Хх ғ. ІІ жарт мәдени өмірдегі қайшылықтардың тереңдей түсуі. Ғылым саласындағы жетістіктер мен қайшылықтар



Pdf көрінісі
бет1/3
Дата21.12.2023
өлшемі461,39 Kb.
#141993
  1   2   3


ХХ
 
Ғ

ІІ
 
ЖАРТ

МӘДЕНИ
 
ӨМІРДЕГІ
ҚАЙШЫЛЫҚТАРДЫҢ
 
ТЕРЕҢДЕЙ
ТҮСУІ

ҒЫЛЫМ
 
САЛАСЫНДАҒЫ
ЖЕТІСТІКТЕР
 
МЕН
 
ҚАЙШЫЛЫҚТАР


1950 жылдардың соңында және 60 жылдардың бас кезінде демократиялық үрдістердің
аздап көрініс беруі мәдениеттің ахуалын жағымды жаққа қарай өзгерте алмады.
Демократияландыру элементтері қылаң бергенмен, бірақ мұны қоғам дамуының жүйесі,
орнықты демократиялық үрдіс деп әлі тануға болмайтын еді. 
Интеллигенцияны қудалау 1953 жылдың наурызындағы елдегі саяси өзгерістерден және
Қазақстан басшылығы 1954 жылы ақпанда ауысқаннан кейін барып тоқтатылды. 
1950-60 жылдарда


Үкімет басшылары түрлі желеулермен
заңдылықтарды өрескел бұзып, мемлекеттік
билікті теріс қолданып жатты. Оған өзгеше
ойлайтын адамдарды қудалауға жаңа науқан
ашқан БКП (б) Орталық Комитетінің 1946 жылдың
14 тамыздағы “Звезда” және “Ленинград”
журналдары туралы қаулысы бұл құбылыстың
нақты дәлелі бола алады. Қазақстан партия
комитеттері өз жұмысын аталмыш қаулының
аясында жүргізді. Москва мен Ленинградта
“Лениградтық іс”, “Дәрігерлер ісі” жүргізіліп
жатқанда Қазақстанда талантты тарихшы
“Бекмахановтың ісі” ұйымдастырылды
Мәдени өмір
қайшылықтары


Е.Бекмаханов ісі
Е.Бекмаханов соғыс жылдары А.П.Кучкин, А.М. Панкратова, Б.Д. Греков, Н.М. Дружинин және
тағы басқа кеңес тарихшыларымен бірлесіп Қазақ КСР тарихын даярлаған болатын. Кітап 1943
жылы баспадан жарық көрді. Алғашқыда еңбек жоғары бағаланғанына қарамастан, көп ұзамай
сынға алынып, әсіресе, кітаптағы ұлт-азаттық көтерілістерге берілген баға қызу айтыс тудырды.
Е.Бекмахановтың 1947 жылы жарық көрген “Қазақстан XІX ғасырдың 20-40 жылдарында” деген
көлемді еңбегі де сынға ұшырады. 1950 жылы “Правда” газетіндегі “Қазақстан тарихының
мәселелерін маркстік-лениндік тұрғыдан жазу үшін” деген мақалада Е.Бекмаханов еңбегі
айыпталды. 1951 жылы 10 сәуірде Қазақстан Компартиясының Орталық Комитеті “Правда”
газетіндегі мақала бойынша қаулы қабылдап, “Бекмахановтың буржуазиялық-ұлтшылдық
көзқарасын айыптады”. Қаулыны жүзеге асыру барысында тарих ғылымдарының докторы
Е.Бекмаханов Ғылым академиясындағы қызметінен босатылып, барлық ғылыми атақтарынан
айырылып, 1952 жылы 4-желтоқсанда 25 жылға сотталды. 


Тарихта “жылымық” деп аталып жүрген 1954-1964 жылдары біршама басшылықтың ұжымдық принциптері енгізіліп, әміршіл-
әкімшіл басқару жүйесі босаңси бастады. Қоғамдағы кеңес және қоғамдық ұйымдардың рөлі біршама өсті. Қоғамдық өмірді
демократияландыруға бағытталған бұл шаралар біршама ой еркіндігін тұғызды. Нәтижесінде мыңдаған кінәсіз сотталған
адамдар лагерлерден босатылып, партияның кейбір көрнекті қайраткерлері ақталды. 1930-1950 жылдары істі болған
зиялылардың істері қайта қаралып, 1953-1956 жылдары партия қатарынан шығарылған 5456 адам, Ұлы Отан соғысы
жылдары жау басып алған территорияларда қалғандары үшін жазаланған 243 коммунист ақталды


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет