Хаттама №1 Тайтөбе орта мектебінің 7«Ә» сыныбында өткізілген жалпы ата-аналар жиналысының хаттамасы. Жалпы ата-аналар саны



бет1/3
Дата02.06.2023
өлшемі26,32 Kb.
#97861
  1   2   3

Хаттама №1
Тайтөбе орта мектебінің 7«Ә» сыныбында өткізілген жалпы ата-аналар жиналысының хаттамасы.


Жалпы ата-аналар саны – 20
Қатысқаны – 6
Қатыспағаны – 16
Себептісі – 5
І.Ұйымдасыру.
Қаралған мәселелер:
1-мәселе: Баяндама . Баланың басты ұстазы ата –ана.
2-мәселе: Ата-аналар комитетін сайлау.
3- мәселе: Мектеп формасы
4- - мәселе: Ағымдағы мәселер

  1. Баяндама « Баланың басты ұстазы ата –ана» .

Адамзаттың өмірдегі ең қымбаттысы, көз қуанышы – бала. Бала – дербес тұлға. Оның бойындағы табиғи қасиеттер, адамгершілік құндылықтары отбасында, мектепте, әлеуметтік ортада нәрленеді. Баланың бас ұстазы – ата – анасы. Тәрбие үрдісінің бір тарауы отбасымен жұмыс десек, отбасынан басталатын тәрбие мектеп өмірінен жалғасын табады. Қазақтың отбасында өмірге келген әр бала ес біліп, етек жыйғанша, негізінен әке мен ананың тәрбиесінде болады. Бүгінгі мақсат - әрбір бала түбегейлі біліммен мәдениеттің негіздерін білу және олардың жан - жақты дамуына ата - ана, мектеп жағдай жасауы керек.
Сондықтан сіздерге балаларыңыздың мектептен барлық мүмкіндіктерді пайдаланып білім алу мен тәрбие жұмыстарына қатыстырып өзін - өзі басқаратын азамат болуына ат салысу қажет.
Бала тәрбиесі отбасынан басталады. Мектепке келгеннен кейін ол мінез отбасында қалыптасқан тәрбие одан әрі жалғасады. Бір тәуліктің яғни 24 сағаттың 6 сағаты мектепте, қалғаны тәрбие ортасы, үнемі ата - ана болып қала береді. Баланың сабаққа саналы қарап озат оқушы болып өсуі, ол мұғалім мен ата - ананың бірігіп өсірген жеміс ағашы, немесе ұшқыр ұшақ жасаумен тең десем артық емес. Дұрыс өспеген жеміс ағашы, дұрыс жеміс бермесе қуануға бола ма?
Топтық тапсырма:
1-топ: Жеке тұлға деген кім?
2- топ: Жеке тұлға қалыптастыруда мұғалімнің рөлі қандай?
3- топ. Жеке тұлға қалыптастыруда ата-ананың рөлі қандай?
деген сұрақтарға ой бөлісіп, постер құрастырады. Тұжырымды ойларын ортаға салады.
Ендеше психологиялық - педагогикалық тұрғыдан берілетін төмендегі кеңеске құлақ түріңіз:
1. Таңертең (не түсте) сабаққа барарында баланы жайлап қана оятыңыз. Сіздің биязы үніңіз бен күлкіңіз - ақ ұйқысын ашуы тиіс. Кешегі бір теріс қылықтарын айтып, басқа түкке тұрмайтын нәрсеге жүйкесін жұқартпаңыз. Тамағын ішпей жатып ұрыс - керіс ұйымдастырмаңыз.
2. Егер балаңыз сабақтан кешігетіндей болып жатса, онда «Бол да болдың!» астына алып айғайламаңыз. Оны ертерек оятпаған өзіңіз кінәлісіз.
3. Баланы сабаққа (әсіресе таңертен) ашқұрсақ жібермеңіз;
4. «Бұзық болма!», «Қисалаңдамай тыныш жүр!», «Бүгін 2 алсаң құртамын!» деген ескертулерді жиі айта бермеңіз. Керісінше, оған жылу сыйлап, жақсы баға алып келуіне тілектестік білдіріңіз;
5. Есіктен кірмей жатып, «Бүгін қандай баға алдың?» деп бас салып балыңызды сұрақтың астына алмаңыз. Мектептен келген балаңызды көңілді қарсы алыңыз, оның сабақтан шаршап келгенін ескеріңіз. Егер бала әлденеге ренжіп келсе, бірдеңені айтпақшы болса, «сені тындауға уақытым жоқ» демей, арнайы көңіл бөліп, мұқият тыңдаңыз;
6. Бала бірдеңеге ашуланып жүрсе, үндемеңіз. Сабасына түскен соң, ол болған жайды өзі - ақ айтады;
7. Баланың бір қылығы үшін мұғалім сізді шақыртып алса, өзара әңгімеге баланы қатыстырмаңыз;


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет