патша үкiметi Қазақстандағы хан билiгiн жоятын уақыт жеттi деген қорытынды жасады. Бұған салмақты негiздер де, қажеттi бiрқатар алғышарттар да жеткiлiктi деп санады. Бiрiншiден, қазақ хандары дала тұрғындарының басым көпшiлiгiнiң алдында өздерiнiң беделiнен айырылып қалды. Жергiлiктi халық патша үкiметi тағайындаған хандарды көбiнесе Ресей империясының кәдiмгi көп шенеунiктерiнiң бiрi ғана деп қабылдады.

Екiншiден, бұл кезде патша үкiметi Кiшi жүздi де, Орта жүздi де бiрнеше әкiмшiлiкке бөлшектеген едi. Мұның өзi патша үкiметiнiң көшпелi қазақтарды басқаруына өте қолайлы болып шықты. Сөйтiп, Орта жүз бiрi – Ертiстiң оң жағалауы, екiншiсi – Ертiстiң сол жағалауы болып екiге жарылды. 1801 жылы Жайықтың оң жағалауында Кiшi жүзден бөлiнген Iшкi Орда құрыл- ғанын айттық. Бiр кездегi бiртұтас жүздердiң арасын- да ендiгi жерде ешқандай да еркiн байланыс жасау мүмкiндiгi қалмады, өйткенi ондай қарым-қатынас жасауға қатаң тыйым салынды.
Үшiншiден, ХIХ ғасырдың бас кезiнде Шыңғыс ұрпақтарының бір- қатары патша үкiметiнiң әкiмшiлiгiне белсендi қарсылық бiлдiрген оқиғалары көбейiп кеттi. Ал ақыр соңында, патша үкiметi Франциямен соғыс аяқталғаннан кейiн жеткiлiктi әскер күшi мен адам ресурстарына ие болды. Мұның өзi оның тәуелсiз қазақтардың заңды билiгiн – хан билiгiн бiржола жоюға итермеледi. Өйткенi хан билiгiнiң сақталуы патша үкiметiнiң өлкенi шаруашылық тұрғысынан кең көлемде отарлауына кедергi кел- тiрген едi.

  1. 1822 жылғы «Сiбiр қырғыздары (қазақтары) туралы Жарғы» және Орта жүзде хандық билiктiң жойылуы. Орта жүзде Бөкей хан мен Уәли хан қайтыс болғаннан кейiн патша үкiметi жаңадан хан тағайындап жатуды қажет деп таппады. 1822 жылы Батыс Сiбiр генерал-губернаторы М.М. Сперанский жасаған және Ресей императоры I Александрдiң жарлығымен бекiтiлген «Сiбiр қырғыздары (қазақта- ры. – авт.) туралы Жарғы» күшiне ендi.

Қазақстандағы жаңа реформаның ең басты мақсаттарының бiрi Орта жүздегi хан билiгiн бiржола жою болатын. «Жарғы» өзiнiң мазмұны мен мақсаты жағынан Қазақстанның солтүстiк- шығыс аймақтарын iс жүзiнде Ресей империясына қосып алып отарлауға бағытталған болатын. Сөйтiп, әкiмшiлiк, сот және аумақтық басқару жүйесi түбiрiмен өзгертiлдi.Орыс ғалымы Н. Коншиннiң айтуынша, «Сiбiр әкiмшiлiгi орталық үкiметтiң нұсқауымен Дала өлкесiне қазақтарды жаңа құрылымды қабылдауға көндiру үшiн арнайы агенттер жiбере бастады».



  1. Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет