2-мәселе: Ата-аналар комитетін сайлау.
3- мәселе: Мектеп формасы
4- - мәселе: Ағымдағы мәселер
Сабақтан себепсіз қалмау,қалған жағдайда анықтама әкелу
Дене шынықтыру киімін өздерімен алып келу
Мектеп мүлкін бүлдірмеу.
Оқу -құралдарын таза ұстау .
Қауіпсіздік шарасы бойынша ата –ана тарапын жауапкершіліктерімен таныстыру
Қаулысы:
«Баланың басты ұстазы ата –ана» атты баяндама тыңдалды.
Ата-аналар комитеті төмендегі құрамда сайланды.
Басшысы: Кожангалиева Арайлым Сериковна
Көмекшілері: Галина Айгерим Еркінбаевна, Насырова Макпал Сламбековна
Мектеп формасы мектеп ережесіне сай болады, форма міндетті түрде киеді, жоғары жағы ақ түсті, төменгі жағы қара көк.
Ағымдағы мәселелер бойынша ата-аналар тарапынан қарсылықтар болған жоқ.
Бүгінгі көтерілген мәселелер бойынша бірауыздан қабылданып ,барлығы тарапынан ризашылық білдірілді.
Ұсыныс: оқушылар отыратын парталар оқушылардың жастарына сай болу керек. Сондықтан соны ескере отырып оқушылардың парталарын, орындықтарын ауыстыру керек.
Хатшы : Насырова Макпал
Ата-аналар жиналысының хаттамасы №2
2016-2017 оқу жылының _2016жылдың_14 қараша күні, 2 «б» сыныбында ата-аналар жиналысы өтті.
Жиналысқа қатысуға тиісті: 26...
Қатысқаны – 20
Қатыспағаны – 6
Себептісі – 6
Сынып жетекшісі: Есжан А.М
Тақырыбы: І- тоқсан білім көрсеткіштері
Мақсаты:1. Ата - ананың өмірге деген көзқарасын өзгерту.
2. Ата - аналарды балаларға жауапкершілікпен қарауға шақыру.
3. Баланың бүгінгі істеген қадамы ертеңгі тұлға ретінде қалыптасуына үлкен әсер ететінін атап өту.
Міндеті:
1. Балаларды адамгершілікке тәрбиелеудегі ата - ананың жауапкершілігі.
2. Мектепте ата - ананың оқу - тәрбие саласындағы рөлі.
3. Алдағы уақытта оқушыларды тәрбиелеуде мұғалім мен ата - ананың бірігіп жұмыс жасауы.
Әдіс - тәсілдер: Пікірлесу, сұрақ – жауап
Күн тәртібінде:
1.Баяндама « Құқық бұзушылықтың алдын алу»
2.Екінші оқу тоқсанының қорытындысы
3. Ағылшын тілі пәні оқулығы мен тапсырмалар деңгейі
Магамбетова Дина ,
Жиналыс барысы
1. Кіріспе:
2. Жиналыс мақсатын айту
Кіріспе сөз. Мұғалім:
Ардақты ата - аналар! Жел бесіктен, жер бесікке дейінгі адам өміріндегі тәрбиенің ұйытқысы ата - ана мен мектеп. Болашақ десек те, келешек десе де бала - ұрпақ деген мағынаны білдіреді.
Адамның өзге тіршілік иесінен айырмашылығы – дүниеге перзент әкелген соң, оның болашағын ойлау, адам етіп тәрбиелеу.
Бала тәрбиесі – бір отбасының ғана емес, бүкіл қоғамның мемлекеттік абыройлы міндеті. Кезінде Әл Фараби бабамыз «Ғылым емес, ең алдымен тәрбиеге көңіл бөлу керек, тәрбиесіз адамға ғылым баянды болмайды» - демеп пе еді. Осыған орай бүкіл ата - ана тәрбиеге бет бұруы керек. Ұрпақ тәрбиесіне мүдделі екендігін ата - аналар іс - жүзінде дәлелдеп отырулары тиіс. Міне осындай ынтымақ бірлігінде ғана ойдағыдай нәтиже берері ақиқат.
3. Қызығушылығын ояту.
Ата - аналар бір біріне жүрекше сыйлау арқылы ыстық лебізін білдіреді.
4. Баяндама. «Құқық бұзушылықтың алдын алу»
Құрметті ата - аналар ұлтымыздың қанындағы ізеттілік – дөрекілікке, қайырымдылық - қатыгездікке, жомарттық - тоғышарлыққа, адалдық - арамдыққа, парасаттылық - парықсыздыққа ауыспасын деген үлкен үміт тұр.
Өмірдің өтпелі қиын кезеңінде ұл - қыздарымыздың саналы тәрбие мен нақты білім алуларына күш салайық. Балаға жауапкершілікпен қарап, оқыту мен адамгершілікке тәрбиелеуде отбасының басым рөлін мойындап, бірлесе, ынтымақтаса әрекет етуіміз қажет деп ойлаймын
2-мәселе бойынша екінші оқу тоқсанының қорытындысы
бірінші оқу тоқсанының қорытындысы бойынша сапа 72%
Достарыңызбен бөлісу: |