«Химия» пәнінен 1-тоқсанға арналған жиынтық бағалаудың тапсырмалары 11сынып 1.Бензол ароматты көмірсутектердің қарапайым өкілі. (a) Не себептен бензолға қосып алу реакциясы тән емес? (b) Бензол мен оның гомологтарының химиялық қасиетін көрсететін кестеде реагенттер мен өнімдер арасындағы сәйкестікті орындаңыз.
[3] 2. Төмендегі кестеде альдегидтер мен кетондардың қасиеттері көрсетілген. Реагенттер мен өнімдер арасындағы сәйкестікті көрсетіңіз
№
Реагент
Өнім
1
C2H5COH + [Ag(NH3)2]NO3
А
CH3CHOHCH3
2
CH3COCH3 + H2
В
C3H7OH
3
C2H5COH+H2
С
C2H5COOH
4
CH3COH
Д
CH3COOH
[4]
3.Мыны өзгерістерді жүзеге асыр: А)Метан—ацетилен---сірке альдегиді---этил спирті-----бромэтил-----этилен----этил спирті-----сірке альдегиді-----сірке қышқылы-----натрий ацетаты. В) метан---метаналь----метанол---хлорметил----этан----этил спирті---сірке қышқылы ---метан.
[4] 4. Адам өмірі үшін майлар маңызды органикалық қосылыстар. Майлар үш атомды спирт глицерин мен жоғарғы май қышқылдарының күрделі эфирлері. (a) Майлар құрамындағы карбон қышқылдарының құрылымына байланысты сұйық және қатты май болып бөлінеді. Сұйық майдың құрамында ____________________________________________ карбон қышқылдары, ал қатты майдың құрамында _________________________________________ карбон қышқылдары болады. [2] (b) Қатты майлардың маңызы өнеркәсіпте сабын алу үшін қажет. Майларды сілті қатысында қыздырғанда сабын алынады. Мұны «сабындану реакциясы» деп атайды. Тристеараттың «сабындану реакциясын» жазыңыз. СН2-О-ОС-С17Н35 │
СН -О-ОС-С17Н35 │
СН2-О-ОС-С17Н35 тристеарат
[2] (c) Қатты май алу үшін сұйық майды гидрлейді. Алынған майды ары қарай сабын дайындауда т.б. қолданылады. Триолеаттың гидрлену реакция теңдеуін жазыңыз. СН2-О-ОС-С17Н33 │
СН -О-ОС-С17Н33 │
СН2-О-ОС-С17Н33 Триолеат [2]
5. 12 г сірке қышқылы мен 9,6г метанол әрекеттескенде алынған эфирдің массасын анықтаңдар. А)Сірке қышқылы мен метанол арасындағы реакцияны жазыңыз--------------------------------------------------
[2]
В)Түзілген күрделі эфирдің атауын беріңіз------------------------------------------------------------------------ [1]
С)Есептің шығарылу жолын жазыңыз---------------------------------------------------------------------- [ 3] 6.Құрамы W( C) =54655% , W(H)=9,09% , W(O)=36,36% ,ал сутек бойынша тығыздығы 22 болатын альдгид оңай тотықсыздандырып қышқыл түзеді.Альдегидтің формуласын анықтаңыз. А)Альдегидтің құрылымдық формуласын жазыңыз---------------------------------------------------------------[ 1] В) «Күміс –айна»реакциясын қолданып , альдегидтің тотығу реакция теңдеуін жазыңыз-------------------------
[ 2] С)Түзілген қышқылдың құрылымдық формуласын жазыңыз----------------------------------------------------------------
[ 1]
Д)Есептің шығарылу жолын жазыңыз-------------------------------------------------------------------------------------[ 3]