4 тақырып. Массивтерді қолданып программалау



бет1/3
Дата19.10.2023
өлшемі131 Kb.
#119244
түріПрограмма
  1   2   3
Байланысты:
4-Зерт.жумыс 2011


4 - ТАҚЫРЫП. МАССИВТЕРДІ ҚОЛДАНЫП ПРОГРАММАЛАУ


Зертханалық жұмыстың мақсаты: TStringGrid компоненттерінің (құраушысының) қасиеттерін оқып зерттеу. Массивтерді қолданып программа жазу.


4.1. Массивтермен жұмыс жүргізу


Массив – бір атаудың астына біріктірілген бір типтес элементтердің реттелген жиыны. Массивтің әр элементі, әрқайсысы квадрат жақшаларда тұратын, соңынан бір немесе бірнеше индекстер келетін атаумен белгіленеді, мысалы: a[1], bb[I], c12[I][j*2], q[1][1][I*j-1]. Индекс ретінде кез келген реттік түрді қолдануға болады. С++ -те массивтің индекстері барлық уақытта нөлден басталады.


Массивтерді сипаттау мысалдары:


const Nmax=10; // Индекстің максималь мәніне тапсырыс беру;
typedef double mas1 [Nmax]; // Бір өлшемді массив түрінің сипаттамасы;
typedef double mas2[Nmax][Nmax]; // Екі өлшемді массив түрінің
сипаттамасы;
mas1 A; //B - mas 1түріндегі массив;
mas2 B; //A - mas2 түріндегі;
int Ss[10]; // Ss – он бүтін саннан тұратын массив;
char Y[5][10]; //Yсимволдық түрдегі екі өлшемді массив.

Массивтердің элементтерін қарапайым айнымалылар ретінде де қолдануға болады, мысалы:


F=2*A[3]+A[Ss[I]+1]*3;
A[n]=1+sqrt(fabs(A[n-1]));.


4.2. TStringGrid компонеті (құраушысы)

Массивтермен жұмыс жасау кезінде экранға ақпаратты енгізуді және шығаруды кесте түрінде жүргізген өте ыңғайлы. TStringGrid компоненті әрбір қатары бірқатарлы редакторлық терезені бейнелей алатын екі өлшемді кесте түріндегі ақпаратты көрсету үшін тағайындалған (TEdit терезесіне ұқсас). Ақпаратқа ену Cells [ACol, ARow: Integer]:string қасиеттерінің көмегімен іске асырылады, мұнда ACol, Arow – екіөлшемді массив элементтерінің индексі(ACol – бағана нөмірі, ARow – қатар нөмірі).




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет