Хаттама М. Ломономов атындағы №5 орта мектеп-лицейінің психологиялық қызметіндегі «Зиянды әдеттерден аулақ бол!» тақырыбында 5-11 сынып оқушыларына арналған жиналыс Мақсаты



Дата07.01.2022
өлшемі1,14 Mb.
#18121
түріСеминар

Хаттама
М.Ломономов атындағы №5 орта мектеп-лицейінің психологиялық қызметіндегі «Зиянды әдеттерден аулақ бол!» тақырыбында 5-11 сынып оқушыларына арналған жиналыс

Мақсаты: оқушылар арасындағы зиянды әдеттердің таралуының алдын-алу және адам ағзасына, психологиясына зияндылығы жайлы ақпарат беріп өту.

Іс-шараның өткізілетін мерзімі: 03.03.2021 ж.

Ұйымдастыру түрі: Семинар-дәріс

Объектісі: 5-11 сынып оқушылары

Қатысушылар саны: 91

Материалдар мен жабдықтар:

• Мультимедиялық қондырғы. ZOOM платформасы

• «Зиянды әдеттердің психологияға әсері» презентациясы

• Оқушыларға арналған буклеттер


Жиналыс барысы: Мектеп психологтары Жексен А.Е, Науканова А.Е бүгінгі жиналыстың тақырыбы мен мақсаты жайлы, зиянды әдеттер туралы толық ақпарат айтылатындығы жайлы атап өтті. Қазіргі қоғамымызда салауатты өмір салтына деген саналы көзқарас темекі шегу, спирттік ішімдікке салынудың, есірткі қолданудың көбеюіне себепкер болып отыр. Спирттік ішімдіктердің, есірткі мен темекінің адам өміріне зиянды екені белгілі.

Денсаулығы әлсіз, білімі төмен, зиянды әдеттерге әуес, жалқау, тәрбиесіз жастары бар ел қашанда әлсіз, қорғансыз. Жастар болашақ, ертеңгі қоғамның, қала берді отбасының иелері. Сондықтан оларды салауатты өмір салтына тәрбиелеу, олардың осы дәстүрді дәріптеуші болып қалыптасуына бағыт беру қажеттігі білім беру мекемелерінің соның ішінде орта мектептің алдында тұрған педагогикалық проблемалардың бірі. Еліміздегі оқу-тәрбие жұмысына байланысты болып жатқан жаңартулар білім мен тәрбие жұмысын қайта қарауды міндеттейді. Тәрбие –қоғамдық үрдіс, қоғам мен жеке тұлғаның арақатынасын қамтамасыз ететін басты жүйе. Оның негізгі өлшемі өмірге қажетті тұлғаның жағымды қасиеттерін дамыту болып табылады. Оқушылардың саналы тәртібі мен байыпты мінезін қалыптастыру, оған сәйкес сезімін және сенімін тәрбиелеу тәрбиешінің мақсатқа бағытталған іс-әрекетіне байланысты.

Жастар зиянды әдеттердің өсіп келе жатқан организмге мынадай зияндары бар екендігін білулері керек.Олар:

-Ішімдік -ересек адамдарға қарағанда өсіп келе жатқан жас организм үшін қауіпті.

-Әсіресе,ол болашақ аналар үшін қауіпті.

-Ішімдік пен спорт бір-біріне қарсы ұғымдар.

-Ішімдік-жұмыссыздықтың,өзін-өзі басқара

алмайтындардың,мәдениеті төмен адамдардың жолдасы.

-Ішімдік тіпті өте аз мөлшерде қабылдағанның өзінде де паталогиялық мастану жағдайына әкеледі.

Бұл кезде адам өз әрекеттерін бақылай алмайды және айнадағыларды себепсіз балағаттауы,ренжітуі,тіпті қылмыс жасауы мүмкін.

-Ішімдік-құқық тәртібін бұзуға және түрлі қылмыстарға апаратын тура жол.

-Ішімдік тәуелділікпен оған зиянды әуестенуді тудырады,ол кейін аса қауіпті ауру-алкоголизмге жалғасады.



Сондықтан да кез келген «ішейік»деген сөз қалай айтылсада,қайда айтылсада,бір рет,соңғы рет «жоқ»деп айта білу қажет.
Болашақ еліміздің намысын қорғайтын жастарымызды осындай шылым шегу, арақ ішу, нашақорлық сияқты зиянды әдеттерден бойын аулақ салуы үшін қосымша мәліметтермен хабардар етіп, келешегімізді қолға алайық!
Қорытындылай келе, жиналыста оқушылардың тақырыпқа байланысты барлық сұрақтарына толығымен жауап беріліп, жадынамалар таратылды.




Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет